ҚӘУЗ- бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы
Аммиакпен зақымдану ошағы- тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі – газ, аэрозоль. Зақымдаушы мөлшері-15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.
Алғашқы медициналық көмек- зақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі:
көзді алюминий- калийдің 0,5 % ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен жақсылап шаю
газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек.
Хлормен зақымдану ошағы— тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері – 0,6 мг/мин/ л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.
Хлор — өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.
Алғашқы медециналық көмек:
көзді сумен шаю;
газқағар немесе 2 % тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ерітіәндісімен шаю;
хлор буымен зақымданушыны зембілбен алып кетеді.
5. Химиялық және қауіпті заттарды тасымалдау мен сақтаудың негізгі талаптары.https://kodeksy-kz.com/o_bezopasnosti_him_produktsii/17.htm
1. Химиялық өнімді сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті химиялық өнімді тасымалдау үшін осындай мақсаттарға арнайы жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады.
3. Химиялық өнімді сақтау және тасымалдау қорғау шаралары сақтала отырып жүзеге асырылады, олар:
1) тасымалдауға және сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;
2) химиялық өнім орамасының рұқсат етілген массасын және оның сақталу мерзімін;
3) сақтау және тасымалдау кезінде өнімнің химиялық өнімнің басқа түрлерімен сыйысымдылығын;
4) тасымалдауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);
5) өздігінен жануға және өздігінен ыдырауға, оның ішінде қауіпті өнімдер түзей отырып ыдырауға бейім химиялық өнімге қолданылатын арнайы шараларды;
6) орамасын, ыдысын қауіпсіз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөніндегі шараларды;
7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды;
8) персоналдың жеке қорғану құралдарын;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда әскерилендірілген күзетті пайдалануды қамтиды.
4. Химиялық өнімді тасымалдау және сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.
5. Химиялық өнім массасының жол берілетін нормасы оның әсер етуі немесе түрлену өнімдері қауіпсіздігін белгіленген мерзім ішінде қамтамасыз етуге тиіс.
6. Химиялық өнімді тасымалдау кезінде ораманың, сондай-ақ көлік құралдарының өзінің химиялық өнімге санкциясыз қол сұғуды болғызбайтын бүтіндігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс.
7. Химиялық өнімді көліктің алуан түрінде тасымалдауға арналған қаптамаларды қолдануға қойылатын талаптар тиісті техникалық регламенттерде белгіленеді.
8. Егер, олар бір-бірімен қауіпті реакцияға түсетін және:
1) жанатын және (немесе) едәуір жылу бөліп шығаратын;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдар бөліп шығаратын;
3) басқа да химиялық активті және қауіпті, соның ішінде корродирлейтін заттардың түзілуін туғызатын химиялық өнімнің екі және одан да көп түрлерін бір ыдысқа орналастыруға жол берілмейді.
9. Сұйытылған газдарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Негізгі химиялық өнімнің қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар химиялық өнімді сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болғызбайтын барабар қорғау шаралары қамтамасыз етілуге тиіс.
11. Ұқсас заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Химиялық өнімді сақтау шарттары оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болғызбауға тиіс.
12. Орама әзірленген материал оның ішіндегі заттармен химиялық реакцияға түспеуге тиіс.
13. Химиялық өнімнің әкелінуін, әкетілуін және транзитін қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |