Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды


Мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі



бет5/13
Дата04.02.2022
өлшемі64,84 Kb.
#24856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Презентация желтоқсан

Мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі

ПМПК оқушыға жеке бағдарлама бойынша немесе жеке тәсілдермен


жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынған жағдайда, ал
мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі бақылау
нәтижесінде бағдарламаны өзгерту қажеттілігін растайды, ал ұсыныстарға
сүйене отырып, жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылар үшін әзірленген жеке оқу бағдарламалары мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді жоспарлау үшін әрбір сабақты талдай отырып, рефлексия қызметін үнемі жүргізуі қажет. Мұғалім өзінің жобалық іс-әрекеттерін рефлексивті бағалауды оқушылардың нақты жеке ерекшеліктеріне, олардың даму мүмкіндіктеріне сәйкес жасайды. Бұл оған күрделі, қызықты емес, мұғалімнің ең маңызды кәсіби біліктерінің бірі болып табылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне қатысушылардың барлығына алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы бағалаудағы балл беру критерийлерімен) салыстыру арқылы, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.[3]

Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: − қалыптастырушы бағалауды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды; − тоқсандық жиынтық бағалауды жүзеге асырады. Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс [2]. Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді. Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін жетілдіріп, оның келесі мүмкіндіктерін беретіндей көп атқарымды және қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет: − оқушының оқу материалдарын қаншалықты табысты меңгергенін МЖМБС талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтауға мүмкіндік беруі; − танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын қадағалап отыруға мүмкіндік беруі; − критериалды бағалау жүйесінің талаптарына түзетулер енгізу үшін жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру; − оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін түзетулерді болжау. Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.[9] Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет: −меңгеру деңгейін саралау;

- критериалды бағалау;

бағалаудың объективтілігі;

− бағалауды дараландыру;

− бағалауды жариялау. Инклюзивті сыныптарда оқыту адамгершілік тұрғыда, тұлғаға бағытталған негізде, дамытушы, дифференциалды және жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған бағалау принциптерін ескере отырып, мектептің құзыретті білім беруге жағдайында қалыптастырылған оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі мектеп практикасындағы жаңа білім парадигмаларының талаптары мен бағалау құралдарының арасындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Атап айтқанда: − оқу материалдарын игеруіне қарай деңгейлеп дифференциялау арқылы қалыптастырылған бағалау шкаласының критериалды бағалау платформасы білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді; − бағалаудағы жариялылық көптеген психологиялық тұрғыдағы мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың ата-аналарының арасындағы қанағаттанғысыз бағаға қатысты қақтығыстар, білім алушылар мен олардың мұғалімдерінің арасындағы балаға қойылған бағаға келіспеушілік тұрғысындағы даулар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қостарапты түсініспеушіліктер.

Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау, кейбір бұзылыс түрлеріне байланысты шектеулерді ескермегенде (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары, әлеуметтік-эмоционалдық бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы бағаланады. Түзете дамыту пәндері бойынша бағалау критерийлері кез келген тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған дағдыларымен тығыз байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады және жұмыс барысында оқу әрекеттерін жүзеге асыра отырып, білім деңгейін шыңдауына көмектеседі. Осылайша белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын жедел бақылап отыру жүзеге асырылады. Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерийлері жаңа сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа жасалады.

Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру барысында келесі ерекшеліктер:

− оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету (пәндік бағалау, пәнаралық және білім деңгейлеріне өту аралығыдағы тұлғалық қалыптасуы) ;

− бағалау критерийлерін әзірлеуге біртұтас көзқарас, яғни жалпы білім беру жүйесі мен түзете дамыту жұмыстарының үйлесімділігін сақтау;

− бақылау және бағалау әрекетіне білім алушыларды белсенді қатыстыру;

− оқу мазмұнын игеру процесінде тәжірибелік және танымдық тапсырмаларды орындауда танытқан қабілеттерін жүйелі бағалау;

− білім алуда арнайы қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасын бағалау;

− білім сапасының артуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі және сыртқы бағалау тетіктерін үйлестіру;

− білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау мен аттестаттауда дербестікті сақтау және білім жүйесінің даму тендециялары мен білім деңгейін сараптауда, басқа да аттестаттау мақсаттарында тәуелсіз бағалауды ұстану;

− жоспарланған жұмыстардың нәтижесін қалыптастыруға және деректерді ұсыну барысына қажетті деңгейде көңіл бөлу;

− оқушылардың жеке оқу жетістіктерінің динамикасын сипаттайтын жинақтаушы бағалау жүйесін (портфолио) қолдану;

− стандартты жазбаша немесе ауызша бағалау әдістерімен қатар, практикалық жұмыс, жобалау, шығармашылық жұмыс, өзін-өзі бағалау, бақылау және тағы басқа тәсілдерді қолдану ескерілуі тиіс [5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет