Тірек-қимыл жүйесі


Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті қимылдар ми қыртысымен реттеледі



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі414 Kb.
#123070
1   2   3
Байланысты:
ТҚЖ

Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті қимылдар ми қыртысымен реттеледі.
  • ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомация)
  • Денені алғашқы қалпынан қозғалту үшін жердің тартылу күшін, сыртқы ортаның кедергісін, дененің инерциялық күшін бағындыру қажет. Локомоция кезінде үнемі дененің тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Локомоцияның негізгі түрлері жүгіру мен жүру.
  • Олардың реттеу орталықтары жұлын мотонейрондары болып табылады. Бұл жерлерде қозу мен тежелу үрдістерінің алмасуы пайда болады. Жұлын мотонейрондарына мидың басқа жоғары бөлімдері (ми бағанасы, мишық, таламус, стриопаллидарлық жүйе, ми қыртысы) ықпал етеді.
  • ІV. Манипуляторлық қозғалыстар (ерікті қозғалыстар)
  • мотивацияға сәйкес іске асады.
  • Осыған жауапты мидың құрылымдары: ми қыртысы, базальды ганглийлер, мишық.
  • Қимыл-қозғалыс қызметтерін реттейтін, ОЖЖ бөлімдері
  • Сопақша ми және варолий көпірі – Дене қалпын ұстау рефлекстерін қалыптастырады.
  • Ортаңғы ми. Қызыл ядро мен қара зат – Қаңқа еттерінің тонусын реттейді.
  • Ортаңғы ми. Қара зат – Саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын және шайнау мен жұту үрдістерінің үйлесуін қамтамасыз етеді.
  • Мишық – Еріксіз және ерікті қимылдардың үйлесуін және олардың дәлме-дәл орындалуы мен дене тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Базальды ядролар (жолақты дене және бозғылт шар) – Организмнің ерікті және еріксіз қимыл реакцияларына қатысады.
  • Ми қыртысы – Қозғалтқыш аймағы (моторлық аймақ) ми қыртысының алдыңғы орталық қатпарында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет