Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі

бет7/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Тыныс алу жиілігі ұлдарда қыздарға қарағанда 8 жасқа дейін жоғары болады, ал жыныстық жетілу кезеңінің басталуына сай қыздарда тыныс алу жиілігі жас ерекшелікке байланысты. Әйелдермен тең жағдайда болатын ер адамдардың тыныс алуы біршама сирек, ол мүмкін өкпе көлемінің мөлшеріне байланысты болуы. Тыныс алу жиілігі ой еңбегі күшейген кезде, эмоция күшті өзгеру кезінде, жүйке күйзелісі кезінде де өзгеруі ықтимал.

Ұйқы кезінде тыныс алу сирей түседі, себебі организм тыныштық жағдайда болғандықтан, оның оттегіне мұқтаждығы аз болады. Сөйлеу және өлең айту кезінде дем алу, дем шығару ұзақтығының көбею есебінен, біраз сиректеле түседі. Тыныс алу жиілігі мен жүрек жұмысының арасында белгілі тәуелділіктің болатыны анықталды. Сөйтіп, балалардың бір рет тыныс алу кезіне, тамырдың соғуы 3-4 рет үйлесімді келеді, ал ересек адамдарда - 4-5. Бірақ адамның эмоциялық жағдайын ескерген жөн.

Терең тыныс алу - организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткішінің бірі. Бұл бір рет дем алған кезде өкпеге баратын ауаның мөлшері бойынша анықталады. Дем шығару кезіндегі мөлшері де осындай. Өкпеге ауа неғұрлым көп барса, дем алу соғұрлым терең болады. Ересек адамдарға қарағанда, балаларда дем алу үстіртін болады. Дем алу кезінде ересек адамның өкпесіне 500 мл-ге жуық, төменгі класс оқушыларына 250 мл-гe дейін, жоғарары класс оқушыларына 450 мл-ге жуық ауа барады. Осылай дем алу кезінде бала организмінің тканьдері оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіліп, дем алу қозғалыстары жиілей түседі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың негізгі функциялық сипаты өкпенін тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) болып саналады, яғни адамның алдын ала терең дем алып, дем шығару кезіндегі ауаның максималды көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дем алу көлемінен, дем алудың резервті көлемінен және дем шығару резервті көлемнен тұрады. Ал максималды дем шығарғаннан кейін де өкпеде, ауа қалып қояды, ол қалдық ауа. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы спирометр құралы арқылы анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет