Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет109/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

ЖЕТІҚАРАҚШЫ
Жерде бір жылдарда су құрып шөл болды: өзен, бұлақ, көл, 
құдық бәрі құрыды; ағаш, шөп қатып кетіпті, қуарды; адам, 
мал шөлден өле бастады.
Бір түнде бір қыз қолына шелек алып, ауру шешесіне су 
іздеп далаға шықты. Іздеді, іздеді, қыдырды, бір тамшы су тап-
пады. Әлі кетіп, жығылып, сүрініп келе бір жерге жатып еді, 
ұйықтап кетті.
Оянып шелекті қараса, көздің жасындай, меруерттей, мөп-
мөлдір суға шелегі толып тұр.
Қыз қуанып жұтпақ болып, шелекке етпетінен түсіп тап 
беріп, шешеме аз қалар деп өзін -өзі шаужайға қағып қалды.
Шелекті іліп алып, ұшып үйге жөнелді. Зырлап келе жатып, 
жатқан күшікті байқамай басып сүрініп кетіп, шелекті қолынан 
түсіріп алды. Күшік қыңсылап жылады. Шелек қыздың ойына 
түсті.
Суды төктім-ау деп қыз қиналды: жоқ, таз қалпы, шелек ал-
шысынан тұр, бір тамшы су төгілген жоқ.
Қыз алақанына құйып күшікке су берді. Күшік суды ішті, 
еркеледі. Қыз қолына шелекті алып еді: ағаш шелек күміс бол-
ды. Қыз шелекті әкеліп, шешесіне берді.
Мен бәрібір өлем, сен іш деп, шешесі шелекті қайтып қызға 
берді: сол арада күміс шелек алтын болды. 
Енді шыдап тұра алмай суға тап бергенде, бір жолаушы үйге 
кіріп келе, су сұрады ... Сілекейін жұтып қалып, қыз шелекті 
жолаушыға ұстата берді.
Сонда шелектен баданадай жеті бриллиант шыға -шыға 
келді. Шелектен көздің жасындай тап -таза су бұлақ болып ағып 
қоя берді.
Жеті бриллиант жоғары шығып көтеріле -көтеріле аспан ба-
рып, сонда «Жетіқарақшы» болып тұрып қалды.
Аударған Қыр баласы.
1925 жыл, Мәскеу.


«Біздің орыстың, Украинаның жерінде құйқасы 
тегіс қаратопырақты жер бар. Бұ қара құйқалы 
аймақтың үлкендігі франсұздың Еуропадағы 
жеріндей бір жарым. Бұ сықылды жақсы жер – жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет