Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды


Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды



бет6/13
Дата04.02.2022
өлшемі64,84 Kb.
#24856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Презентация желтоқсан

Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

  1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).

  2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.

  3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

  4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.

  1. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.

Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.

Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.

Критериймен бағалауда:

 оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;

 оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;

 мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.

Критерийлер арқылы бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бір қатарын қарастырады:


  1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.

  2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен) салыстырылуын.

  3. Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және дұрыс орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының болуын.

  4. Үздік жұмыстардың оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.

  5. Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау, сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады. Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.

  6. Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үдерісіне қосылуын.

  7. Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады, сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.

Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін үдеріс. Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді.[4]

Ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады. Оның ойынша, педагогтар:

−қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп, материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге;

−вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.;

−көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді қолдануға;

−сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға;

−балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға;

−оқу материалының барынша аудиовизуалды қолжетімділігін қадағалауға тырысу керек.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады. Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз -кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,   оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге  асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар. Осы орайда, ағылшын ғалымы Майк Гершонның дайындаған қалыптастырушы бағалау және кері байланыстың бірнеше түрлеріне сүйендім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет