Л. Н. Толстой
І.
Кавказ тұтқыны
ІІ.
Жұмыртқадай бидай
ІІІ.
Жетіқарақшы
Аударушы: Қыр баласы
Сәбет Одағындағы халықтардың Кіндік баспасы.
Мәскеу, 1925 жыл.
290
Л. Н. Толстойдың «Кавказ тұтқыны», «Жұмыртқадай бидай» және
«Жетіқарақшы» әңгімелері жарияланған жинақтың мұқабасы. Жинақты
қазақшаға аударып бастырған Қыр баласы. Мәскеу, 1925 ж.
Обложка сборника рассказов Л. Н. Толстого («Кавказский пленник» и др.),
переведенных на казахский язык Қыр баласы – Сыном степей. Москва, 1925 г.
291
КАВКАЗ ТҰТҚЫНЫ
1
І.
Жилин деген төре солдат бастығы болып, Кавказда қызмет
қылды.
Бір күні үйінен хат алды. «Мен кәртайдым, өлерімде
шырағымды бір көріп өлсем дедім. Үйге қайт, мені өз қолыңнан
көм, құдай жолыңнан жарылқасын, сонан соң қызметіңе қайт.
Мен мұнда саған бір қалыңдық таптым: өзі есті, өзі жақсы,
өзінің жері бар, бай. Кім біледі, сүйсең аларсың, қатын алсаң,
үйде мүлде қаларсың» деп кемпір шешесі Жилинге жазады.
Жилин ойға қалды. Шын, шешем кәртайды. Кім біледі,
көрмеспін де. Үйге барайын, қалыңдық жақсы болса, алмайтын
несі бар, – деп Жилин ойлады.
Кеңсеге барып, үйіне қайтуға қағаз алып, жолдастарымен
амандасып, солдаттарына төрт шелек арақ сыйлап, жолға
даярланды.
Ол уақытта Кавказда соғыс еді. Не күндіз, не түнде жолмен
жүріп болмайтын. Қорғанынан орыс бір қадам шықса, Кавказ
татарлары не өлтіретін, не байлап алып кететін. Жұмасына
екі қайтара қорған мен қорған арасында қатынас болатын.
Қатынасқан кісілерді, жүкті солдаттар еріп қорғайтын, алды
арты солдат ортасында жүргінші болатын.
Күн жаз еді. Таң ата керуен қорғанның артына жиылды,
қорғайтын солдаттар келді, қосылып бәрі жолға жүрді. Жилин
салт, нәрсесін салған арбасы жүк арбамен бірге келеді.
Бұлардың жүрмегі 25 шақырым. Не солдаттар тоқтайды, не
арба сынады, не ат шамданады. Бөлініп жолдасты тастап кетуге
болмайды, керуен жүрісі өнбеді.
Түс ауып бесін болды, жолаушылар жарым жолды да
жүрген жоқ. Күн ыстық, қайнап тұр, шаң жұрт басын қоярға
жер таппады. Таздың басындай қу тақыр дала, жолда не ағаш,
не бұта жоқ.
1
«Кавказский пленник», Л. Н. Толстой.
292
Жилин жүктен озып барып тоқтап, жүкті күтетін болды. Ар-
тынан сырнай тартып келе жатқан жүкті тағы тоқтатты. «Атым
мықты, жалғыз озып кетсем қайтеді, татарлар кез келсе қашып
құтылам. Жоқ, кетпейім бе?» деп, жүкті күтіп тұрып, Жилин
ойлады.
Жилин тоқтап, ойланып тұрды. Салт мойнына салған
мылтығы бар, солдат бастығы Костилин келіп, Жилинге сөйледі:
– Жүр, Жилин солдатсыз кетейік. Аштан өліп барам. Ыстық
қырып барады. Менің көйлегімді сығып алуға болады. Кости-
лин өзі жуан, өзі батпандай қып-қызыл, өкпедей болып, терле-
ген, тер судай сорғалайды.
Жилин ойлады да:
– Мылтығың оқтаулы ма? деді.
– Оқтаулы.
– Олай болса, жүр. Бірақ уәде: бөлінбелік.
Екеуі жүктен озып келе жатыр. Жүріп келе жатқан жер дала.
Екеуі жан-жаққа алақтап қарап-қарап қояды. Жан-жақтың
бәрінде алыстағы көрінеді.
Дала таусылып, жол екі таудың арасындағы шатқа кірді.
– Таудың басына шығып, қарауыл қарайық. Саймен жүре
берсек, қай жақтан шыға келгенін көрмей қалармыз, – деді
Жилин.
– Қарайтын не бар? Жүр ілгері, – деді Костилин. Жилин бұл
ақылын алмады.
– Сен осы арада тоқтай тұр, мен қарауыл қарап қайтайын, –
деп, Жилин мінер жақтағы тауға шаба жөнелді. Жилиннің аты
бір «И-и-и-а-А» деді, құлынында 100 сомға алған, құс болып
ұшып, таудың басына қиядан алып шықты. Қараса, қарсы
алдында бір нысана жерде атты отыз жау татарлар тұр. Жилин
көре сала, атының басын бұрып алды; татарлар да Жилинді
көріп қалды, ат үстінен мылтықтарын қабынан суыра-муыра
Жилинді қуып берді, Жилин қиядан құлай шауып, Костилинге
айғайлады.
– Мылтығыңды қолға ал! «Қарағым-қалқам, атым, сүрінбе,
сен сүрінсең, өлгенім! Мылтыққа жетсем, мен бұларға
көнбеспін. Қолға түспейім» – деп, ойланды Жилин.
293
Костилин татарларды көрген соң, тоқтамай, қорғанға қарай
қашып жөнелді, екі жағынан атын дамыл бермей қамшылады.
Шаңнан атының шошаңдатқан құйрығы ғана көрінеді.
Іс жаманға айналғанын Жилин көрді. Мылтық кетіп қалды,
жалғыз қылыштың жайы белгілі. Құтылам деп, солдаттарға
қарай қайта қашып жөнелді.
Қараса, алдын кесе, алтауы өкіртіп келе жатыр. Жилиннің
аты жүйрік, татарлардың аты мұнан да жүйрік көрінеді. Және
олар көлденең шапты, жолды алып барады. Жилин қайта
қайтпақ болып, тізгінін тежеп еді, ат қызып алған көнбеді, алып
қашып, татарлардың дәл ортасына әкеле жатыр. Жилин көріп
келеді, жирен сақал сұр атты келіп қалды. Мылтығы қолында,
кіжініп, ырылдаған иттің тісіндей тісі ақсиып көрінді.
«Мен білем, сен иттерді: тірі қолға түссем, зынданға
саласыңдар, дүрелейсіңдер. Тірі қолға түспейім!» – деп, ойлады
Жилин.
Бойы аласа болғанмен, Жилин мықты жігіт еді. Қылышын
суырып, жирен сақал татарға тура шапты: «Не атпен бастырам,
не қылышпен шауып тастайым» – деп, ойлап.
Бір ат бойы ғана Жилин жирен сақалға жетпеді. Артынан
атып, Жилиннің атын жықты. Шауып келе жатқан ат айбынымен
жерге жығылып, Жилиннің аяғын басып қалды.
Тұрайын дегенше екі сасық иісті татар үстіне құстай қонып,
қолын артына қайырып байлап жатыр. Тулап татарларды
шашып тастап еді, тағы үш татар аттан түсе қалып, Жилинді
мылтықтың дүмімен басқа сабады. Көзі қарайып, есі ауды.
Артқы айылды алып, қолын артына қайырып байлап, сүйретіп
ерге алып барды. Бөркін лақтырып тастады, етігін шешіп алды,
тінтіді, сағатын алды, киімін тамтығын қоймай жыртты, Жилин
тыпырлап жатқан атын көрді; басы жарық тесік, басынан аққан
қан айналасы бір кез жерді былғаған.
Бір татар келіп аттан ерді алайын деп еді. Ат тыпырлап
жатыр. Қанжарын алып, атты бауыздады: тамағы қорық етіп,
ышқынып, ат өліп кетті.
Татарлар ерді, тоқымды, сайманды алды. Жирен сақал татар
атына мініп алды; артына Жилинді мінгізіп, белінен қайыспен
татардың беліне байлап, тауға алып жөнелді.
294
Олай бір, бұлай бір бұлғақтап, татардың сасық арқасын
тіміскелеп, Жилин отырды. Татардың жап-жалпақ арқасы,
тамыры білемденген мойны, шашын жаңа алған көкпеңбек
желкесі Жилинге көрінеді. Жилиннің басы жарылған, қабағы
қан. Қозғалып қанды сүртуге шамасы жоқ. Қолын қайырып
байлағаннан бұғанасы қақсайды.
Жолда көп жүрді. Таудан тауға шықты. Бір өзеннен өтіп,
жолға түсіп, бір сайға түсті.
Қайда апара жатқанын білуге, Жилин жолды байқайын деп
еді, бұл қолынан келмеді: көзін қан басып, байлаулы орнынан
қозғала алмады.
Кеш болып келеді; тағы бір өзеннен өтті, тауға шықты;
түтін иісі шығып, ит үрді. Ауылға келді. Татарлар аттан түсті,
ауылдың балалары жиылып, Жилинді ортаға алып, шулап,
қуанып, таспен атқылады.
Татар балаларды қуып жіберді, Жилинді аттан түсірді,
жалшысын шақырды. Көйлегі жыртық-жыртық, төсі ашылып
жалшысы келді. Бай бұйырды, не бұйырғанын Жилин ұқпады.
Жалшы ағашпен, темірден істеген бұғауды әкелді.
Жилиннің қолын шешіп, бұғау салып, сарайға (қорадағы
үй) алып келіп, есікті ашып, итеріп тастап, есікті жауып қойды.
Жилин барып боққа жығылды, ар-бері жатып, қараңғыда
сипалап жүріп, бір жұмсақ жер тауып алып, жатты.
ІІ.
Жилин түнімен ұйқы көрген жоқ. Түн де қысқа еді. Қараса,
тыстан атып келе жатқан таң білінді. Жилин түрегеліп тесікті
ұлғайтып, қарап отырды.
Тесіктен тауды бөктерлеген жол, оң жақта татардың ойы,
қасында екі ағаш көрінеді. Есік алдында қара ит жатыр. Лағын
ертіп, құйрығын сипақтатып ешкі жүр. Қараса, таудың астынан
жас келіншек келеді, кигені ала көйлек, белінде жақсы белбеу,
тағы кигені шалбар, етік, басына шапан бүркенген, төбесіне
бір жез құман су қойған. Келе жатыр. Арқасы дір-дір етеді.
Өзі иіліп түзеледі, қолынан шашын жаңа алдырған көйлекшең
295
баланы жетелеп келеді. Қатын суды алып үйге кіріп кетті.
Үйден кешегі жирен сақал татар шықты. Үстінде жібек бешмет.
Белінде күміс қанжар, жалаң аяқ. Аяғына кебіс ілген. Басында
биік қара сеңсең бөрік, кейін қайыра тастаған. Тысқа шығып
керілді. Жирен сақалды тұтамдап сипады, ары-бері тұрып,
жалшысына бұйырып, бір жаққа кетті.
Екі бала ат суара кетті. Аттарының танауы терлеген тағы
өңшең тақырбас балалар жүгіріп шыға келді. Көйлекшең,
жалаң бұт балалар бәрі жиылды, Жилин жатқан сарайға
келді, бір шыбықты алып, тесікке сұқты, Жилин ақырып еді.
Ойбайлап, борбайлары жалтылдап, қаша жөнелді.
Жилин шөлдеп өліп барады, тамағы кеуіп қалды; біреу келсе
деп Жилин ойлады. Есікті біреу ашып жатыр, естіледі. Қасында
бір қараша жігіті бар жирен сақал татар кіріп келді. Аласа бойлы
қара жігіт, көзі қап-қара, оттай ойнайды. Беті қызыл, сақалын
қырыққан. Қуанышы қойнына симайды, жүрген тұрғанының
бәрі күлкі, қараша жігіттің киімі артық жақсы: оқалаған көк
жібек бешмет, белінде үлкен күміс қанжар. Аяғында күміспен
тіккен қызыл сапиан етік, басында биік ақ елтірі бөрік.
Жирен сақал кіріп келді, сөйледі, боқтасқан сияқты; тоқтап
қалды; босағаға сүйеніп тұр. Қолында жалақтатқан қанжары,
қабағының астымен Жилинге көзін алайтып қарап қояды.
Қараша жігіт лепілдеп ұшып тұр, жүргенде шыбықтай
майысып түзеледі. Жүгіріп Жилинге келіп қарсы қарап
жүресінен отырып, күліп, Жилинді жаурынынан қағып, көзін
қысып, татарша бірдеңе деп сөйледі. Жилиннің ұққаны жалғыз-
ақ: «Қорошо урус, қорошо урус».
Жилин түк ұқпады. – Шөлдедім, су беріңдер, – деді Жилин.
Қараша жігіт күле берді: «Қорошо урус», – деп өзінше
сөйлей берді.
Ішуге су бер деп, Жилин қолымен ерінімен ымдап көрсетті.
Қараша ұғынып күліп, есіктен қарап «Дина» деп біреуді
шақырды.
Жүгіріп жіп-жіңішке, ап-арық, жасы он үште, қараша жігіт
сияқты бір қыз жетіп келді. Жирен сақалдың қызы болса керек.
Көзі қап-қара, оттай жанады. Беті сұлу, үстінде кең жең ұзын
296
көк көйлек; белбеу жоқ, етегін, жеңін, көкірегін қызылмен
көгерген. Шалбар, аяғында месі, биік өкшелі кебіс, мойнында
киіп алған алқа орыстың елу тиындық күмісі. Басы жалаң бас.
Қап-қара тұлым, жібекпен бекіткен шаш бауы күміс сом.
Қызға әкесі бірдеңе бұйырды. Жүгіріп кетіп, қайтып, жез
құман алып келді. Суды беріп, өзі иіліп жүресінен отырды:
иіні тізесінен төмен түсіп кетті. Отырып Жилинге қадалды; су
ішкенін тамаша көрді.
Жилин қызға құманды қайтып берді, қыз құманды алып,
киіктей атып, ыршып кетті, әкесі күліп жіберді. Қызды тағы
бір жаққа жұмсады. Құманды алып, жүгіріп кетіп, дөңгелек
тақтайға салып нан әкеліп, тағы Жилинге қарсы қарап иіліп
отырды да, көз айырмай қадалып, Жилинге қарады.
Татарлар есікті қайта жауып, кетті.
Әрі-беріден соң Жилинге келіп: – Айда, бай, айда! – деді
жалшы.
Бұ да орысша түк білмейді. Бірақ Жилиннің ұққаны, бір
жаққа жүр деген болды.
Жилин жүрді. Бұғау аяғын алып барады, аяғы ақсап, әзер
жүрді, жалшының артынан Жилин шықты. Татардың ауылы,
он шақты үй, мұнаралы мешіт көрінді. Бір үйдің жанында ер
тоқымды үш ат тұр. Аттарды балалар шылбырынан ұстап тұр.
Үйден жүгіріп шығып, қараша жігіт қолын бұлғап Жилинді
өзіне мұнда жүр деп, шақырды: татарша бірдеңе деп сөйлеп
жүр, күледі. Есікке кіріп кетті. Жилин үйге кірді. Қабырғасын
балшықпен сылаған, жақсы бөлме, төрдің алдында қабырғада
ала қостөсек, екі жақта ілулі қымбат кілем. Кілемге іліп
тастаған неше түрлі мылтық, қылыш – бәрі күміс. Бір қабырғада
кішкентай жермен жер пеш. Еден жер қырмандай қатты тақыр.
Төрдің алды салулы киіз, киіз үстінде кілем, кілем үстінде
жастық. Кілем үстінде мәсішең татарлар отыр: жирен сақал,
қараша, тағы үш қонақ. Бәрінің арттарында бір-бір жастық,
алдарында дөңгелек тақтайда тарыдан пісірген шелпек, шыны
аяқта еріткен сары май, құманшада боза – тарыдан істеген арақ,
қолдарымен тамақты жеп отыр. Қолдары май.
Қараша жігіт ұшып түрегеліп, Жилинді киіз, кілем салмаған
жерге отырғыз деп бұйырды; өзі қайта кілемге отырып,
297
қонақтарын шелпекпен, бозамен сыйлай бастады. Жалшы
Жилинді құр жерге отырғызды; өзі кебісін шешіп, есік алдына
өзге кебіспен бірге қойып, байларға таяу киізге отырды.
Аналардың тамақ жегеніне қарап, сілекейін жұтып отыр.
Татарлар шелпекті жеп болды. Бүркенген басында орама-
лы, қыздың көйлегіндей көйлегі бар, шалбарлы бір қатын кіріп
келді. Майда шелпекті қайта алып кетіп, жақсы жез шылап-
шын, қаз мойын жақсы құман әкелді. Татарлар қолдарын жуып,
жүгініп отырып, жан-жаққа ұрып бата қылды. Өздерінше
сөйлесті. Қонақтың біреуі Жилинге қарап:
– Сені қазы Мұхаммет алды деп, жирен сақалды көрсетті.
Бұл сені Абдул Мұратқа берді деп, қараша жігітті көрсетті. Енді
сенің иең Абдул Мұрат деді орысша.
Жилинде үн жоқ. Жилинге қарап, күліп, Абдул Мұрат
сөйлей бастады: «Солдат урус, хурушо» деді. «Абдул Мұрат
саған айтады, сен үйіңе хат жаз, сені сатып алсын. Ақшаны алы-
сымен сені босатам дейді» деп, тілмаш Жилинге айтты.
Жилин ойланып:
– Қанша төлеу алады? – деп, сұрады.
Татарлар сөйлесті.
– Үш мың сом, – деді тілмаш.
– Жоқ, мен мұны төлей алмаймын, – деді Жилин.
Абдул көтіне шоқ басқандай, ұшып тұра келді. Қолын олай
бір, бұлай бір сермеп, Жилинге сөйледі кеп ... Жилин татар-
шаны ұғады деп, ойлады Абдул. «Сен қанша бересін?» – деді
тілмаш. Жилин ойлап: «Бес жүз сом», – деді. Татарлар жабыр-
лап, бәрі қаптап сөйлесіп алып жөнелді. Абдул жирен сақалға
айғайлап ұрысты, аузынан көбік бұрқырады.
Жирен сақал сасып, алқынып, сүмірейіп кетті. Құр тілін
шыртылдатады.
Татарлар басылды.
– Байға 500 сом аз. Құр өзі сені 200 сомға сатып алды. Байға
қазы Мұхамметтің берешегі бар еді. Сені сол қарызға алған. 3000
сом, онан кемге босануға болмайды. Хат жазбасаң, зынданға
отырасың, қамшы жейсің», – деді тілмаш.
298
«Бұлардан қорыққан сайын жаман болады», – деп Жилин
ойлады.
Ұшып түрегеліп:
– Сен мына итке айт, мені қорқытпасын, қорқытпақ бол-
са, мен түк бермейім, хат жазбайым. Мен бұрын да қорыққан
жоқпын, енді иттерден қорықпайм!», – деді тілмашқа Жилин.
Тілмаш айтты. Тағы бәрі жабыла гулеп, сөйлеп жөнелді. Көп
бажылдасты. Қараша жігіт қарғып Жилинге келді де:
– Урус жігіт, жігіт урус! – деді.
Күліп тілмашқа сөйледі. Тілмаш Жилинге:
– Мың сом бер, – деді.
– «500 сомнан артық бермейім. Өлтірсеңдер, түк жоқ!» – деді
Жилин.
Татарлар сөйлесіп, жалшыны бір жаққа жіберді де, біресе
есікке, біресе Жилинге қарайды. Жалшы қайтып келді. Жалаң
аяқ. Жалаңаш, аяғында бұғауы бар жуан кісі еріп келді.
Костилинді танып, Жилин таң қалды. Мұны да ұстаған екен;
екеуін бір отырғызды. Екеуі бір-біріне көрген-білгенін сөйледі.
Татарларда үн жоқ, қарап тұр. Өзімен не болғанды Жилин
сөйледі. Костилиннің аты жүрмей тұрып алыпты, мылтығы от
алмапты, Абдул қуып жетіп, Костилинді ұстап алыпты.
Абдул топтан қарғып шығып, Костилинді көрсетіп, сөйледі.
– Енді екеуің бір кісінікі, кім ақшаны бұрын төлесе, соны бұрын
босатады, – деді тілмаш.
– Міне, сен ашуланасың. Жолдасың момын: үйіне хат жазды,
бес мың сом жібереді. Мұны күтеді, қинамайды, – деді Жилин-
ге.
– Жолдасым не қылса, өзі біледі. Кім біледі, бай шығар. Мен
бай емеспін. Мен нені айттым, сол болады. Керек қылсаңдар,
өлтіріңдер, сіздерге пайда жоқ. 500 сомнан артық ақша сұрап
хат жазбайым, – деді Жилин.
Топта үн жоқ. Бір уақта Абдул қарғып барып, сандықтан
қалам, бір жапырақ қағаз, сия алып, Жилинге беріп.
Жауырнынан қағып: «Жаз!» деді Жилинге. 500 сомға көнді.
Жилин тілмашқа: «Сен, әй тоқта, Абдулға айт, бізге
жақсылап тамақ берсін, бізді киіндірсін, етік берсін, екеуімізді
299
бір қойсын, бізге жақсы болады, бұғауды аяқтан алсын», – деді,
Жилин байға қарап күлді. Бай да күлді. Тілмашты бай тыңдап:
– Киімнің ең жақсысын берем: черкеске бешмет, етік берем,
қайнына барса, ұялмайды. Төредей күтем. Бірге тұрғысы келсе,
сарайда бір тұрамын. Бұғауды аяқтан алуға болмайды: қашып
кетеді. Күнде алып қойяйын деп, бай жүгіріп келіп, Жилинді
иықтан қағып:
– Твуйа хуруш, муйа хуруш! – деді. Жилин хат жазды.
Хаттың сыртына хат бармайтын қылып жазды. «Мен қашам»
деп Жилин ойлады.
Жилин мен Костилинді сарайға апарды, сабан құманмен
су, нан, екі бешмет, ескі солдаттың етігін әкеліп берді. Өлген
солдаттардан шешіп алған етік көрінді. Күнде бұғауды шешіп
алып, сарайдың есігін мықтап жауып қойды.
ІІІ.
Жилин жолдасымен өстіп бір ай тұрды. «Твуйа Иван хуруш,
муйа Абдул хуруш» деп, бай күлет те жүреді. Тамақ жаман бол-
ды. Тұзы жоқ нан, тарының ұнынан дөңгелек қылып пісірген,
әйтпесе шикі, құр илеген нан берді.
Костилин үйіне екінші хат жазды. Ақшаны күтіп, үйін
сағынды. Сарайда отырып, хат қашан келеді деп, ұзақ күн күнді
санайды, не ұйықтайды. Жилин өзі біледі, хаты үйіне бармай-
тын екінші хат жазған жоқ.
«Менің шешем қайдан мұнша ақшаны алып, мен үшін
төлейді. Өзінің күнелткені мен мұнан жіберіп тұрған ақша бо-
латын. 500 сом жиып алса, әбден сорлы кедей болады; құдай
бұйырса, өзім қашармын» деп, Жилин ойлады.
Жилин қалай қашудың қамын ойлап, қарастырды, ізденді.
Жилиннің қолы шебер еді. Күңкілдетіп өлең айтып ауылда Жи-
лин жүреді, не балшықтан қуыршақ істейді, не тал шыбықтан
шелек, құмыра тоқиды.
Бір күні бір қуыршақ істеді: аяғы, қолы, мұрны бар, үстінде
татар көйлегі бар. Қуыршақты шатырға шығарып қойды.
Ауылдың қатындары, қыздары суға бара жатыр. Байдың қызы
300
Дина қуыршақты көріп, қатындарды, қыздарды шақырды.
Құмандарын жерге қойып, қуыршақты тамаша қылып, бәрі
күлді. Жилин қуыршақты алып, мә деп, әйелдерге ұсынды.
Бұлар күліп, алуға батып, алмады. Қуыршақты тастап, сарайға
барды, не болар екен деп, Жилин қарады.
Жүгіріп барып, жан -жағына қарап, қуыршақты жұлып
алып, Дина қашып кетті.
Таңертең қараса, Дина қолындағы қуыршақпен есік алды-
на шығып тұр. Қуыршақты қызыл шүберекпен киіндірген,
бала қылып қолына алып, әлдилеп тұр. Кемпір шығып ұрсып,
қуыршақты тартып алып, бір жерге қойып сындырып, Динаны
бір жұмысқа жіберді.
Бұрынғыдан артық қылып қуыршақ істеп, Жилин Динаға
берді.
Бір күні құманды әкеліп, Жилиннің алдына қойып, күліп,
Дина Жилинге қара деп, нұсқады.
«Дина неге қуанды» деп, Жилин ойлады. Құманды алып, су
деп, ішсе, су емес, сүт. Сүтті ішіп алды. «Жақсы!» деп еді: Дина
шаттанып кеп қуанды!
– Жақсы, Иван, жақсы! – деп қарғып түсіп қолын шапалақтап,
құманды жұлып алып, қашып кетті.
Сонан бері Дина күнде Жилинге сүт ұрлап әкеліп беретін
болды. Татарлар ешкінің сүтінен құрт істейді, құртты шатырға
жайып кептіреді. Дина Жилинге құрт таситын болды. Бір күні
бай қой сойып еді, Дина жеңіне тығып ет әкеліп берді. Етті
әкеліп, лақтырып тастап, өзі қаша жөнеледі.
Бір күні қатты күн жауып, жарқылдап, күркіреп бір
сағат құйды, су шелекпен төккендей көп болды. Бұрқылдап
өзеншіктің бәрі, лайланып, тасып жөнелді. Өткелдің бойы үш
кез көтерілді, су тасты домалатты. Дүниенің бәрін тасыған өзен
қаптап кетті, тау жаңғырығады. Жаңбыр басылып еді, ауылда
үй арасынан өзен ағып жөнеледі. Жилин байдан пышақ сұрап
алып, білек, тақтай, дөңгелек істеп, дөңгелек қанат байлап,
білектің екі басына екі қуыршақ міңгізді.
Қыздар Жилинге шүберек әкеліп берді. Жилин қуыршақты
киіндірді: біреуін еркек, біреуін қатын қылып; мықтап
301
екеуін отырғызып, дөңгелекті суға салды. Дөңгелек дөңгелеп,
қуыршақтар секірді, биледі.
Ауылдың бәрі жиылды: балалар, қыздар, қатындар, татар-
лар келді, таң қалып:
– Ей, урус! Ей, Иван! – деп, таңдайларын қақты.
Абдулдың сынған сағаты бар еді. Жилинді шақырып сағатын
көрсетті.
– Әкел, түзетейін, – деді Жилин.
Сағатты алып, бұзып, қарап, түзетіп, қайта орындастырып,
өзіне берді. Сағат жүріп кетті.
Бай қуанды. Далба -далба ескі бешметін әкеліп, Жилинге
сыйлады. Не қыласың, құдай қылған соң: түнде жамылармын
деп Жилин алды.
Сонан бері Жилиннің шебер атағы жайылды. Алыстағы
ауылдардан Жилинге біреу мылтық, біреу құлып, біреу сағат
түзетуге әкелетін болды. Бай қайшы, бұрғы, егеу тағы өзге уақ
аспап тауып берді. Бір татар ауырып еді, Жилинге: «Жүр, ау-
руды емде» деп, келді. Жилин қалай емдерін білмейді. Барды,
ауруды көрді: «Кім біледі, өзінен өзі жазылар» деп, ойлады.
Сарайға барды да құмды алып сумен былғады, араластырды.
Татарларға көрсетіп, құмға әлгі лайға үшкіріп, ауруға іш деп
берді. Жилиннің бағына татар оңалып кетті. Жилин татардың
тілін біле бастады. Таныс татарлар керек қылса, Иван, Иван деп
шақыратынын білді. Өзге татарлар Жилиннен осқырып атша
үркеді.
Жилинді жирен сақал жек көреді. Көрсе, қабағы жабы-
лып кетеді, не өзі сырт береді, не Жилинді боқтайды. Таудың
ар жағындағы бір ауылдан келетін бір шал бар еді. Намазға
келгенде ғана бұл шалды Жилин көретін. Тапал ақ сәллелі
шал. Беті өкпедей қып -қызыл, қатпар -қатпар мұрын басқан,
сақалын қырыққан, сақал -мұрты аппақ мамықтай. Мұрты имек
қаршығаның тұмсығындай, сүйкімсіз көк көз, тіс жоқ, екі азудан
басқа. Басында сәллесі, қолында таяғы, қасқырша жан-жағына
алаң-шұлаң қарап, келе жатты. Жилинді көрсе, пысқырып,
теріс қарап кетеді. Бір күні шалдың қайда тұрғанын көрейін
302
деп, Жилин тауға жүрді. Соқпақпен келе жатыр; алдында
бақша, тас қалап қоршалған; ішінде жеміс ағаштары, жалпақ
шатырлы кішкентай үй. Жақындап барып еді: сабаннан тоқыған
араның ұялары, шулап, ұшып жүрген көп ара. Шал жүгініп
араның ұясының алдында отыр, бір нәрсе қылып жатыр. Жи-
лин анықтап көрейін деп, тауға өрледі, бұғауды сылдыратты.
Шал жалт қарап, шошып кетті. Ең деді де белінен мылтығын
суырып алып, Жилинді атып жіберді. Тасқа қорғалап, Жилин
оқтан аман қалды.
Шал арыз қыла байға келді. Бай Жилинді шақырып, күліп:
– Сен шалға неге бардың? – деді.
– Мен шалға түк жамандық қылғам жоқ. Ақсақал қалай
тұрады екен деп, көруге бардым, дейді, – деп, бай шалға Жилин
болып жауап берді.
Шал ашуланып, кіжініп, зілдеп, бірдеңе деп, татарша
сөйлеп, аузын ақситып, Жилинге жұдырығын түйді. Шалдың
не дегенінің бәрін Жилин ұққан жоқ, бірақ Жилин мынаны
естіді: орысты ауылға ұстама, өлтір деп шал байға бұйырды да,
үйіне қайтып кетті.
– Бұл шал кім? – деп, Жилин байдан сұрады.
– Бұл бір атақты кісі! Мұнан асқан жігіт болмаған. Көп
орысты өлтірген. Бай болған. Үш қатын, сегіз үй болған. Бәрі
бір ауылда тұрған. Орыстар келіп, ауылды шауып, жеті ұлын
өлтірген. Тірі қалған жалғызы орысқа шығып кетті. Шал өзі ба-
рып, орыс жаққа шықты. Орыстың қолында үш ай жүріп, ба-
ласын тауып, өлтіріп, қайта қашып, келді. Сонан бері соғысты
қойды. Меккеге барып келді, сәлле салып жүргені сол. Меккеге
барған сәлле салады, қажы атанады. Орысты иттің етінен жек
көреді. Маған сені өлтір деді. Бірақ, мен сені қалай өлтірем?
Мен сен үшін ақша төледім. Жана, Иван! Мен сені сүйдім. Сені
өлтірмек түгіл, жібермес едім, бірақ саған уәде беріп қойдым
ғой. Өзі күлет те:
«Твойа Иван, хуруш, муйа Абдул, хуруш» деп орысшылай-
ды.
303
IV.
Жилин тағы бір ай тұрды. Күндіз ауылды қыдырады, іс
қылады. Түнде ауыл жатқан соң сарайға келіп, жер қазады.
Тасты қазу қиын болды, тасты егеумен егеу. Сарайдың
қабырғасының астынан кісі сиятын тесік қазып алды. «Енді қай
жаққа қашатынды білсем ... бірақ татарлар түк айтпайды» деп,
Жилин ойлады.
Бір күні бай үйде жоқта төстен тайып жер болжайын деп
тауға барды. Жилинді көзден таса қылма деп, бай кетерде ба-
ласына тапсырып кеткен. Баласы айғайлап, Жилинге жүгіріп
келді: «Қайт! Әкем айтты. Қазір жұртты шақырам!» – деді бала.
Жилин баланы арбады:
– Мен алысқа бармайым, ана таудың ғана басына шығайын:
Мен дәрі шөп іздеп жүрмін. Өздеріңді емдейім, жүр менімен;
мен бұғаумен қашып құтылмайым. Ертең саған садақ, оқ істеп
берем, – деді.
Баланы көндірді. Екеуі жүрді қарамаға тау жағын, бірақ
бұғаумен тауға шығу қиын. Қанша жүріп, өліп талып таудың
басына әзер шықты. Жилин отырып, жан-жақты қарастырды.
Сарайдың түстік жағында сай. Сайда жылқы жатыр, төменгі
жақта тағы бір ауыл отыр. Ауылдың ар жағы бір-бір тіп-тік тау.
Бұл таудың ар жағы – тағы тау. Таудың арасы көгерген ағаш.
Мұның ар жағы тағы көп тау, бірінен-бірі биік. Бәрінен биік
тау, басы қант сияқты, қардың астында тұр. Бір қар басқан биік
өзге тауға бөрік болып тұр. Күншығыс, күнбатыс бәрі осын-
дай таулар; анда-санда әр жерде сайда түтін шығады. Ауыл
көрінеді. «Мұның бәрі татар жері» деп, Жилин ойлады. Орыс
жаққа қарады: аяқ астында өзенсымақ, өз ауылы, айнала бақша.
Өзеншіктің қабағында қуыршақтар – кір жуып отырған ауылдың
қатындары. Ауылдан төмен тағы тау, мұның ар жағында тағы
екі қабат тау, басы ағаш; екі таудың арасы көгерген дала, далада
алыстан – алыста сүйретілген түтін көрінеді. Жилин бұрынғыны
еске алды: өзі қорғанда тұрғанда күн қайдан шығып, қайдан ба-
татын еді. Қараса, көзіне елестейді! Ана өлкеде тұрған болса ке-
рек. Соған мына екі таудың арасымен қашам деді.
304
Күн батып барады. Ақ бас таулар қызғыл тартты, қара тау-
лар қараңғы тартты. Сайдан бу шықты. Қорғанның өлкесі батып
бара жатқан күнге шағылысып оттай жанды. Жилин қадалып
қарады, өлкеде шұбалып, түтін шыққан сияқты көрінді. Жилин
орыстың қорғаны осы деп, бекіді.
Кеш болып кетті. Азан естілді. Малды айдап келеді, сиыр
мөңірейді. Бала Жилинді ауылға жүр деді; Жилиннің жүргісі
келмейді.
Ауылға қайтып келді. «Енді жерді білдім, қашу керек» деп,
Жилин ойлады. Сол түнде қашпақ болды. Ай жоқ, түн қараңғы
еді. Жилиннің сорына татарлар кешке қарсы қайтып келді.
Бұрын ауылға мал айдап қайтса, қуанышты болып, қайтатын
еді. Бұл жолы айдаған мал жоқ, өңгеріп өлген жирен сақалдың
інісін әкелді. Бәрі ашуланып, келді. Өлікті қоюға топ жиылды.
Көрейін деп, Жилин шықты. Өлікті кебінге орап, ауылдан алып
шығып, шынар ағашының түбіне қойды. Молла келді, шалдар
жиылды, орамалдарын алып, сәлле қылды, етіктерін шешіп
өлікке қарап жүгініп отырды. Алдында молла, мұның артында
қатар үш сәллелі шал, бұлардың артында татарлар. Бәрі тым-
тырыс үндемей отырды ... Көп отырды. Бір уақта молла басын
көтеріп:
– Алла! – деді. Тағы бәрі төмен қарап отырды. Үндемей оты-
рысты, қозғалмайды.
Молла тағы басын көтеріп:
– Алла! – деді, топ «Алла!» тағы тым-тырыс қоя қойды.
Өлік жерде жатыр – қимыл жоқ, топта да өліктей қимыл
жоқ. Бәрінде биттей дыбыс жоқ. Жалғыз-ақ шынардың
жапырағы, жел тиіп қозғалады. Молла намазын оқыды, топ
түрегелді. Өлікті жерден көтеріп қолға алып, жөнелді ... алып
көрге әкелді. Қолтығынан, тірсегіне алып, өлікті қазған көрдің
өңгіріне апарып қойды.
Жалшы барып көк қамыс әкелді. Көрге қамысты салып, үстін
топырақпен толтырды, тегістеді де, қабірдің басына бір тас
тұрғызып қойды. Тағы үн жоқ, түн жоқ бәрі отырды. Мәйіттің
басында өстіп көп отырды.
– Алла, Алла! – деп, өксіп бәрі тұрып кетті.
305
Жирен сақал шалдарға ақша берді. Қамшыны алып, өзін-өзі
басқа үш тартып, үйге қайтты.
Таңертең Жилин қараса, жирен сақал бір биені жете-
леп келеді, артынан үш татар ерген. Ауылдан аулақ алып
шықты. Бешметті жұлып тастады, жұп-жуан білегін сыбан-
ды, қанжарды алып, қайрады. Татарлар биенің басын жоғары
көтеріп ұстап тұрып еді, жирен сақал қанжармен бауыздап
жіберді. Биені жығып, жұдырығымен сүрмелеп терісін алды.
Қатындар, қыздар келіп ішек-қарын аршыды. Балталап биені
бұзып, үйге кіргізді. Ауылдың бәрі жирен сақалдың үйіне асқа
жиналды.
Үш күн ұдай биені жеп, боза ішті. Татарлар бәрі үйде бол-
ды. Төртінші күні түсте бәрі бір жаққа жүргелі жүр. Мұны Жи-
лин сезді. Аттарды әкеліп, ерттеп, он кісі, ішінде жирен сақал,
жүріп кетті; жалғыз ақ Абдул үйде қалды. Ай жаңа туған, түн
қараңғы еді.
– Енді бүгін түнде – қашам – деп, ойлап, Костилинге сырын
айтты. Костилин шошып кетті.
– Қалай қашамыз? Біз жолды да білмейміз, – деді Костилин.
– Мен жолды білем, – деді Жилин.
– Түнімен жете алмаймыз да, – деді Костилин.
– Жете алмасақ, бір ағашқа қона кетеміз. Мен, міне, нан ал-
дым. Сен осында отырасың ба? Ақша жіберсе, құба-құп, ол
ақша жиылмас та. Біздің орыс кісісін өлтірді. Татарлар енді
келді. Бірсыпыра сөйлесіп жүр: бізді өлтірмек, – деді Жилин.
Ойланып, ойланып:
– Жарайды, жүр! – деді Костилин.
V.
Костилин сиятын қылып, Жилин тесікті кеңейтті; ауылдың
әні өшсін деп, отырып екеуі күтті.
Ауылдың оты өшкен соң, Жилин тесіктің ар жағына шықты.
«Шық!» деп, Костилинге сыбырлады. Костилин тесікке кіріп,
аяғына бір тасты іліп алып, салдырлатты. Байдың ала иті сақ
болатын. Ала иттің аты Ұлашын. Жилин тамақ беріп, өзіне үйір
қылып қойған. Ұлашын Костилиннің сылдырын естіп, үріп
306
тұра жүгірді, мұның артынан ауылдың бәрі иті жүгірді. Жи-
лин ақырын ысқырып қойып, Ұлашынге бір шелпекті тастай
берді. Ұлашын Жилинді танып, құйрығын бұлғақтатып, ерке-
леп үрмей тоқтады.
Бай естіп, үйде жатып:
– Ит, ит, Ұлашын! – деп, айтақтады.
Онда Жилин Ұлашынның құлағының түбін қасып тұр. Ит
үрмейді, Жилиннің аяғына қасынады, құйрығын сипақтатады.
Қораның артында әрі-бері отырды. Тағы тыныш болды.
Қорада қой жөтеледі, сайдың аяғында тастан аққан су сыл-
дырайды. Түн қараңғы, жұлдыздар аспанда биік көрінеді; тау
мініп, жаңа туған ай шалқалап қызарып тұр. Сайдағы тұман
аппақ сүттей.
Түрегеліп, «Бауырым, жүр!», – деді Жилин.
Жөнелді; жүре беріп еді, «Бісмилла рахман рахим!» деген
молланың дауысы естілді. Енді жұрт мешітке барады. Бұғып
қабырғаның түбінде тағы отырды. Жұрт мешітке өтіп болғанша
көп отырды. Тағы тыншықты.
«Құдай жолды қылсын» деп, шоқынып алып, екеуі жүріп
берді. Қораны көктей өтіп, қияның түбімен өзен сымақ барып,
саймен кетті. Қалың тұман төмен жатыр. Төбеде жұлдыз азар
көрінеді. Жилин жұлдызға қарап, жолды түзеп келеді. Түн
салқын, жүруге жақсы. Бірақ қисық етік жүріске жаман болып
келеді.
Жилин етікті шешіп тастап, жалаң аяқ жөнелді. Тастан тасқа
ыршып түсіп, жұлдызға қарап жолын түзеп келеді. Костилин
сабырлайын деді.
– Ақырын, – етігім аяғымды қажап жеп қойды, – деді Кости-
лин.
– Олай болса, шеш! Жеңіл болады, – деді Жилин.
Костилин жалаң аяқ жүрді. Бұрынғыдан жаман болды:
аяғын тас тіліп кетті. Костилин кейін қала берді.
– Тас тілсе, аяғың жазылады. Қуып жетсе, бізді өлтіреді, –
деді Костилинге Жилин.
Костилинде үн жоқ, ыңқ-ыңқ етіп келе жатыр. Бүктетіліп
етекпен көп жүрді. Бұл жақтан ит үрді. Жилин тоқтады да
қарап, тауға жабысты, қолымен сипап көрді.
307
– Е, адастық, қамшы жаққа бұрылып кетіппіз. Мұнда бір
бөтен ауыл болатын, мен бұл ауылды таудан көріп едім; кейін
қайтып мынау жаққа бұрылу керек, тауға шығамыз, сонда
алдымызда ағаш болады, – деді Жилин.
– Біраз тоқта, азғана дем алайын; аяғымнан қан сорғалап
келеді, – деді Костилин.
– Е, бауырым, жазылады; сен жеңіл секір, былай қарғы! –
деп, Жилин киіктей қарғып түсті.
Жилин кейін қайтып, мінер жаққа бұрылып, тауға, ағашқа
тартып, жүгіріп кетті.
Костилин ыңқылдап, қалып келеді. Костилинге ақырын
дейді, Жилин жүгірді.
Таудың басына шықты. Айтқандай ағаш. Ағашқа кіріп,
бұтақ пен тікенге жаман киімді берді. Ағаштың ішінде соқпақ
тауып алды, жүрді.
– Тоқта! – жолдан аттың дүбірі шықты. Тоқтады, тыңдады.
Шапқан аттың дүбірі шықты да тоқтады. Бұлар жүріп еді –
тағы дүбір шықты. Бұлар тоқтаса, дүбір де тоқтайды. Жилин
еңбектеп барып, жарыққа шығып жол үстінен қарады, жолда
бірдеңе қараяды: ат дейін десе ат емес, аттың үстінде таң
қаларлық бір нәрсе, кісі сияқты емес. Пысқырды – естіліп тұр,
«бұл не керемет!» Жилин ақырын ысқырып еді, – жолдан ағашқа
ыршып кетті .. ағаштың ішінде ағаш, бұтақ қирап барады, дуал
соққандай.
Костилин қорқып, жығылып қалды. Жилин күледі.
– Бұл бұғы, естисің бе, мүйізімен ағашты қиратып бара
жатыр. Біз онан қорықтық. Ол бізден қорқады, – деді Жилин.
Тағы жүрді. Алты арқар көтеріліп қалыпты. Таң атуға аз
уақыт қалды. Келе жатқан жол түзу ме, жоқ па білмейді. Жи-
лин ойлап келеді: өздерін байлап алып келгенде, осы жолмен
әкелген. Елге шейін 10 ақ шақырым қалса керек. Дәл анық белгі
жоқ. Түнде айырып бола ма? Бір далаңқайға шықты. Костилин
отырып:
– Не қылсаң, өзің біл, мен жүрмеймін, аяғым жүруден қалды,
– деді.
Жилин Костилинге жалынды.
308
– Жоқ, жете алмайым. Әлім жоқ, – деді Костилин.
Жилин ашуланып, боқтап:
– Олай болса, мен өзім жалғыз кетем. Қош! – деді.
Костилин шоршып тұрып, жүріп кетті. Төрт шақырым жүр-
ді. Ағаштың тұманы бұрынғысынан қоюланды; түк көзге кө-
рінбейді. Жұлдыздар азар-азар көзге ілінеді.
Алдарында аттың шапқан дүбірі естілді. Тағасы тасқа
шағылысып келеді – естіліп тұр Жилин етпетінен жатып,
құлағын жерге салып тыңдады.
– Бір атты тура бізге келе жатыр.
Жолдан тайып шығып, бұтаға қорғалап, бұғып отырды. Жи-
лин еңбектеп жолға барып, қарады – бір сиырды айдап, келе
жатқан атты татар. Өзі-өзіне ақырын өлеңді соғып айтып келеді.
Татар өтіп кетті. Жилин Костилинге қайтып келді.
– Е, құдай сақтады. Тұр, жүрейік. – Костилин тұра беріп,
жығылып қалды.
– Құдай біледі. Әлім жоқ! Жүре алмайым; менің түк күшім
жоқ, – деді Костилин.
Ауыр бос неме терлеп жіберді. Ағаштың ішінде суық
тұманға тоңып, аяғын тас тілген, Костилин жүнжіп кетті. Жи-
лин Костилинді күшке салып көтермек болды.
– Ау, ауырады! – деп, Костилин айғай салды.
Жилин таң қалып тұрып қалды.
– Неменеге айғайлайсың? Татар жақында естіп қоймай
ма? Мына сорлы шынымен бос белбеу болды. Мен мұны енді
қайтем? Жолдасты тастаған жөн болмас – деп, Жилин ойлады.
– Е, тұр, жүре алмасаң, мен арқалап – кетейін деп: Жилин
Костилинді арқалады, қалтасынан қолын салып, жолға алып
жөнелді.
– Бірақ, құдай үшін сұрағаным, тамағымнан алып мені
буындырма, иығымнан ұстап отыр, – деді Жилин.
Жилинге оңай болмады; аяғынан қан сорғалап жүр, өзі бол-
дырды. Тоқтап, еңкейіп арғытып, жоғары отыр деп, Костилинді
түзетіп алып, тағы жүріп берді.
Костилиннің айғайлаған дауысын татар естіп қойды білем,
арттарынан біреу дауыстап, шауып келеді; татарша шақырады.
309
Соны естіп Жилин бұтаға кіріп жоқ болды. Татар мылтығын
алып, басып қалды, оқ тимеді, ойбайлап, татар жолмен қашып
жөнелді.
– Е, бауырым, өлдік! – бұл ит енді татарлардың бәрін жиып
бізді қуады. Бір үш шақырым – қашып кете алмасақ – өлдік.
Қандай шайтан мына мешелді маған алғызған, жалғыз болса,
бағана қашып құтылам ғой, – деп Жилин ойлады.
– Мен үшін сен неге өлесің? Жалғыз кет! – деді Костилин.
– Жоқ, кетпейім: жолдасты тастаған оңбайды, – деді Жилин.
Иығынан ұстап, сүйретіп жөнелді. Бір шақырым жүрді.
Алғы ағаш; шығатын жол жоқ. Жұлдыз жоғалды, тұман азай-
ды, бұлт шығып келеді, Жилин дамықты.
Жолда тас қойған бұлақ. Тоқтап, Костилинді түсірді. – Дем
алайық, су ішейік, шелпек жейік, таяндық білем, – деді Жилин.
Жаңа суға ерні тиіп еді, артынан шыққан аттың дүбірін
естіді. Тағы ыршып, бұтаға кіріп, қияның түбінде бұғып, жата
қалды.
Татарлардың дауысы естілді; Дәл қашқандардың жолдан
шыққан жеріне келіп тоқтады. Әр-бері сөйлесіп, итті айтақтады.
Бұтаны сындырып, тура қашқындарға бір бөтен ит келе жатыр,
тоқтап, тұра қалып, үріп қоя берді.
Қаптап келеді көп татар, бәрі бөтен. Ұстап, байлап, атқа
міңгізіп алып жүрді.
Үш шақырым жүрген соң екі жолдасы қасында Абдул қарсы
жолықты. Татарлармен сөйлесті де аттарына мінгізіп алып,
қайта аулына алып жүрді.
Абдул күлмейді, үндемейді, қашқындарға бір ауыз сөз
қатпайды.
Таң ата ауылға әкеліп, орамға отырғызып қойды. Жүгіріп
балалар жиылды. Қашқындарды таспен, қамшымен ұрады,
қуанып айғайлайды.
Топ жиылып, дөңгеленіп отырды. Қажы шал да келіп жетті,
кеңес құрды. Қашқындарды не қылуды кеңесті. Біреулер айтты,
тау ішіне қиынға сақтау керек деді. Қажы өлтірген ақ оң болар
деді. «Мен бұлар үшін ақша төледім, ақшамды төлетіп алам»
– деп, Абдул дауласты. «Бұлар саған түк төлемейді, көп кесір
310
қылады, орысты асыраған күнә. Өлтіру керек» – деп, қажы та-
ласты.
Топ тарқады. Бай Жилинге келіп:
– Екі жұмада сендерді сатып алуға ақша жібермесе, дүрелеп
сендерді өлтірем. Тағы қашпақ болсаң, иттей ұрып өлтірем.
Хат жаз, жақсылап жаз! – деді.
Қағаз әкеп берді. Жігіттер хат жазды. Бұғауды жақсылап
салып, мешіттің ар жағына апарып тастады: мұнда бес кез бір
зындан бар еді, екеуін соған тастады.
VI.
Жилин мен Костилинге жаман болды. Бұғауды алмады.
Жарық күнге шығармады. Итке тастағандай шала піскен нан
тастады, суды құманды жіпке байлап тастап беретін бол-
ды. Зындан іші сасық. Ауа нас, дымқыл. Өне бойы сырқырап,
ісіп-кеуіп Костилин ауырды; ұйықтамаса, зарлап отырады.
Іс жаманға айналғанын көріп, Жилин де босаңсыды. Қалай
қылып, шығарын білмеді.
Тағы қазып шықпақ болып еді, топырақты тығатын жер жоқ.
Бай біліп қойып, өлтірем деп, зекиді.
Жилин бір күні қайғыланып, бұрынғы бостандық күн-ай!
деп, жүресінен зынданда отыр еді. Тізесіне аспаннан шелпек,
алма жауды, жоғары қарап еді: Дина тұр. Жилинге қарап,
күліп, жүгіріп қайтып кетті.
«Дина болыспас па екен?» деп, Жилин ойлады.
Бір жерді тазалап, балшығын алып, қуыршақ жасады. Кісі,
ат, ит бәрі даяр болды. «Дина келсе, ылақтырып тастайын» деп,
Жилин ойлады.
Бірақ келер күні Дина келмеді. Жилин есітті: көп аттың
дүбірін, көп кісілер келді, татарлар мешіттің қасына топ жиып,
керісті, шуласты, орыс-орыс десті. Шалдың дауысы да шығады.
Не болғанды білмесе де, сезді: орыс келіп қапты.
Ауылға келе ме деп, татарлар қорқады. Қолдағы тұтқын
орыстарды қайтеміз деп, састы.
Әрі-бері сөйлесіп, тарқады. Жоғарғы жақтан сыбдыр
естілді. Қарап еді: жүресінен Дина отыр, тізесі басынан асып,
311
зынданға төніп салбырап тұр, мойнындағы теңгесі түсіп кет-
кен, зынданның ішінде бұлғақтайды. Көзі түндегі кішкене
жұлдыздай жарқ-жұрқ етеді. Жеңінен алып екі ірімшік дөң-
гелекті Жилинге тастай берді. Жилин алды да:
– Неге көптен бері келмедің? Мен саған ойыншық істеп
қойдым. Мә деп, бір-бірден қуыршағын лақтырды.
Дина қарамады, басын шайқайды.
– Керек емес! – әрі-бері үндемей отырып: – Иван! Сені
өлтіргелі жүр, – деп, қолымен өзінің мойнын өзі көрсетті.
– Кім мені өлтіретін? – деп, Жилин сұрады.
– Әкем – шалдар «өлтір» деп бұйырды, мен сені аяймын, –
деді Дина.
– Мені аясаң, маған бір ұзын сырғауыл әкел, – деді Жилин.
– Жоқ! – деп, Дина басын шайқайды. Жилин қолын қусырып,
Динаға құл болып, тәңірден тілегендей, тілеп тұр:
– Дина! Қарағым Дин! Әкел! – дейді Жилин.
– Болмайды, көріп қояды – бәрі үйде – деп, Дина кетіп қалды.
Кешке отырып: «Енді не болады?» – деп, Жилин ойлады.
Жоғары қарай береді. Жұлдыздар жайрап тұр, ай әлі туған
жоқ. Молла азанын шақырды. Тып-тыныш. Қалғып бара жатып:
«Қыз қорқар», – деп ойлады.
Соның арасынша болмай Жилиннің басына топырақ
құйылды. Жоғары қарап еді, бір ұзын сырғауыл қабырғаға
тіреліп келеді, сырғанап зынданға түсті. Қуанып, ұстай алып
Жилин қарап еді: бір жақсы сырғауыл. Өзі бұрын шатырда
жатқанын көріп, «сеніме» деп қойған еді.
Жоғары қарап еді: аспанда – биікте жұлдыз үйір-үйірімен
жарқылдайды, зынданның қабағында көзі қараңғыдағы мысық-
тың көзіндей жанып, Дина тұр. Бетін жерге тигізе төмен ең-
кейіп қарайды.
– Иван! Иван! – деп, сыбырлап, қолын бұлғады: «Ақырын-
ақырын» дегені мұнысы.
– Не? – деп Жилин сұрады.
– Бәрі кетті, екеу-ақ қалды, – деп Дина жауап берді.
– Ал, Костилин, жүр қашайық, алды да, арты да осы. Мен
сені көтерейін, – деді Костилинге Жилин.
312
Костилиннің естігісі келмеді.
– Жоқ, мен енді мұнан шықпаспын. Мен қозғала алмай
жатып, қайда барам? – деді Костилин.
– Олай болса қош! Жамандама! – деп, Костилинмен сүйісіп
қоштасты.
Сырғауылдың бір басын Динаға ұстатып, бір басын құшақтап
өрмеледі. Бұғау байлау болып, екі қайта жығылды. Костилин
сүйеп болысты. Өлдім-талдым дегенде жер үстіне ілінді. Дина
бар күшімен көйлегінен тартып: өзі күледі.
Жилин сырғауылды алып:
– Мынаны орнына апарып таста, біліп қойып, сені сабар, –
деді Жилин Динаға.
Сырғауылды сүйретіп Дина кетті. Тауды бөктерлеп Жилин
жөнелді. Қиядан түсіп, өткір тас алып, бұғаудың құлпын
айналдырды. Құлып мықты екен көнбеді... сындыруға да
ыңғайсыз. Біреу лақтай ойнап, таудан домалап, түсіп келеді.
«Бұл дәуде болса, Дина шығар» деп Жилин ойлады.
Жүгіріп келіп, тасты алып:
– Қане, мен сындырайын, ба? – деді Дина.
Тізелеп жерге отырып, құлыпты айналдырды. Қолы жіңішке,
тал шыбықтай, түк күш жоқ. Тасты тастай беріп, жылап
жіберді. Жилин құлыпты өзі қолға қайта алды. Дина жүресінен
отырып, Жилинді иінінен ұстап тұр. Жилин қарап еді: мінер
жақта тау жанып қызарып келеді, бұл туып келе жатқан ай
екен. «Ай туғанға шейін шаттан өтіп, ағаш кірейін» деп Жилин
ойлады да, тасты тастап, түрегелді. Бұғауда болсам да жүрейін
деп: «Қош қарағым, Дина жан. Өмірімде сені ұмытпан!», – деді
Жилин.
Дина жүр жармасып – Жилинді қармалап тінтіп, қолында
жолға әкелген дөңгелек нан, қайда тығып берерін біле алмай,
Жилин нанды алды.
– Рахмет, шырақ. Мен кеткен соң, кім саған қуыршақ қылып
береді? – деп, Жилин Динаны басынан сипады.
Жылап, қолмен бетін басып, Дина лақтай қарғып, тауға
жүгіріп, жөнелді. Бірақ, түнде арқасын соғып, сылдыраған
шашбауының дыбысы естіледі.
313
Жилин қуанып, бұғаудың құлпын, сылдырамасын деп, кө-
теріп ұстап, жолға түсіп жөнеп берді; аяғын сүйретіп келеді, екі
көзі туып келе жатқан айда. Жолды таныды. Тура жүрсе, сегіз
шақырым. Ай әбден жарық толғанша ағашқа жетсем дейді.
Өзеншеден өтіп еді, таудың ар жағы жап-жарық болып кетті.
Саймен келе жатыр, жан-жаққа жалақтап қарай-қарай: әлі ай
көрінбейді. Таң атып келе жатқандай сайдың бір жағы жарық
болып келеді. Көлеңке құлдырап таудан құлап, домалап
Жилинге келе жатыр.
Көлеңкені тасалап, Жилин келеді. Қашқын да сасып, асығып
келеді. Ай мұнан да жылдам туып келеді; қамшы жақта
таудың басы жап-жарық болып кетті. Жилин де ағашқа келіп
жетті, ай да сытылып таудың басына шыға келді: аппақ жарық
күндізгідей. Ағаштың биттей жапырақтары көрінеді. Тып-
тыныш, таудың бәрі жап-жарық. Тіршіліктен түк хабар жоқ
сияқты, бірақ төменгі жақта өзеншік сылдырайды.
Ағашқа келіп жетті, ішкім жолыққан жоқ. Бір қараңғы жер
тауып алып, отырып демалды.
Демалып, нанды жеді. Тас тауып алып, тағы құлыпты қолға
алды. Қолын жаралап, сонда да бұғауды сындыра алмады.
Тұрып, жолмен жүрді. Он қадам жүріп, тоқтап, демалады.
«Не қыласың, жүргенше жүре бермей, отырсам тұрмаспын.
Қорғанға бәрібір жете алмайым; таң ата ана ағашта жатып,
түнелтіп, күнде тағы жүрем» деп, Жилин ойлады.
Түнімен жүрді. Екі ақ салт атты татар жолықты. Дыбысын
алыстан естіп, Жилин ағаштың тасасына бұғып, жасырынып
қалды.
Айдың жарығы көмескі тартты. Таң таянды. Жилин әлі
ағаш тың шетіне де жеткен жоқ. «Бір отыз қадам жүріп, ағашқа
бұрылып, отырам» деп, Жилин ойлады. Отыз қадам жүріп еді
– жап-жарық: таң атып кетті. Алақанға салғандай алдында дала,
қорған, қамшы жақта, аяқ астында бөктерде жанып сөнген от,
қаптаған түтін; отты айнала отырған кісілер.
Сығалап қарап еді: атты – казак, солдат, күнге шағылысқан
көп мылтық.
314
Жилин қуанып кетті, бар күш-қуатын жиып алып, таудан
құлап жүрді. «Құдай өзі сақтасын, мына мидай далада салт
татар көрмесін: көрсе, жақын қалса да құтылмайсың» деп,
Жилин ойлап, қараса: қамшы жағында 300 қадам жерде дөң
үстінде үш кісі татар тұр. Жилинді көріп, атты қуып қалды.
Жилиннің үрейі ұшып кетті. Қолды бұлғап бар күшін жиып
алып:
– Бауырым, құтқар!... Бауырым!... деп, Жилин солдаттарға
алға салды.
Солдаттар есітті. Атты казактар аттарына мініп, татарлардың
алдын ала Жилинге қарай шапты.
Атты казактарға алыс, татарларға Жилин жақын. Бар қалған
күш-қуатын жиып алып, бұғауды қолымен көтеріп, есі шығып,
шоқынып, атты казактарға қарай жүгіріп:
– Бауырым! Бауырым! Бауырым! – деп, Жилин айғайлады.
Атты казактар 15 кісі.
Татарлар қорқып, аттың басын тежеді, жолға жетпей
тоқтады.
Атты казактарға Жилин жүгіріп, жетіп келді.
Атты казактар қамап алып: – Кімсің, не қылған кісісің, қайдан
келесің? – деп сұрады. Жилинде ес жоқ, жылап:
– Бауырым! Бауырым! – дей береді.
Жүгіріп келіп, солдаттар Жилинді қамап алып, біреуі нан,
біреуі ботқа, біреуі арақ беріп жатыр. Біреу үстіне шекпен
жапты, біреу бұғауды сындырып жатыр.
Солдат бастықтары төрелер танып, Жилинді қорғанға алып
жүрді. Солдаттар қуанды, жолдастары Жилинге жиылды.
Көрген-білгенін Жилин баян қылып:
– Үйге барып, қатын алдым! Бұл маған жоқ шығар! – деді.
Қызмет қылып, Жилин Кавказда қалды. Бір айда бес мың
сом беріп, Костилинді сатып алды. Құр шыбын жаны ғана азар
келді.
315
Достарыңызбен бөлісу: |