Тыныс алу мүшелерінің ауруларына


Бронхиттің түрлері:Балаларда бронхиттің үш түрі бар



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі179,49 Kb.
#126012
1   2   3   4
Байланысты:
Жаңаберген .Ж.С 203:11(терапия,неврология)

Бронхиттің түрлері:Балаларда бронхиттің үш түрі бар: жіті қарапайым, жіті обструктивті және жіті бронхиолит (нәрестелер мен кеуде балаларында пайда болады, ұсақ бронхтарды зақымдайды). Ересектерде аурудың екі түрі бар: өткір және созылмалы. Бронхиттің аллергиялық түрі бар. Оның белгілері: дене қызуы жоғарылауының болмауы; құрғақ сырылдар, тыныс алу кезінде пайда болатын ентігу. Арандатушы фактор жойылғаннан кейін асқыну белгілері тез кетеді. Егер науқаста бронхиттің уытты немесе химиялық түрі болса, онда аурудың дамуы тыныс жолдарына тітіркендіргіш заттың түсуі салдарынан болады. Бұл қышқыл бу, шаң, газ болуы мүмкін. Уытты-химиялық бронхиттің белгілері: тәбеттің болмауы; бас ауруы; қатты жөтел; тұншығуға әкелетін айқын ентігу; кеуде ауданындағы шаншу сипатының ауруы; кеуде аймағында шаншулар; тыныс алу жетіспеушілігінің және гипоксемияның белгілері; шырышты қабықтың көгеруі; қатты тыныс алу және құрғақ сырылдар. Егер адамда жіті бронхит болса, онда ол келесі белгілермен ерекшеленеді: кейін ылғалдыға айналатын айқын құрғақ жөтел; дене температурасы 39 градусқа жетуі мүмкін; тершеңдік; қалтырау, жұмысқа қабілеттілік төмендейді; орташа немесе айқын симптоматика. Егер ауру ауыр болса, онда науқаста айқын ентігу пайда болады. Жіті ауру екі аптадан кейін өтеді. Егер науқас емді елемесе немесе емді жолдың жартысында қалдырса, онда ауру созылмалы сатыға өтуі мүмкін.
Ингалятордың көмегімен дәрілік препарат тыныс алу жолдарына тереңірек түсуі тиіс.Преапарат тек демді ішке тартқанда ғана өкпеге жетеді.Препараттың 90%-інің керек жеріне бармай,ауызжұтқұншақтың шырышты қабығында қалатыны есте болғаны жөн.Ингаляцияның екі тәсілі бар:ауызды ашып және жабылған ауызбен.






  • Ауызды ашып ингаляция жасау: - ингалятордың қақпағын ашып оны қатты-қатты, қуатты сілкілеу. Ингаляция кезінде кіші балонның түбі жоғары қарауы тиіс. - ингалятордың ұштамасын еріннен 4-5 см қашықтықта болатындай етіп орналастырады. - басты сәл шалқайтады және ауызды ашады. - сыртқа баяу дем шығарады. - одан соң ауызбен баяу ішке дем алып, бір мезгілде кіші баллонның түймесін қатты басады. - өкпе ауаға толғанша ішке баяу тыныс алады (бұл 5-6 секундтай уақыт алуы тиіс). Мұрынмен дем алуға болмайды!

  • - ауызды ашып тынысты 4-6-10 секундқа кідіртеді, одан соң демді сыртқа шығарады. - 1 минуттей байыпты дем алады, одан кейін ингаляцияны қайталайды. - егер науқас ингаляция үшін гормоналды препараттардың аэрозолдарын пайдаланса (глюкокортикостероидтар), ингаляциядан кейін ауыз қуысының кандидозының даму профилактикасы үшін ауызды салқынн сумен шаю қажет. - ингалятор түймесін әрбір басқанда аэрозоль түріндегі емдік препараттың 1 мөлшері (дозасы) сыртқа шығады. - әрбір нақты жағдайда мөлшер санын емдеуші дәрігер анықтайды. Жабық ауызбен ингаляция жасау тәсілінде ингалятордың ұштамасын ерінмен тығыз қымқырып алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет