Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі


Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4л, тер арқылы 0,5-0,8л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2 л, дем шығару арқылы 0,4л су денеден шығарылады



бет23/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4л, тер арқылы 0,5-0,8л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2 л, дем шығару арқылы 0,4л су денеден шығарылады.

Организмдегі су қанда өте көп(92%), екінші орында ми (86%), содан соң бүйрек (83%), бұлшық еттер мен бауырда 70%. Майдағы судың мөлшері 30% , ал сүйекте 22%.

Судың организмдегі рөлі оның түріне байланысты. Сұйық ұлпалар мен клетка ішіндегі су жақсы еріткіш. Ал адам өмірі қосындылардың құрамындағы сусыз мүмкін емес. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың құрамында су болады. Олар тотыққан кезде су бөлініп шығады, 100г белок тотыққанда 41мл, май тотыққанда 107мл, крахмал тотыққанда 55мл су бөлінеді. Сыртқы ауаның температурасы жоғары болғанда тердің шығуы артады. Жұмыс істейтін адамдардың тәулігіне 6-8л суы термен шығады. Мұндай сусыздандырылу су ішу арқылы қалпына келтіріледі. Ыстық температуралы жерде жұмыс істегенде 20-30 г ас тұзын қабылдауы қажет етеді, өйткені тер арқылы адам денесінен көп мөлшерде тұз шығады және ұлпалар сусыздандырылады. Ұзақ уақыт жаяу саяхатта жүргенде, ыстық күндері алыс дистанцияға жүгіргенде ас тұзының ертіндісін ішу қажет болады. Ас тұзы денедегі суды сақтап қалуға қатысады.

Нәрестенің дене салмағының 75%-су. Оның ұлпадарының клеткасындағы судың мөлшері -80%. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800мл,2-4жаста-950мл,5-6жаста-1200мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.

Қуаттың аламасуы мен негізгі зат алмасу

Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және оыс заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың к а л о р и я л ы қ к о э ф ф и ц и е н т і деп атайды. Бұл мөлшері калориямен(кал), килокалориямен(ккал) немесе джольмен (Дж), килоджоульмен(кДж)өлшенеді 1кдж=4,187ккал. 1гбелок=4,1ккал(17,17кДж), 1г май=9,3ккал (38,39кДж), 1г.көмірсу=4,1ккал (17,17кДж).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет