Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері


-қосымша Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  бейінді  оқыту үшін



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
1-қосымша

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  бейінді  оқыту үшін

кәсіби-педагогикалық даярлау үлгісі.

Сабақта  жобалау әдісін қолдану  білім  алушының шығармашылық және

өзіндік жұмыс  істеу қабілеттерін қамтамасыз етуге  мүмкіндік  береді, өзін-өзі

дамыту жолдары мен тәсілдерін табуға көмектеседі.



Мақсаты: тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында  мұғалімдердің

кәсіби дайындығын жетілдіру.



Әдістер:

- құзыреттілік;

- іс-әрекеттік;

- тұлғаға бағдарланған.

Даярлау компоненттері:

- бастамашылдық;

- іс-әрекеттік;

- шығармашылық;

- жағымды (психологиялық жағдай, кіші топтармен жұмыс кезінде

табыстылық жағдайы).



Базалық пәндер және ЖОО таңдау курстары.

Педагогикалық практика, өзіндік  жұмыс,  модульдік  оқыту,  интерактивті

технологиялар.  Болашақ мамандарға арналған  элективті  курс  бағдарламалары

бойынша  жобалар әзірлеу.  Сынып  жетекшісі  ретінде өз қызметін  жобалауы

(КТК  (көңілді  тапқырлар  клубы)  және  тақырыптық кештердің түрлері  мен

мазмұнын құру және т.б.



Нәтиже компоненті.

Болашақ


педагогтің

кәсіби


құзыреттілігі: 

когнитивті-білімдік,

дидактикалық-әдістемелік, жобалау.

Практика  сабақтарында өзіндік  ой-пікірлері  мен  білімдерін қолдану.

Сонымен бірге болашақ мамандардың белсенділігі еркіндікке, ал оқытушының

рөлі білім алушылардың өзіндік жұмысын басқаруға құрылады. Бұл әдіс ЖОО-

да  оқыту  сапасын,  тұлғаның дамуын қамтамасыз  етеді,  болашақ педагогтің

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  көмектеседі. Өйткені  дәл  осы  секілді

шығармашылық 

қабілеттерді

қалыптастыру 

жобалау


құзыреттілігін

қалыптастыру негізіне жатады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуға көшу жағдайында

мұғалімге қойылатын  жаңа  талаптар  педагогикалық білімді әрі қарай  дамыту

қажеттігін,  сондай-ақ педагогикалық кадрлар  біліктілігін  арттыруды  талап

етеді.


Бұл міндетті іске асыру үшін педагогикалық білімді ұйымдастыруда қазіргі

әдістер негізінде  тірек  мектебі  (ресурстық орталық) мұғалімдерін  кәсіби-

педагогикалық даярлау үлгісін әзірлеу қажет.



58

Осы  орайда  жоғарғы  оқу  орындарының базасында  тірек  мектепті

(ресурстық орталықты)  жоғары  білікті  мамандармен  (мұғалімдер,  педагогтер)

қамтамасыз ету мақсатында білім магистрлерін кәсіби даярлауды ұйымдастыру

керек.  Педагогикалық білімнің мамандықтары  мен  бағыттары  бойынша  тірек

мектебінің  (ресурстық орталықтың) сұраныстарын ескере  отырып, қажетті

мамандықтар мен бағдарламалар енгізу қажет.

Жоғарғы  оқу  орынында  ізденімдік  жағдайлар,  белсенділік  және

шығармашылық процесс құру  мұғалімнің кәсіби  шеберлігін қалыптастыруға

және  жетілдіруге  көмектеседі.  Сондықтан  оқыту  процесін  болашақ мұғалімнің

шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетіндей етіп құру қажет.

Болашақ мамандарды  жоғарыда  айтылған  білім  желілерін  ескере  отырып

оқыту:  болашақ мұғалімдер  базалық және  бейінді  деңгейлерге қойылатын

талаптарды  ескере  отырып,  пәнді  оқытуға үйрету, әртүрлі  педагогикалық

технологияларды

қолданып  (оның ішінде  интерактивтік

әдіс),  болашақ

мамандардың қабілеттері мен жеке қызығушылықтарын ескере отырып, негізгі

және қосымша әдеби  және  лингвистикалық дайындықты қамтамасыз  ете

отырып, элективті және факультативті курстар әзірлеу (яғни жобалау қызметін

жүргізу).  Мұндай  дайындық жоғары  оқу  орындарындағы  білім  мазмұнын

жаңартпаса,  орын  алмайтыны  сөзсіз.  Осыған  орай  маманды  даярлауда



когнитивті-білімдік,  дидактикалық-әдістемелік,  жобалау құзыреттеліктерін

қалыптастыру қажет.

Когнитивті-білімдік құзыреттілік білім  алушылардың  қажетті  ақпарат

көздерін  іздеу қабілеттерін қалыптастыруға  бағытталған,  яғни  көп  ақпараттың

ішінен  маңыздысын  бөліп  алу,  оны қорыту;  алған  білімді  барынша  игеру

үдерісін


ұйымдастыру; 

оқытудың 

ғылымилығы 

мен


қолжетімділігін

қамтамасыз ету.



Дидактикалық-әдістемелік құзыреттілік өз білімі  мен  кәсіби қызметінің

мақсаты  мен  міндеттерін  тұжырымдауға  және өзектендіруге қалыптастыру;

әртүрлі қызмет түрлерінің мазмұндық негізін модельдеуге; білім алушылардың

оқып-үйренуі мен тәрбие алуының деңгейін диагностикалауға; алған ақпаратты

қабылдауды және  игерген  білімін  шығармашылық тұрғыдан қайта  беруді

ұйымдастыруға;  танымдық және  кәсіби қызметінде өзін-өзі талдау әрі өзін-өзі

бақылау жұмыстарын жүргізуге және оны қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес

түзетуге негізделген.



Жобалау құзыреттілігі – материалды  шығармашылық тұрғыдан  ой-

санадан өткізу  және  оны  тәжірибеде қолдана  білу қабілеттілігі; қызығатын

мәселе  бойынша  озат  тәжірибені  жинақтау; өзінің кәсіби қызметімен қатар,

әріптестерінің практикалық  қызметін  талдау  білігі;  оқушылардың танымдық

қызметін ұйымдастыру.  Бұл  айтылғандардың бәрі  орын  алған  мәселені  көре

білу;  мақсат,  міндеттерді  таңдау; қойылған  міндеттерді  шешу  жолдарын

анықтау;  оларды  шешу үшін қажетті құралдарды іріктеу;  проблемалық

тапсырмаларды шешу барысында алған білімін, білім дағдыларын қолдана білу

деген сөз.



59

Әдістемелік тұрғыдан  арнайы  курстар ұйымдастыру  арқылы  болашақ

мамандар даярлауға болады. «Бейінді оқыту және болашақ мұғалімді даярлау»

арнайы курсын қандай болмасын пәнді оқытудың әдістемесі бойынша базалық

білімі  мен  жалпы  білім  беретін  сыныптарда  оқушылардың танымдық  әрекетін

ұйымдастыру бойынша білігі болған жағдайда жүргізуге болады. Арнайы курс

мазмұны бейінді оқыту туралы материалдардан, қазіргі жаңа технологиялардан,

бейінді  сыныптарда  жұмыс  істеу үшін  жаңа  біліктерді қалыптастыруға

бағытталған семинар сабақтарынан тұрады. Курстың мақсаты – оқушыларды өз

бетінше ізденіс жүргізуіне басымдық беру, кәсіби қызметке дайындау, саралап

оқыту. Одан мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

- білімдегі мәселелерге қызығушылық тудыру;

- жаңа білім технологияларын игерту қажеттілігі;

- бейінді оқыту идеясымен таныстыру;

- белгілі бір пәннің мазмұны туралы түсінікті тереңдету;

- бейінді  оқыту идеясын  жүзеге  асыруда қазіргі  жаңа  технологияларды

қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

-

жоғары  сыныптарда  бейінді  оқытуды  жүзеге  асыруға



қажетті

практикалық біліктерін қалыптастыру.

Арнайы  курсты  аяқтаған  соң білім  алушылар  мынадай  мәселелерді  біліп

шығады:


- Қазақстандағы түрлі  тарихи  кезеңдегі  білім  беру  жүйесінің түсініктері,

оның мақсатын,  міндеттерін және жай-күйін;  білім  саласындағы  инновациялар

мен реформалар туралы;

- дамыта  оқыту  түсінігі  туралы,  дамыта  оқыту  негізінде  оқу әрекетін

ұйымдастыру ерекшелігін;

- оқытудың іс-әрекеттік әдісінің ерекшелігін;

- белгілі бір пәнді саралап оқытудың ерекшелігін;

- бейінді  оқытудың теориялық негіздерін,  бейінді  сыныптарда  белгілі  бір

пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін; оларды беру тәсілдері мен әдістерін;

-

тереңдетіп  оқытатын  пәннің



бағдарламасы  мен  оқу-әдістемелік

құралдарын;

- бейінді  оқыту  кезінде  белгілі  бір  пәнді ұйымдастыру  түрлері  мен

тәсілдерін;

- қазіргі ғылымның даму бағыттары туралы түсініктерді.

Білім алушылар мынадай біліктер алып шығады:

- сабақты әзірлеу  барысында әртүрлі  педагогикалық технологияларды

қолдану;


- сабақта  проблемалық жағдаяттар құру;  сабақтарды  саралап,  даралап

оқыту негізіне құру;

- әртүрлі деңгейлік тапсырмалар мен жаттығулар таңдау;

- бейіналды және бейінді оқыту кезінде элективті курстар жоспарлау.




60



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет