Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет19/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі

Белоктың маңызы және қажетті мөлщері.Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес.Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты(айталық,сүттің белогын)тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті , жұмыртқа жақпайды, Себебі бұл тамақтрдағы белок ішек-қарын арқылы ыдырамай, сол күйінде қанға өтеді.

Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдары бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ.

Адамның тыіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.

Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар; оттегі,сутегі,көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда(мысалы мидың белогында)бұлардан басқа күкірт,фосфор,темір т.б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. Белок молекуласында 100 ден 30000-ға дейін мономерлер болады. Олардың массасы 17000-нан 500000-ға дейін. Не бары 20-дан астам амин қышұылдары бар. Солардан шексіз көп белоктар түзіледі, әр кісінің белоктары өзіне ғана тән етіп бейімделген.

Организмдегі белоктар түрлі қызмет атқарады. Ферменттердің негізі болып зат алмасуындағы химиялық реакциялардың қарқының өзгертеді, яғни биологиялық катализатор қызметін атқарады. Кейбір белоктар транспорттық қызмет атқарып, заттарды тасымалдауға қатысады. Бұдан бұрын айтып кеткен эртироциттердің құрамындағы гемоглобин оттегі мен көмір қышқыл газын тасиды. Денедегі барлық қозғалыс арнайы белоктар актиннің және миозиннің қатысуымен орындалады, яғни белок еттің жиырылуы қызметіне де қатысады. Денедегі клеткалардың құрамының негізгісі болып,белоктар-құрылыс материалы қызметін атқарады. Сонымен, біздің өміріміздің барлық салаларына белок қатысады.

Белок алмасуының жас ерекшелігі

Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-5 айылығында оған 700-800мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок,май, қант, минерал заттары, витаминдер т.б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды –альбумин,гамма-глобулин, т.б. –белоктың түрлері,ферменттер,гормондар,иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. 17-ші кестеде көрсетілгендей, 1жасқа дейінгі балалардың дұрыс өсуіне дене салмағының әрбір кг-ы 5 грамға дейін белок қажет екен. Осы белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. Ана сүтінің құрамы сиыр сүтінен басқаша. Құрамындағы заттардың қасиеті жағынан ана сүтіне бие сүтінде олао керсінше. Сиыр сүттің майының құрамында қаныққан май қышқылдары көп, ал ана сүті мен бие сүтінде қанықпаған май қышқылдары көбірек.Адамның сүтіндегі белоктың жалпы мөлшері онша көп емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет