Тірек-қимыл жүйесі – адамның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін, жердің тартылу күшіне қарсы (гравитацияға қарсы) қызмет атқаратын жүйе, сондықтан оны антигравитация аппараты деп атайды.
Ми бағаны – адам денесінің кеңістіктегі дұрыс қозғалысын мойын және лаберинттік рефлекстер қатысымен орындалуын және бұлшықет тонусының қалыпты реттелуін қамтамасыз етеді.
Мишық – қимылдың дәлме-дәл, үйлесімді орындалуына қажетті қимыл күшпен қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы мен базальды түйіндер – ерікті қозғалыстардың координациясын реттейді.
Қаңқа еттері қозғалтқыш жүйке талшықтарымен жүйкеленеді. Қозғалыс талшықтары деп – ет талшықтарының тобын нервтейтін, мотонейронның өсінділерін айтады. Ет талшықтарын нервтейтін мотонейрон және оның талшықтары тобын – қозғалыс (моторлық) бірлігі дейді.
Ет талшықтары
Экстрафузальдық ет талшықтары – еттің жиырылуының барлық жұмыстарын атқарады.
Интрафузальдық ет талшықтар. Бұлшық еттің ішкі қабатында орналасқан шағын сопақша құрылымды бұлшықет ұршығы деп атайды. Ет ұршығының ішкі қабатында бұлшықет талшықтары шоғыры – интрафузальдық ет талшықтары (3-12 дана) орналасады. Олар бұлшықет ширығуын анықтайтын арнайы ет талшықтары болып саналады.
Бұлшықеттердегі арнайы рецепторлардың түрлері
Ет ұршығының біріншілік рецепторлары
Ет ұршығының екіншілік рецепторлары
Сіңірлердегі Гольджи рецепторлары
Бұл рецепторлар механикалық тітіркендіргіштерге жауап беріп, қимылдың координациясына қатысады.