Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі

бет10/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.

Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.

Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға қүйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан қүйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.

Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында Бұл армен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет