Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: Бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады