Тірек-қимыл жүйесі


ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.10.2023
өлшемі219,94 Kb.
#120992
1   2   3   4
Байланысты:
Тірек-қимыл жүйесі

ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу 
 
Кеңістікте белгілі бағытпен көру координаттарға қарай қозғалудың негізгі 
мақсаты көзді бір затқа қадағалау. Бұл үрдіс қозғалтқыш жүйе арқылы іске асады.
Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз 
қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті қимылдар ми қыртысымен реттеледі.
Көз бен бастың үйлесімді қимылдарын арнайы рефлекстер реттейді. Олардың 
орталық звеносы төрт төмпешіктің жоғары төбешіктерінде және мойын, көз, 
вестибулярлық рефлекстер жүйесі болып табылады. 
ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомоция) 


Денені алғашқы қалпынан қозғалту үшін жердің тартылу күшін, сыртқы 
ортаның кедергісін, дененің инерциялық күшін бағындырып өту қажет. Локомоция 
кезінде үнемі дененің тепе-теңдігі сақталуы тиіс.
Локомоцияның негізгі түрлері жүгіру мен жүру. Олардың реттеу орталықтары 
жұлын мотонейрондары болып табылады. Бұл жерлерде қозу мен тежелу 
үрдістерінің алмасуы пайда болады.
Жұлын мотонейрондарына мидың басқа жоғары бөлімдері ықпал көрсетеді: ми 
бағанасы, мишық, таламус, стриопаллидарлық жүйе, ми қыртысы.
Күрделі қимылдар қатаң бағдарлама арқылы іске асады. Сол жерде кері 
афферентацияның маңызы зор. Кері байланыс жұлын – сопақша ми байланыстары 
арқылы өтеді (Голль және Бурдах жолдары). 
ІV. Манипуляторлық қимылдар 
Бұлар мотивациялармен байланысты, ерікті қимылдар болады. Осыған жауапты 
мидың құрылымдары: ми қыртысы, базалды ганглилер, мишық.
Сонымен қимыл-әрекеттің реттелуінде ОЖЖ-нің көптеген бөлімдері қатысады.
Бұлшық ет тонусының және қимылдар үйлесуінің өзгеруі диагностикада 
қолданылады. Оларда мынадай көріністер байқалады: бұлшық ет тонусының 
төмендеуі (гипотонус), бұлшық ет тонусының жоғарылауы (гипертонус), жүрген 
және тұрған кездегі тепе-теңдіктің бұзылуы (атаксия), оң және сол жақтың бірдей 
қимылдамауы (асинергия), нақты және дәлденген қимылдардың бұзылуы 
(дисметрия), қимыл активтілігінің күшеюі (гиперкенез) немесе төмендеуі 
(гипокенез).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет