Тірі организмдердегі белоктардың химиялық ҚҰрамы, ҚҰрылысы, физика-химиялық Қасиеттері. Альбумин мен



бет4/5
Дата17.02.2023
өлшемі6,48 Mb.
#68968
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ БХ БТ 21 03 Лесбекова

Төртінші реттік құрылым


Белоктардағы протомерлердің саны мен байланыстарының реті төртінші реттік құрылым деп аталады. Олигомерлік
белоктардың құрамында протомерлердің саны әртүрлі болады (мысалы, димерлер, тера-мерлер, гексамерлер). Олигомерлік
белоктардың құрамына бірдей және әртүрлі протомерлер кіреді, мысалы, гомодимерлер
– 2 бірдей протомерлерден тұратын белоктар, гетеродимерлер – 2 әртүрлі
протомерлерден тұратын белоктар.
Құрылымы бойынша, әртүрлі протомерлер әртүрлі лигандалармен байланыса алады.
https://avatars.dzeninfra.ru/get- zen_doc/3524532/pub_62431c7d9d3a9960b05e724a_62431fe8e07cee7bb7f 29772/scale_1200
Жекеленген (индивидуальді) белоктар өздерінің келесі физика-химиялық
қасиеттері бойынша ерекшелінеді:
молекуласының формасына;
2) молекулалық массасына;
3) қосынды зарядына, оның шамасы аминоқышқылдардағы
аниондық және катиондық топтардың мөлшерлік
қатынасына тәуелді;
4) молекула беткейіндегі аминоқышқылдардың
полярлық және полярсыз
радикалдарынының мөлшерлік қатынасына;
5) әртүрлі денатурлаушы агенттердің әсеріне
тұрақтылық дәрежесіне.

Белоктың денатурлануын жүргізуші факторларды физикалық және химиялыққа бөледі.


Физикалық факторлар
1. Жоғары температура.
2.
Ультракүлгін сәулелену;
3. Рентгендік және
радиоактивтік
сәулелену;
4.
Ультрадыбыс;
5.
Механикалық әсер
(тербеліс);

Химиялық факторлар


1. Концентрленген қышқылдар және сілтілер.
Мысалы, үшхлорсірке
қышқылы (органикалық), азот қышқылы
(бейорганикалық);
2. Ауыр металдардың тұздары (мысалы, CuSO4);
3. Органикалық еріткіштер
(этил спирті, ацетон);
4. Өсімдік алколоидтары;
5. Жоғары концентрациялы
мочевина;
6. Белок молекуласындағы әлсіз типті байланыстарды
бұзатын басқа заттар;

1. Әрбір белоктың уникальды үш өлшемді құрылымы бұзылады және бір белоктың барлық молекуласы немесе осындай молекуладан басқа
кездейсоқ конформация қалыптасады;

2. Белоктың активті орталығын қалыптастыратын АҚ-дың радикалдары кеңістікте бір-бірінен алыс аралықта орналасқан болады немесе
белоктың лигандамен байланысатын спецификалық орталығы болады;

3. Глобулалық белоктардың гидрофобтық ядросында болатын гирофобтық радикалдар денатурланғанда молекуланың бетіне шығып
қалады, сондықтан олар белок үшін агрегаттану жағдайын
қалыптастырады. Белоктың агрегаттары тұнбаға түседі. Белоктың денатурлануында олардың бірінші реттік құрылымының бұзылуы өтпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет