42
көрнекті өнеркәсіп және мемлекет қайраткері болатын сыңай
танытып үлгерді. Жезқазған кенішін игерудің басы-қасында со-
нау баста кім тұрды деген сұрақ – әлі бейтарап әрі тиянақты
зерттеуді талап ететін маңызды тақырып. Бұл да тарихтың бір
зор ақтаңдақ беті. Тарихтың әділдікті атайтын кезі келді.
1934 жылы елағасы, сонымен қатар, Е. Пешкованың күш-
жігерімен А. Байтұрсынұлын Архангельскідегі лагерден
шығарып алды. Интернеттегі википедия мәліметіне қарағанда,
Францияда эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай сол маңайға
аялдаған Францияның сауда кемесімен М. Дулатұлын Соловки-
ден қашырмақ болған көрінеді. Бірақ бала-шағасының кейінгі
тағдырын ойлаған Мадияр қашудан бас тартыпты. Бұл қиялдан
шыға қойған мәліметке ұқсамайды. Патша заманында астыр-
тын әрекет етуден (конспиративная деятельность) мол тәжірибе
алған Алаш көсемінің оған да қатысуы болуы мүмкіндігін
теріске шығаруға асықпайық. Өйткені өзінің саяси шәкіртінің
бірі – М. Шоқаймен шекара асқан сәттен бері астыртын байла-
нысын үзбеген Ә. Бөкейхан болатын. Елағасы азап лагерлеріне
айдалған үзеңгілестерінен де хабар үзбеді. Міржақып інісіне
жолдаған хатын 1934 жылдың 26 қыркүйегінде, яғни Жақаңның
зайыбы Ғайнижамал мен қызы Гүлнар өзінің бір бөлмелі
пәтеріне түнеп, оларды елге қарай жолға шығарып салысымен
жазған. Бұл жалғыз да соңғы хат емес, күні бүгінге жеткені ғана.
Қалай болғанда да, Алаш көсемі Мадиярды босатып үлгермеді:
ол 1935 жылдың 5 қазанында Сосновецк лагерінің Орталық
лазаретінде көз жұмып, бейбіт күнде опат болған Алаш
қайраткерлерінің алды болды. Соңы емес-ті.
Сол жылы лагерден шыққан тағы бір үзеңгілесі Жан-
ша Досмұхамедұлы, туған бажасы Т. Рысқұлұлының қол-
паштауымен Мәскеуде пәтер тауып, тәуір жұмысқа да орнала-
сады. Оның 1938 жылдың 2, 4, 7 шілдесінде НКВД жендеттеріне
берген жауабына қарағанда, 1935–1937 жылдары Қыр баласы-
мен «2–3 айда, кейде жарты жылда бір рет не оның, не өзінің
пәтерінде бас қосып, әңгіме-дүкен құрады екен; «
Бөкейханов...
Достарыңызбен бөлісу: