Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата06.03.2017
өлшемі6,69 Mb.
#8075
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

200
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
мен қазып алуға қарамастан тағайындалады [7].
Қылмыстық  кодекстің  292-бабына  сәйкес,  ормандарды  өртке  абайсыз 
қараудың  немесе  басқа  да  қауіптілігі  жоғары  әрекеттердің  нәтижесінде 
зақымданғаны  немесе  құртқаны  үшін,  құқық  бұзушының  екі  айдан  бес  айға 
дейінгі еңбекақысы көлемінде айыппұл, не екі жылға дейін түзеу жұмыстары 
белгіленеді  немесе  екі  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  жазасы 
тағайындалады. Ал ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпелерді 
өртеу  жолымен  немесе  зиянды  заттармен,  төгінділермен,  қалдықтармен, 
қоқыстармен  қасақана  зақымдағаны  немесе  құртқаны  үшін  үш  жылдан  сегіз 
жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Ормандардың көпші-
лік бөлігі орман қорының учаскесінде түрлі жұмыстарды жүргізетін ұйымдар-
дың  жұмыскерлерімен  отқа  салақ  қараудың  нәтижесінде  зақымданады немесе 
мүлдем құриды. «Қазақстан Республикасының ормандардағы өрт қауіпсіздігі» 
деп  аталатын  2004  жылғы  12  желтоқсанда  Орман  және  аң  шаруашылығы 
комитетінің  төрағасымен  бекітілген  Ереженің  екінші  бөлімінде  орман 
пайдаланушы кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға қойылатын жалпы 
талаптардың тізімі көрсетілген.
Орман  шаруашылығына  келтірілген  зиянның  көлемін  анықтағанда,  оны 
жасау әдістері ескерілмейді. Орманды құрту деп отпен немесе басқа да қауіптілі-
гі жоғары әдіспен орманның, қоршаған ортаның бір бөлігі ретіндегі тіршілігін 
тоқтатуды және оны орман шаруашылығы мақсатында пайдалану мүмкіндігін 
жоюды  айтамыз.  Егер  өрттің  және  басқа  да  қауіпті  жоғары  әдіспен,  орман 
шаруашылығы  мақсатында  орманды  пайдалану  мүмкіншілігі  толық  немесе 
жартылай жойылса, онда келтірілген зиянның мөлшері ірі деп есептеледі.
Қорытындылай келе, Шығыс Қазақстан облысы бойынша орман заңдарын 
бұзушылық мәселелеріне байланысты соңғы үш жылдағы (2011-2013 жж.) құқық 
бұзушылықтарға тоқтала кететін болсақ [8]:
2011  жылдың  есепті  кезеңінде  Шығыс  Қазақстан  облыстық  орман 
және  аңшылық  шаруашылығы  аумақтық  инспекциясының  мемлекеттік  қыз-
меткерлерімен  орман  шаруашылығы  саласында  983  құқық  бұзушылық 
аңықталды  және  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  972  хаттама  жасалды, 
оның 94-і сотқа жіберілді және 81 іс сотта қаралды. 54 іс ііБ-ге берілді, оның 5-уі 
бойынша қылмыстық іс қозғалды, 29 іс бойынша іс қозғаудан бас тартылды, 25 
іс өндірісте. 7980,4 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, оның 7217,7 
мың теңгесі өндіріліп алынды.
2012 жылы аумақтық инспекция мамандарымен 177 рейд және 126 тексеріс 
жүргізілді.
ҚР  ӘҚБтК-нің  283-бабы  «Ағаштар  мен  бұталарды  заңсыз  кесу  және 
зақымдау» бойынша 7 оқиға анықталды. 
л.К. СадУаКаСова

201
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
– 283-баптың 1-бөлігі бойынша – 3 оқиға;
– 283-баптың 3-бөлігі бойынша – 4 оқиға.
жалпы көлемі 213,9 м
3
 және келтірілген залалдың сомасы 2206977 теңге.
Анықталған тұлғалар бойынша 4 хаттама жасалды (қаралды), 3 бұзушылық 
бойынша іс материалдары жасалды және құқық қорғау органдарына жіберілді. 
Осы  жылы  ішкі  істер  органдарына  15  материал  қылмыстық  іс  қозғау  үшін 
жіберілді:
6 іс материалы ҚР ҚК-нің 291-бабының 3-бөлігі бойынша;
– 
9 іс материалы ҚР ҚК-нің 291-бабының 1-бөлігі бойынша.
– 
ііБ-не жіберілген 14 іс материалы бойынша қылмыстық іс қозғалды:
– 11 іс материалы сотта қаралды;
–  3  іс  материалы  кінәлі  ретінде  жауапқа  тартылуға  тиісті  тұлғаның 
анықталмауына  байланысты  ҚР  ҚіЖК-нің  50-бабы  1-тармағының  1-бөлігі 
бойынша тоқтатылды.
2013  жылдың  есепті  кезеңінде  Шығыс  Қазақстан  облысының  табиғат 
қорғау мекемелерімен 1950 рейд және 845 тексеріс жүргізілді.
Ағаштарды  заңсыз  кесу  және  ағаштарды  және  бұталарды  зақымдау 
бойынша 80 оқиға анақталды, оның ішінде 77 оқиға – ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабы 
«Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау» бойынша.
283-баптың 1-бөлігі бойынша – 60 оқиға;
283-баптың 2-бөлігі бойынша – 5 оқиға;
283-баптың 3-бөлігі бойынша – 12 оқиға.
ҚР ҚК-нің 291-бабының 2-бөлігі бойынша 2 оқиға, ҚР ҚК-нің 291-бабы-
ның 1-бөлігі бойынша 1 оқиға.
Заңсыз кесілген сүректің жалпы көлемі 1543,48 м
3
-ты құрады, мемлекетке 
келтірілген залалдың жалпы сомасы 22838,70 мың теңгені құрады.
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  77  хаттама  жасалды.  Сотқа  47 
әкімшілік іс жіберілді, оның ішінде 37 әкімшілік іс және 2 қылмыстық іс сотта 
қаралды.  Құқық  қорғау  органдарына  27  материал  жіберілді,  олар  бойынша  7 
қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы  орман  құқық  бұзушылықтың  негізгі  белгілеріне  сүйене  отырып, 
оның  анықтамасын  төмендегідей  тұжырымдаймыз.  Орман  құқық  бұзушылық 
дегеніміз  –  ормандарды  ұтымды  пайдалану  мен  қорғау  тәртіптеріне  қарсы 
бағытталған, орманға тікелей зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін туғыз-
ған кінәлі, құқық бұзушылық әрекет не әрекетсіздік.
Республикамыздың  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  орман 
қорының ерекше рөл атқаратын маңызды табиғи объект екенін ескере отырып, 
қазіргі кезде дәйекті қорғалуын күшейтіп, тиімді пайдаланылуы мен сақталуын, 
өніп-өсуін қамтамасыз етеу мақсатында орман заңдарының талаптарын сақтау 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

202
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
ерекше қажеттілік болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Тілешова Г.Ж. Орман қорғау заңын орнықтырайық / Г.Ж. Тілешова // Заң газеті, 
2001. 
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. – 2007. – 22 мамыр.
3.  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі.  – 
2001. – 30 қаңтар.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімде-
рі). – Алматы: ЮРИСТ, 2008. – 296 б.
5. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. – Алматы, 2003.
6. «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың 
мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің 2007 жылы 31 мамырдағы қаулысы.
7. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – 1997. – 16 шілде.
8. Шығыс Қазақстан облысы Орман және аң шаруашылығы комитетінің облыс 
бойынша орман заңдарын бұзушылық мәселелеріне байланысты 2011-2013 жж. есебі.
REFERENCES
1. Tіleshova G.Zh., Orman korgau zanyn ornyktyrajyk, Zan gazetі, 2001 (in Kaz). 
2. Kazakstan Respublikasynyт Eтbek kodeksі, 2007, 22 mamyr (in Kaz).
3.  Kazakstan  Respublikasynyn  akіmshіlіk  kгkyk  byzushylyk  turaly  kodeksі,  2001,  30 
kantar (in Kaz).
4. Kazakstan Respublikasynyn azamattyk kodeksі. Zhalpy zhane Erekshe bolіmderі, Al-
maty: JuRIST, 2008, 296 (in Kaz).
5. Kazakstan Respublikasynyn jekologijalyk kodeksі, Almaty, 2003 (in Kaz).
6.  Kazakstan  Respublikasynyn  orman  zannamasyn  byzudan  keltіrіlgen  zalaldyn 
molsherіn  esepteuge  arnalgan  bazalyk  stavkalardy  bekіtu  turaly  Kazakstan  Respublikasy 
Ukіmetіnіn 2007 zhyly 31 mamyrdagy kaulysy (in Kaz).
7. Kazakstan Respublikasynyn kylmystyk kodeksі, 1997 zh. 16 shіlde (in Kaz).
8. Shygys Kazakstan oblysy Orman zhane an sharuashylygy komitetіnіn oblys bojynsha 
orman zandaryn byzushylyk maselelerіne bajlanysty 2011-2013 zhzh. esebі (in Kaz).
ӘОЖ 94 (574):334.7
а. МЫРЗаШҚЫЗЫ 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШіН ШАҒЫН 
ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТіҢ МӘНі МЕН МАҢЫЗЫ
Мақалада Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикалық қалыптастыру 
шарттары негізінде шағын және орта бизнесті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. 
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және мемлекет аймақтарының шағын және 
орта бизнестің салыстырмалы даму қорытындылары берілген.
а. МЫРЗаШҚЫЗЫ

203
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
түйін сөздер: шағын және орта бизнес, Қазақстан экономикасы, аймақтық экано-
мика, дамудың аймақтық бағдарламалары.
ЗНАЧЕНИЕ МАЛОГО И СРЕДНЕГО БИЗНЕСА 
ДЛЯ ЭКОНОМИКИ КАЗАХСТАНА
В статье рассмотрены вопросы становления малого и среднего бизнеса в условиях 
становления конкурентоспособной экономики Независимого Казахстана. Дан сравни-
тельный анализ развития малого и среднего бизнеса в регионах страны и определены 
перспективы реализации государственных программ.
Ключевые слова: малый и средний бизнес, экономика Казахстана, региональная 
экономика, региональные программы развития.
THE IMPoRTANCE oF SMALL AND MIDDLE BUSINESS 
FoR ECoNoMy oF KAZAKHSTAN
The article deals with the problems of development of small and medium business in 
the conditions of competitive economy of independent Kazakhstan. Comparative analysis of 
development of small and medium enterprises in regions of the country and the prospects for 
the implementation of government programs.
Keywords: small and middle business, econony of Kazahstan, regional economy, re-
gional development programs.
Әлемнің көпшілік елдерінде шағын бизнестің дамуы тұтас экономиканың 
дамуында және оның тиімділігінің артуында маңызы зор болып саналады. Шағын 
бизнес экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын айқындайтын 
жетекші сектор болып отыр. Барлық дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне 
жалпы ішкі өнімнің 60-70%-на сәйкес келеді, онда жұмыспен қамту 70-80%-на 
сәйкес. Жұмыспен қамтамасыз етумен қатар шағын бизнес бәсекеге қабілетті, 
серпінді  дамитын  және  әртараптандырылған  экономиканы  құруға  үлкен  үлес 
қосады.  Шағын  бизнестің  дамуы  –  бұл  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси 
тұрақтылық, бұл – миллиондаған жұмыс орындары, бұл – бірқалыпты тұрақты 
даму,  бұл  –  өз  өмірін  дербес  айқындай  алатын  жаңа  санаттағы  адамдарды 
тәрбиелеудің негізі. Шағын кәсіпкерлік – бұл өндірісті ұйымдастырудың объек- 
тивті нысандары. Ол өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтіп, өзінің өміршеңдігін 
және  әлеуметтік-экономикалық,  сондай-ақ  нарықтық  жүйеге  бейімделу 
мүмкіндігін дәлелдеді. Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибе-
сіне  сәйкес  кәсіпкерлік  қоғам  өміріне  неғұрлым  маңызды:  экономикалық 
әлеуметтік  және  саяси  сфераларындағы  құрылым  құрушы  элемент  болып 
табылады.
Нақты  өмірде  аталған  аспектілердің  көрінісі  бірқатар  ішкі  және  сыртқы 
факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретін-
де күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың 
негізгі мақсаты – кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

204
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді 
анықтау. Осындай сәт ретінде рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерліктің 
негізін  құрайтын  ортаңғы  класс  мәселесін  қарастырылу  ұсынылады.  Арнайы 
зерттеулер  жүргізген  ғалымдардың  образдық  салыстыруы  бойынша  «қазіргі 
дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның 
жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы саны-
ның көп бөлігін ортаңғы класс құрайды». Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің 
дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен 
жүзеге  асырылады.  Шағын  және  орта  бизнестің  қалыптасуының  бастапқы 
кезеңінде жалпыұлттық маштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға 
кенцептуалдық  көзқарас  қалыптасқан  кейіннен  соған  негізделе  нормативтік-
құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асыру- 
шы ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер қалыптасқан.
Ол жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауына, қолайсыз криминоген- 
дік  жағдайдың  болуына,  сондай-ақ  қабылданған  заң  және  бағдарламалы 
құжаттардың  нақты  орындалмауына  байланысты  болды.  Осы  уақытқа  дейін 
Қазақстанда  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудағы  негізгі 
бағыт  салық  преференциялары  мен  мемлекеттік  қаржы  есебінен  жеңілдіктік 
қаржыландыру  болды,  ол  жерде  қысқа  мерзімді  нақты  әсер  алынып,  жүйелі 
бастамалар  да  жүргізіледі.  Сол  себепті,  негізгі  мақсаты  Қазақстанның 
бәсекелестік  қабілетін  жоғарлату  болып  табылған  Қазақстанның  2015  жылға 
дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат 
көзқарастарын  қайта  қарастырылып,  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  жаңа  
даму идеологиясын жасау қажет, сонымен қоса қазіргі таңдағы бағдарламалар- 
ды  жүзеге  асыру  бұл  алдағы  жарқын  болашаққа  деген  қадамдардың  бірі 
болмақ.
Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономика-
да  табуда  жедел  іздестіру  үшін  өзінің  икемділігін,  мобильділігін,  нарықтық 
объективтілігін  қолдануына  жағдай  пісіп  жетілді.  Мемлекет  өз  тарапынан 
кәсіпкерлік  орта  инициативасын  жүзеге  асыру  үшін  қолайлы  жағдай  туғызуы 
қажет.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2012 
жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстыр-
ғанда Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын сипаттайтын негізгі 
индикаторлардың, яғни шағын және орта кәсіпкерлік белсенді жұмыс істейтін 
субъектілерінің  саны  және  өнім  шығарылымы  (салғастырмалы  бағаларда) 
өсуі  байқалды.  Тіркелген  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің  саны 
осы  күнге  135640  бірлікті  құрайды,  оның  ішінде  230647  –  шағын  және  орта 
кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 17%), 921917 жеке кәсіпкерлер 
а. МЫРЗаШҚЫЗЫ

205
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
(68%) және 200076 – шаруа қожалықтары (15%). Ел өңірлерінде кәсіпкерліктің 
дамуын  талдау  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  белсенді  жұмыс  істейтін 
субъектілерінің саны республикада өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 
14,2% ұлғайғанын және 754551 бірлікті құрағанын көрсетті, оның ішінде 64329 
– шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 8,5%) және 7786 – орта 
кәсіпкерліктегі  заңды  тұлғалар  (1%),  499450  жеке  кәсіпкерлер  (66,2%)  және 
182986 – шаруа (фермер) қожалықтары [3, 4].
Тіркелген  ШОК  субъектілерінің  жалпы  санындағы  ШОК  белсенді 
субъектілерінің  үлесі  55,8%  құрады.  Қаржы  министрлігі  Салық  комитетінің 
деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны 
Оңтүстік Қазақстанда – 57862 (11,6%), Шығыс Қазақстан облысында – 46516 
(9,3%), Алматы облысында – 52709 (10,6%), Алматы қаласында 61938 (12,4%) 
шоғырланған.
1-кесте  (%)  –  2013  жылғы  2  маусымдағы  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  қызметіндегі 
құрылым көрсеткіштері
Жасалған  қорытынды  негізінде  жұмыспен  қамтылғандар  мен  өнім 
шығарылымы  саласы  негізінде  жүргізілген  сараптамалар  ШОК  қызметіндегі 
құрылым  көрсеткіштері  0-ден  100%  аралығында  жүргізіліп,  2013  жылдың 
қорытындысы бойынша 21,4% құрап отыр, бұл дегеніміз алдыңғы жылдармен 
салыстырғанда  өте  жақсы  көрсеткіш.  Қазақстан  халқының  ШОК  дамытуда 
белсенділігі артып, қызығушылықтарының оянғандығын көрсетеді.
Статистиканың  деректері  бойынша,  белсенді  жұмыс  істейтін  шаруа 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

206
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстанда – 66954 (36,6%), Алматы 
облысында  –  52452  (28,2%),  Жамбыл  облысында  –  15527  (8,5%),  Шығыс 
Қазақстан облысында 15070 (8,2%) белгіленген.
Республиканың барлық өңірлерінде ШОК белсенді субъектілер санының 
ұлғайғаны байқалды. Мұндай жағдай облыстар бөлінісінде былайша көрсетіледі: 
Атырау  облысында  9,5%  өсті,  Маңғыстау  облысында  –  8,0%,  Қызылорда 
облыстарында  –  13,8%,  Батыс  Қазақстан  облыстарында  –  18,6%,  Ақтөбе 
облысында  –  25,9%,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  –  9,8%,  Павлодар 
облыстарында  –  8,9%,  Жамбыл  облысында  –  11,9%,  Қостанай  облыстарында 
– 12,0%, Алматы облысында – 20,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 13,3%, 
Шығыс Қазақстан облысында – 12,9%, Қарағанды облысында – 9,6%, Ақмола 
облысында – 8,8%. Астана және Алматы қалаларында – 16,7% және 16,5% өскені 
байқалды. Талданатын кезең бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандардың саны 
өткен  жылғы  тиісті  кезеңмен  салыстырғанда  4,6%  ұлғайды  және  2581,5  мың 
адамды  құрады,  оның  ішінде  738541  –  шағын  кәсіпкерліктегі  заңды  тұлғалар 
(жалпы  саннан  28,6%)  және  657927  –  орта  кәсіпкерліктегі  заңды  тұлғалар 
(25,5%), 786743 – жеке кәсіпкерлер (30,5%) және 398347 – шаруа қожалықтары 
(15,4%).  Мұндай  жағдай  облыстар  бойынша  көрсетіледі:  ШОК  жұмыспен 
қамтылғандар  санының  ұлғаюы  келей  облыстарда:  Жамбыл  (0,3%),  Ақмола 
(1,0%), Алматы (2,5%), Қарағанды (2,0%), Қостанай (6,8%), Қызылорда (4,6%), 
Оңтүстік Қазақстан (3,6%), Солтүстік Қазақстан (8,0%), Шығыс Қазақстан (6,2%), 
Маңғыстау  (1,6%),  Павлодар  (2,5%),  Атырау  (2,1%),  Батыс  Қазақстан  (3,1%), 
Ақтөбе (6,5%), Астана (5,3%) және Алматы қалаларында (7,8%) байқалды. ШОК 
субъектілерінің  өнім  шығарылымы  (салыстырмалы  бағаларда)  өткен  жылмен 
салыстырғанда  2012  жылғы  қаңтар-ақпандағы  жедел  мәлімет  бойынша  3,1% 
ұлғайды және 922,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде 267,8 млрд теңге (29%) 
– шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 527,4 млрд теңге (57,2%) – орта 
кәсіпкерліктегі  заңды  тұлғалар,  116,5  млрд  теңге  (12,6%)  –  жеке  кәсіпкерлер 
және 10,9 млрд теңге (1,2%) – шаруа (фермер) қожалықтары [2, 4].
Көрсетілген  кезеңде  ШОК  субъектілерінің  өнім  шығарылымының 
(салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Атырау (1,0%), 
Алматы  (3,0%),  Қарағанды  (3,9%),  Қостанай  (1,7%),  Ақтөбе  (2,6%),  Шығыс 
Қазақстан  (4,6%),  Қызылорда  (1,1%),  Павлодар  (2,5%),  Оңтүстік  Қазақстан 
(3,2%),  Ақмола  (1,8%),  Батыс  Қазақстан  (2,2%),  Солтүстік  Қазақстан  (3,8%), 
Жамбыл  (2,0%),  Маңғыстау  (2,0%),  Астана  (3,0%)  және  Алматы  қалаларында 
(4,8%) [1, 4].
ШОК-тің дамуы бойынша жасалған қортындыда ШОК саны Қазақстанның 
негізгі  облыстарында  жақсы  дамып,  алдағы  жылдармен  салыстырғанда 
белсенділігі артып келе жатқандығын көрсетеді.
а. МЫРЗаШҚЫЗЫ

207
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
2-кесте  –  Шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  (ШОК)  дамуын  сипаттайтын  негізгі 
индикаторлардың  ұлғаюы  (төмендеуі)  (облыстар  бөлінісінде)  (өткен  жылғы  тиісті 
кезеңге %-бен)
Салалық бөліністе 2012 жылғы қаңтар-ақпан ШОК субъектілері шығарған 
өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесін бөлу келесі нұсқада көрсетіледі: өнеркәсіп-
ке  –  23,1%,  көтерме  және  бөлшек  саудаға,  автокөліктер  мен  мотоцикл-дерді 
жөндеуге – 23,8%, құрылысқа – 17,0%, ауыл, орман және балық шаруашылығына 
– 4,5%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 3,5% және басқа салаларға – 
28,1%. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
– ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. 
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын биз-
нес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
– тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы; 
–  экономиканың  құрылымдық  өзгеруіне  әсер  ету.  Шағын  кәсіпкерлік 
экономикаға өтімділік, икемділік береді; 
– өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. 
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономика-
лық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызы-
лып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырылады. Бірақ шағын 
және  орта  бизнестің  рөлін  таңдай  отырып,  оның  дамуына  кедергі  болатын 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

208
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай 
(инфляция,  өндірістің  құлдырауы,  шаруашылық  байланыстардың  үзілуі, 
төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық 
қорғалуы). Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз-өздерін 
теңгеруі.  Үшіншіден,  халықтың  кәсіпкерлерге  толық  сенімінің  болмауы. 
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, 
керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы. Бесіншіден, қазіргі заманға 
сай  ақпаратардың  жеткізілуі,  құрал-жабдық,  технологияның  болмауы,  күрделі 
есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы [1].
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелері-
нің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерін шешу үшін әкімшілік-ұйым- 
дық,  технологиялық,  техникалық  ресурстардың  қолданылуы  қажет.  Соңғы 
жылдары  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  мен  кәсіпкерлік  қызметті 
қолдау  бойынша  бірқатар  шаралар  әзірлеген  болатын.  Ол  өзінің  нәтижесін 
берді,  статистиктердің  айтуы  бойынша,  тіркелген  кәсіпкерлердің  санының 
артуы  жұмыспен  қамтылған  халықтың  үлесіне  де  әсерін  тигізген.  Шағын 
кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді: 
шағын  және  орта  бизнестің  рөлінің  артуын  кәсіпкерлер  форумының  тұрақты 
жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі 
банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін 
тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10%-дан аз болмау), 
орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау, агенттіктің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті 
қолдау  бойынша  әкімдердің  қызметін  қатаң  қадағалау,  шағын  кәсіпкерлік 
субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
1992-1996  жылдары  кезеңінде  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамыту,  екі 
мем-лекеттік  бағдарламаның  жүзеге  асыру  шағын  бизнестің  құрылуы  мен 
қалыптасуына  негіз  бола  алды.  Бұл  кезеңде  шағын  және  орта  кәсіпкерлікпен 
айналысатындардың  үлесі  жалпы  жұмыспен  қамтылғандардың  саны  ішінде 
келесі қатынасты құрады: 1992 жылы – 6%, 1993 жылы – 4%, 1994 жылы – 4%, 
1995 жылы – 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 
бірлікке дейін артты. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың 
ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар 
болды.  2013  жылдың  1  маусымында  облыстағы  шағын  және  орта  бизнестің 
белсендi субъектілерінің саны 72148 бірлікке немесе 2012 жылдың осыған ұқсас 
кезеңімен салыстырғанда 112,3% (орташа республикалық көрсеткіште – 114,0%) 
құрады.  Шағын  және  орта  бизнес  субъектілерімен  шығарылатын  өнімдер 
(тауарлар, қызметтер) 2012 жылға 177,2 млрд теңге немесе 107,1% құрады [4].
Шағын  және  орта  бизнесте  жұмыспен  қамтылғандар  саны  266707  адам 
а. МЫРЗаШҚЫЗЫ

209
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
немесе 2012 жылмен салыстырғанда 102,5% (орташа республикалық көрсеткіште 
– 103,6%) құрады. 2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығында шағын және орта 
бизнес  субъектілерінен  салық  түсімдерінің  көлемі  28,5  млрд  теңгені  құрады, 
бұл 2012 жылдан 16,9% немесе 4,1 млрд теңгеге артық, соның ішінде жергілікті 
бюджетке осы санаттағы салық төлеушілерден 10,7 млрд теңге аударылған, 2012 
жылға 120,3% құрады немесе 1,8 млрд теңгеге арттық. «Бизнестің жол картасы-
2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ШҚО кәсіпкерлерінен жалпы құны 
47,3 млрд теңге сомасына несиелерді қаражаттандыруға 263 өтінім түсіп, соның 
ішінде: «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша 21,3 млрд 
теңге несие сомасына 217 өтінім; «Кәсіпкерліктің саласын сауықтыру» екінші 
бағыты бойынша 8,8 млрд теңге сомасына 22 өтінім; «Кәсіпкерлердің валюталық 
тәуекелділігін азайту» үшінші бағыты бойынша банктерге облыстың экспортшы-
кәсіпорындарынан  жалпы  құны  17,2  млрд  теңге  сомасына  24  өтінім  түсті. 
Бағдарламаның  бiрiншi  және  үшiншi  бағытын  iске  асыру  шеңберiнде  жалпы 
құны 39,2 млрд теңге несиелер сомасына Өңірлік Үйлестiру кеңесiмен 229 өтінім 
мақұлданып  келісілді.  «Кәсіпкерліктің  саласын  сауықтыру»  Бадарламасының 
екінші бағыты шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жұмыс тобының қарауына 
16  жоба  жолданды.  Ағымдағы  уақытты  қаражаттандыруға  жалпы  сомасы  7,9 
млрд теңгеге 13 жоба мақұлданып, 7 өтінім бойынша қаражаттандыруға шарт 
жасалынды.  Облыс  бойынша  ӨҮК  және  Жұмыс  тобымен  қаражаттандыруға 
жалпы құны 47,1 млрд теңге сомасына 242 өтінім мақұлданып, және ҚР ЭДСМ-
мен келісілген [1].
2013  жылғы  қаңтар-мамырдағы  өнеркәсіп  өнімінің  нақты  көлем  индексі 
2011  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  102,3%  құрады.  Өндірістің 
өсуі  республиканың  10  өңірінде  байқалды.  Төмендеу  Ақмола,  Атырау,  Батыс 
Қазақстан,  Қарағанды,  Маңғыстау  облыстарында  және  Астана  қаласында 
тіркелді.
Өңірлер  бойынша  жасалған  кесте  негізінде  әр  облыстың  соңғы  жылдар 
бойынша өнеркәсіп өнімі көлемі көрсетіліп, әр облыс негізінде қорытындылар 
жасалды. Әр облысқа жеке-жеке сипаттама төмендейді.
Шығыс  Қазақстан  облысында  2013  жылғы  қаңтар-мамырдағы  өнеркәсіп 
өнімінің нақты көлем индексі 123,9%-ды құрады. Мыс және қорғасын-мырыш 
кендерін  өндіру  артты,  тазартылған  алтын  және  күміс,  жеңіл  автомобильдер, 
тиындар мен медальдар, құнбағыс майының шығарылымы артты.
Алматы қаласында құнбағыс майы, сыра, шай, шоколад, жылу энергиясы 
және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің шығарылымы артты (114,3%).
Ақтөбе облысында мұнай, мыс кендері мен қойыртпалары, пропан және 
бутан өндірісі артты (107,9%).
Оңтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі 107,4% құрады. Уран 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет