Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата03.03.2017
өлшемі5,38 Mb.
#7047
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

94
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
маңызы өте зор. Судья әдебін сақтау – ол судьяларға жүктелген мүлтіксіз міндет, 
сондай-ақ ол сот абыройы, беделі. Ал сот беделі бұл мемлекеттің беделі болып 
табылады. 
Бұл  бағытта  атқарылып  отырған  жұмыстар  аз  емес.  1996  жылы  19 
желтоқсанда Қазақстан судьяларының 1-съезінде алғаш рет судья этикасының 
Кодексі  қабылданып,  судья  әдебінің  ережесі  бекітілді.  Оның  мақсаты  сот 
қауымдастығының  қатарының  тазалығы  үшін  күресіп,  судьяның  мінез-құлық, 
қоғамдық  ортада  өзін  ұстау  ережелерін  және  этикалық  нормаларын  барлық 
судьялардың сақтауына қоғамдық бақылауды күшейту болып табылады.
Судья әдебін мүлтіксіз сақтау кепілінің бірі – судьялар қауымдастығының 
өзара ықпалының берік болуы. Өйткені әріптестерінің әділ сыны судьяға қатаң 
ескерту болып саналады, оның өзін-өзі іштей тәрбиелеуіне көмектеседі, алдағы 
уақытта жұмыс сапасын жетілдіруге ынталандырады. 
Судья  әдебі  Кодексінде  судья  мінез-құлқының  негізгі  қағидалары 
жинақталған:
– судья мінез-құлықтың жоғары үлгілерін орнықтыру мен сот тәуелсіздігін 
және оған деген құрметті нығайтуға ұмтылуы тиіс;
әрбір судья құқықтық қоғамның ажырамас элементi болып табылатын сот 
– 
билігінің тәуелсіздігі мен ар-намысын сыйлауға тиіс;
судья  сот  билігін  құрметтеуші  және  оның  мәртебесін  сақтаушы  болып 
– 
табылады.
Осы  қағидаларды  бұзушылық  судьялардың  моральдық  жауапкершілігіне 
әкеліп  соғады  және  бұл  жағдайда  сот  қауымдастығының  тиісті  органдары 
алдында тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселе қойылуы мүмкін.
Көптеген өмірдегі келеңсіздіктер сот беделіне нұқсан келтіретіні хақ. Сот 
беделі жекелеген судьялар беделінен құралмақ. Судьяның әрбір басқан қадамы, 
іс-әрекеті, тыныс-тіршілігі үнемі көпшіліктің назарында. Сондықтан әрбір судья 
өз беделінің төмендеуін сот саласымен ұштастыра қарап алып, соттың беделі – 
мемлекеттің беделі екенін бір сәт те естен шығармағаны жөн.
Абырой, бедел адал атқарған жұмыспен келеді. Ал адалдықтың негізі – әділ 
шешімде. Әділетті судьяның қара қылды қақ жарған әділ шешімі ғана судьяның 
абыройын арттырмақ, сот беделін көтермек. Сот беделінің артуы негізінен оның 
сапалы қараған ісіне, сонымен қатар оның саналы іс-әрекетіне де байланысты. 
Кез келген судьяның заңды жетік білуі – басты шарт. Біліктілік пен көрегенділік, 
ар-иман тазалығы, ұят пен намыс, қарапайымдылық пен кішіпейіл мінез судья 
беделін арттыра түспесе, нұқсан келтірмейді. Әрбір судьяның ойлау мәдениеті 
мен сөйлеу мәдениетін меңгеруі – бүгінгі күн талабы. Ал сот беделін төмендетер 
елеулі  жайттың  бірі  –  мемлекеттік  тілді  қолдану  аясының  тарлығы.  Дәлірек 
М. МӘДЕНИХАНҚЫЗЫ, Ж.Е. САДЫКАНОВА

95
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
айтқанда, мемлекеттік тілді меңгерген құқық қорғау органдары да, қорғаушылар, 
тергеушілер де аз. халық құқық қорғау органдары мен сотқа қорғаным деп қарап, 
оларды  айбыным  деп  тұтқан  кезде  ғана  біз  өз  мақсатымызға  жетеміз,  абырой 
биігінен көрінеміз.
Сонымен сөзімізді қорыта келе, сот саласының беделін көтеру және судья-
лар корпусындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолында оң нәтижеге қол 
жеткізу үшін әрбір судья сот билігінің биік абыройы үшін адал қызмет ету керек 
деп білеміз. 
Судьялардың кәсіби құқықтық санасы мен судья әдебі, олардың ойлау және 
сөйлеу  мәдениеті,  кәсіптік  біліктілігі  мен  кісілік  келбетін  сақтауы,  іскерлігі, 
адамгершілік және танымдық қасиеттері олардың кәсіптік қызметтерін жүзеге 
асыруда  және  тұрғындардың  өздеріне  деген  сенімдерін  арттырудағы  маңызы 
айтарлықтай деуге әбден мүмкін.
Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға судья болып табылады. 
Басты тұлға салиқалы судья өзінің адал қызметімен, кәсіби біліктілігімен сот тың 
беде лін өсіреді. Олай болмаған жағ дай да судья керісінше беделін түсіреді. Сот 
беделі – мем лекеттің беделі. Ал мемлекеттің бедел, абыройы – қоғамның дамып, 
гүлденуінің алғышарты.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жыл 30 тамыз, 2007 жыл 21 
мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2. ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық Заңы, 2000 
жыл 25 желтоқсан №132, 11.
3. Судья этикасының кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 16 б.
4. Омаров Н. Сот жүйесіндегі реформалар қажеттіліктен туып отыр / Н. Омаров // 
Заң газеті. – 2012. – 14 наурыз (№39). – 2 б.
5. Сейітов Т. Судья жауапкершілігі, әділ сот кепілі / Т. Сейітов // Заңгер журналы. 
– 2013. – 15 қараша.
REFERENCES
1. Kazakhstan Respublikasynyn Konstitutcyasy, 1995, 2007 (in Kaz).
2.  KR  sot  zhyiesi  men  sudyalarynyn  martebesi  turaly,  Konstitutcyalyk  Zany,  2000
№132, 11 (in Kaz).
3. Sudya etikasynyn kodeksi, Almaty: Zheti Zhargy, 1997, 16 (in Kaz).
4. Omarov N. Sot zhyiesindegi reformalar kazhettilikten tuyp otyr, Zan gazeti, 2012, 
№39, 2 (in Kaz).
5. Seyitov T. Sudya zhauapkershiligi, adil sot kepili. Zanger zhurnaly, 2013 (in Kaz).
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

96
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
ӘОЖ 347.9(574)
А. ҚАНАТБЕКұЛЫ, А.А. САБИТОВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Казақстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖүРГІЗУ: 
ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ СҰРАҚТАРЫ
Аталмыш  мақалада  жеке  сот  орындаушылар  институтын  енгізудің  өзекті 
сұрақтары  қарастырылады.  Сот  актілерін  орындау  заңнамасына  енгізілген  өзгерістер 
автормен  саты  бойынша  қарастыралады.  Әрекеттегі  заңнаманы  қысқаша  талдау 
негізінде  жеке  сот  орындаушыларының  ақы  ставкаларын  өзгерту  ұсынылады.  Жеке 
сот орындаушыларына, соның ішінде моральдық-этикалық сипаттағы талаптарды қою 
туралы  ұсыныстар  жасалады  және  енгізіледі.  Автор  жеке  сот  орындаушыларына  сот 
актілерін орындалмауына байланысты алдын ала тергеу өткізу бойынша функциялар 
беру туралы пікірді қолдайды.
Түйін  сөздер:  сот  орындаушысы,  бұзылған  құқықтарды  қалпына  келтіру, 
атқарушылық өндіріс, сот актісі, атқарушылық іс жүргізу заңамасы.
ИСПОЛНИТЕЛьНОЕ ПРОИЗВОДСТВО В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАхСТАН: 
ВОПРОСЫ ПРАВОВОГО СТАТУСА ЧАСТНОГО СУДЕБНОГО ИСПОЛНИТЕЛЯ
В  данной  статье  рассматриваются  проблемные  вопросы  внедрения  института 
частных судебных исполнителей. Автором прослеживается поэтапное изменение зако-
нодательства об исполнении судебных актов. На основе краткого анализа действующего 
законодательства предлагается изменение ставок оплаты для частных судебных испол-
нителей. Обосновывается и делается предложение о предъявлении в том числе и тре-
бований морально-этического характера для частных судебных исполнителей. Автором 
поддерживается идея о наделении частных судебных исполнителей функциями по пред-
варительному расследованию дел, связанных с неисполнением судебных актов.
Ключевые слова: судебный исполнитель, восстановление нарушенных прав, ис-
полнительное производство, судебный акт, законодательство в сфере исполнительного 
производства.
ENFORCEMENT PROCEEDINGS IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: 
THE LEGAL STATUS OF THE PRIVATE BAILIFF
This article discusses the problematic issues introducing the institution of private bai-
liffs. The author traces the gradual change in the law on execution of judicial acts. Based on a 
brief analysis of the current legislation proposed change in payment rates for private bailiffs. 
Justified and made   a proposal for presentation including moral and ethical requirements for the 
nature of private bailiffs. The author supports the idea of   empowering private bailiffs functions 
on a preliminary investigation of cases involving the failure of judicial acts.
Keywords:  bailiff,  remedy,  enforcement  proceedings,  judicial  act,  legislation  in  the 
area of   enforcement proceedings.
А. ҚАНАТБЕКұЛЫ, А.А. САБИТОВА

97
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Елімізде жеке сот орындаушылар институтын енгізуді елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев  2005  жылы  өткен  республика  судъяларының  5  съезінде  көтерген 
болатын. «Содан бері 4 жыл ішінде Сот әкімшілігі комитеті аталмыш институтты 
енгізу  мүмкіндіктерін  қарастыруда  бірқатар  шаралар  атқарды.  Бұл  мәселе 
көптеген  халықаралық  және  республикалық  жиындарда  талқыланып,  арнайы 
ведомствоаралық  комиссия  отырыстарында  қаралды.  Оған  байланысты  тіпті 
ақпарат құралдарында да тиісті талқылаулар ұйымдастырылды. Ал сәуірдің 2-сі 
күні  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  атқарушылық  іс  жүргізу  мәселелері  бойынша 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  және  «Атқарушылық  іс  жүргізу 
және  сот  орындаушыларының  мәртебесі  туралы»  заңға  қол  қойды»,  –  деді 
комитет басшысының орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, жаңа қабылданған 
құжаттарда жеке сот орындаушыларының құзырын кеңейтетін көптеген баптар 
бар. Мысалы, онда сот орындаушыларына борышкерлердің еліміздің аймағынан 
шығуына  тыйым  салуларына  мүмкіндік  беретін  баптар  енгізілген.  Сонымен 
қатар  сот  орындаушыларының  кейбір  борышкерлерді  шақыру  мен  хабарлау 
мәселесі бойынша да құзыреті кеңейтіліп отыр. Жаңа заң талаптары бойынша, 
сот  орындаушыларының  құзыретін  реттеуге  қатысты  баптар  88-ден  175-ке 
дейін  артты,  яғни  жаңа  институт  жеке  сот  орындаушылары  енгізілді.  Бұл  сот 
орындаушыларына  барынша  тиімді  әрі  талапқа  сай  жұмыс  істеулеріне  жақсы 
мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар аталмыш шара жеке сот орындаушылары 
мен мемлекеттік сот орындаушыларының арасында бәсеке тудырады.
Қазіргі кезде елімізде жеке сот орындаушылары ресми түрде жұмыс жасап 
отыр. Олардың қызметіне арналған заң қазір өз күшінде. Ал лицензиялар 2011 
жылдан беріле бастады. Заңгерлердің пікірінше, жеке сот орындаушыларының 
қызметі мемлекеттік сот орындаушылармен қатар оны толықтыра отырып жүзеге 
асырылады.
Олардың қызметі көп жағдайда заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер, банктер 
арасындағы  дау-дамайларды  шешуге  бағытталған.  Брифинг  барысында  ресми 
өкіл,  сондай-ақ  елімізде  ЕҚЫҰ  талаптарының  орындалу  жайы  барлық  заң 
нормаларына  сәйкес  жүргізіліп  жатқандығы  жеткізілді.  Ерболат  Ерімбет,  ҚР  
Әділет  министрлігінің  ресми  өкілі:  «Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  заңнамалық 
шаралармен  қамтамасыз  ету  бөлігіндегі  негізгі  талаптарын  орындады.  Атап 
айтқанда,  осы  ұйымның  ұсынымы  БАҚ  қызметін,  соттарға  қамауға  алу 
санкцияларын  беру  туралы,  Қазақстан  аумағында  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
енгізуді  және  сайлау  туралы  заңнамаға  өзгерістер  енгізуді  ұсыну  барысында 
ескерілген болатын».
Бақтияр Өнербаев, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөнінде-
гі  комитет  төрағасының  бірінші  орынбасарының  айтуынша:  «Бүгінгі  таңда 

98
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
мемлекетіміздегі сот актілерінің 75% ғана орындалады. Қалған 25% іс жүзінде 
орындалмайды. Жеке сот орындаушылары осы олқылықтың орнын толтырады 
деген үміттеміз. Елімізде сотта қаралатын істердің саны жылдан-жылға ұлғайып 
келеді.  Өткен  жылы  сотта  қаралған  істердің  саны  1млн-ға  жуық  болды.  Жеке 
сот  орындаушылары  мемлекеттік  сот  орындаушыларымен  бірге  альтернативті 
түрде  жұмыс  жасайды.  Бұл  ретте  жеке  сот  орындаушылары  мен  мемлекеттік 
сот орындаушылары арасында бәсекелестік туады. Алайда жеке сот орындаушы 
қызметіне кез келген адам қабылданбайды.
Жеке  сот  орындаушысы  лауазымына  жиырма  бес  жасқа  толған,  жоғары 
заңгерлік  бiлiмi  бар,  жеке  сот  орындаушысында  кемінде  бір  жыл  мерзімде 
үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, атқарушылық 
құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, 
жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурстан өткен 
Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
Жеке сот орындаушысы болу үшін бір неше қадамнан өту керек.
1-қадам  жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өту
Тағылымдамадан өту тәртібі, шарттары мен мерзімі Қазақстан Республи-
касы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы №303 
«Жеке  сот  орындаушысында  тағылымдамадан  өту  Ережесін  бекіту  туралы» 
бұйрығымен  бекітілген  (нормативтік-құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу 
тізілімінде №6625 тіркелген).
Тағылымдамашылар  сот  орындаушысы  болып  кемінде  үш  жыл,  оның 
ішінде  жеке  сот  орындаушысы  болып  кемінде  бір  жыл  жұмыс  істеген  жеке 
сот  орындаушысы  да  тағылымдамадан  өтеді.  Тағылымдама  ұзақтығы  бір 
жылдан  кем  болмауы  тиіс.  Тағылымдамадан  өтуге  ниет  білдірген  тұлға  еркін 
нысанындағы  өтінішпен  жеке  сот  орындаушылары  алқасының  төрағасына 
жүгінеді және өтініш тапсыру күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде жеке 
сот орындаушылары алқасымен тағылымдамадан өту шарт жасасады. Өтінішке 
нотариалды  куәландырылған  жеке  куәлік  құжатының  және  жоғары  заңгерлік 
білім туралы дипломның көшірмелері тіркеледі.
Тағылымдама  жеке  сот  орындаушыларының  аумақтық  алқасының  төра-
ғасымен тағайындалған жеке сот орындаушысының басшылығымен өтеді.
2-қадам  біліктілік емтиханын тапсыру
Біліктілік  емтиханынан  өту  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрі 
міндетін  атқарушының  2010  жылғы  «3»  қарашадағы  №302  «Біліктілік 
емтихандары  туралы  Ережені  бекіту  туралы»  бұйрығына  сәйкес  жүзеге 
асырылады  (нормативтік-құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде 
№6624 тіркелген).
3-қадам – лицензия алу
А. ҚАНАТБЕКұЛЫ, А.А. САБИТОВА

99
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
Лицензия алу үшін төменде көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы 
Әділет  министрлігінің  Сот  актілерін  орындау  комитетіне  жолдануы  тиіс 
(мекенжайы: 010000 Астана қ., Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер 
үйі, 13-кіреберіс):
1)  Қазақстан  Республикасы  үкіметінің  2011  жылғы  25  ақпандағы  №181 
«Жеке  сот  орындаушыларының  қызметіне  қойылатын  біліктілік  талаптарын 
бекіту туралы» қаулысымен бекітілген нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)  өтініш  берушінің  салық  органында  есепке  тұрғаны  туралы  куәліктің 
нотариалды куәландырылған көшірмесі (СТН);
4)  жекелеген  қызмет  түрлерімен  айналысу  құқығы  үшін  бюджетке 
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған 
көшірмесі (қосымшасымен бірге);
6)  лицензия  алуға  емтиханды  өткені  туралы  біліктілік  комиссиясының 
шешімі;
7)  жеке  сот  орындаушысында  тағылымдамадан  өткені  туралы  шарттың 
көшірмесі;
8) жеке сот орындаушысы тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау 
туралы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы төрағасының бұйрығының 
көшірмесі немесе үзіндісі;
9)  тағылымдамашының  жалпы  дайындық  деңгейі,  тағылымдаманы  өту 
барысында  үйренген  кәсіби  білімі  мен  практикалық  дағдылары  көрсетілетін 
жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы жетекшісінің ұсынысы;
10)  жеке  сот  орындаушыларының  аумақтық  алқасы  куәландырған 
тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі;
11)  лицензиарға  ұсынғанға  дейінгі  бір  айдан  кем  емес  уақытта  арыз 
берушінің  тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  берілген  наркологиялық  және 
психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;
12)  лицензиарға  ұсынғанға  дейінгі  бір  айдан  бұрын  емес  уақытта 
арыз  берушінің  тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  берілген  республиканың 
барлық аумағы бойынша мәліметтерді қамтыған соттылығы жоқ екені туралы 
анықтама.
4-қадам – лицензия алу
Лицензияны Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы 
№181  қаулысымен  бекітілген  «Жеке  сот  орындаушыларының  қызметін 
лицензиялау  қағидасын  және  оған  қойылатын  біліктілік  талаптарына»  сәйкес 
өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
5-қадам    жеке  сот  орындаушысы  бос  лауазымына  орналасу  кон-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

100
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
курсына қатысу
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрі мінде-
тін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы №305 «Жеке сот орындаушысы бос 
лауазымына  орналасуға  конкурс  өткізу  Ережесін  бекіту  туралы»  бұйрығымен 
бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6627 
тіркелген).
Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық 
іріктеу  атқарушылық  құжаттарды  орындау  жөніндегі  қызметпен  айналысу 
құқығына лицензиясы бар тұлғалардың қатарынан жүзеге асырылады.
Конкурсты  өткізу  туралы  хабарлама  республикалық  бұқаралық  ақпарат 
құралдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Барлық  талаптарға  сай  болған  тұлғалар  ғана  жеке  сот  орындаушылық 
қызметті жүзеге асыра алады.
ТМД-ның  көптеген  мемлекеттері  біздің  тәжірибемізді  үлгі  тұтпақшы 
деуіне сүйенсем жеке сот орындаушыларын жүйеге енгізу мемлекетіміздің сот 
жүйесіне елеулі өзгерістер мен іргелі алға басушылықты алып келеді.
Сонымен  әлемнің  65  мемлекетінде  қызмет  көрсетіп  отырған  жеке  сот 
орындаушылары институты Қазақстанда да енгізілетін болды. Сәуірдің 2-сі күні 
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір 
заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  және  «Атқарушылық  іс  жүргізу  және  сот 
орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Мемлекет басшысы қол 
қойған жаңа заң талаптары жеке сот орындаушыларымен қатар мемлекеттік сот 
орындаушыларының болуын да қамтамасыз етеді. Оған сәйкес, мәжбүрлі түрде 
мемлекеттің пайдасына шешу немесе керісінше мемлекеттен алу мәселесін тек 
мемлекеттік сот орындаушылары ғана шешетін болады. Республика азаматтары 
өздерінің тұрып жатқан аумақтары бойынша, мемлекеттік сот орындаушысының 
да, жеке сот орындаушысының да қызметін пайдалануға құқылы. Мұндай ұста-
ным  екі  жүйедегі  сот  орындаушыларының  арасында  бәсекелестік  тудырып, 
олардың  кәсіби  біліктіліктерін  арттыруға  ынталандырады.  Әрине,  жауапты 
мамандық  иесінің  осы  салада  бірнеше  жылдық  тәжірибелері  де  болуы  керек. 
Жеке сот орындаушысы лауазымын иеленген азаматтың міндетті түрде өзі қызмет 
ететін аймақта арнайы жұмыс орны, яғни ғимараты болуы керек. Сонымен қатар 
олар банкте депозиттік есеп ашып, өздерінің жеке мөртабандарын дайындаулары 
керек.  Сот  орындаушысы  көмекші  мен  тәжірибеден  өткізетін  маман  ұстауға 
құқылы.  Бұл  ретте  де  сот  орындаушысының  көмекшісі  арнайы  рұқсат  қағазы 
бар Қазақстан азаматы болуы керек. Ал оларға төленетін қаржы атқарылған істің 
10 пайызының есебінен алынады. Жеке сот орындаушысы осы қажеттіліктерге 
керек қаржыны өзінің қызметінен түсетін кіріс арқылы өзі реттеп отырады.
А. ҚАНАТБЕКұЛЫ, А.А. САБИТОВА

101
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
Жалпы  заң  саласының  мамандарының  пікірлеріне  сүйенсем,  жеке  сот 
орындаушысы институтын енгізу сот орындаушысы қызметі мен осы мамандық 
иелерімен  байланысты  бірқатар  мәселелердің  шешілуіне  де  түрткі  болатын 
түрі бар. Бір кездері, яғни осы мәселе қоғам арасында қызу талқыланып жатқан 
тұста қазіргі Мәжіліс депутаты, заңгер Ирак Елекеев сот орындаушыларының 
қызметімен байланысты проблемалардың бірқатарына тоқталған еді. Онда депу-
тат  Мемлекеттік  сот  орындаушысы  бүгінде  мемлекеттік  қызметкер  екендігін, 
осыған  қарай  оның  жалақысы  шектеулі  екендігін  айтқан.  Нақтырақ  айтқанда 
20 жылдық еңбек өтілі бар аға сот орындаушысы 51 мың теңгеден артық ала 
алмайды. Ал дәл қазір, негізінен, жұмыс істеп жүргендердің дені 2-3 жылдық қана 
еңбек өтілі бар азаматтар. Бұлардың айлық жалақылары небәрі 31-33 мың теңге 
немесе одан төмен екендігін ескерсек, қалыптасқан жағдай сот орындаушылары 
жұмысының нәтижелілігіне зардабын тигізіп отырғандығын көруге болады.
Жоғары сот өкілдерінің мәліметтерінше, аталмыш мәселе бір күннің ішін-
де ғана шешіле салған дүние емес. Жеке сот орындаушылар институтын енгізу 
мәселесін 2005 жылы өткен судьялардың 4 съезінде мемлекет басшысының өзі 
көтерген. «Содан бергі 4 жыл ішінде міне аталмыш институтты енгізуге қатысты 
қыруар шаралар атқарылды десе болады. Бұл тақырыпты біз көптеген шетелдік 
және  отандық  ғалымдардың  қатысуымен  халықаралық  және  республикалық 
жиындарда талқыладық. Қазақстандық сарапшы мамандар осы мәселе бойынша 
Еуропа, Балтық жағалауы елдері мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің бірқатарын-
да  болып,  тәжірибе  алмасып  қайтты.  Сонымен  қатар  аталмыш  тақырып, 
ведомствоаралық  комиссияның  отырысында  да  талқыланып,  ол  бойынша 
ақпарат  құралдары  арқылы  да  түрлі  пікіралмасулар  болды.  Бұл  бағыттағы 
жұмыстардың ең бастысы еліміздің Еуропалық Кеңестің Сот орындаушылары-
ның халықаралық одағына мүше болу нысанға алынған мәселенің өзге елдерде 
қалай  жүзеге  асырылып  жатқандығын  зерделеп  зерттеуге  үлкен  мүмкіндік 
берген еді. Сондықтан біз ұйымға мүше елдердің ғалымдары мен мамандарының 
қатысуымен  жаңа  құжаттың  жобасын  жасау  жұмыстарына  кірістік.  Жалпы 
алғанда  құжатқа  Еуропа  мен  Балтық  жағалауы  елдерінің  жаңалықтары  мен 
Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің заңдарының ерекшеліктері көрініс тапты. 
Құжатты  көптеген  заңгерлер  мен  ғалымдар  қолдады.  Оның  Конституция 
талаптарына сәйкестігі де тексерілді. Сөйтіп ол Парламенттің қарауына жіберілді. 
Парламенттің  екі  палатасының  да  депутаттары  заң  жобасын  қарауға  белсенді 
атсалысып,  Мәжіліс  депутаттары  400  түзету,  Сенат  депутаттары  100  түзету 
енгізді. Заң жобасы бұрынғысынан да жетіле түсті. Енді ол 6 айдан соң, яғни 
биылғы жылдың қазан айының 2-інде іске қосылады. Ал оған дейін біз аталмыш 
құжат талаптарымен байланысты бірқатар заңнамалар қабылдап, ұйымдастыру 
жұмыстарын жүргізуіміз керек», – деді комитет төрағасының орынбасары. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет