ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ МЕНЕДЖМЕНТІ
пәнінен лекциялық сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенттеріне арналған
Шымкент 2021 ж.
1. Лекция тақырыбы: Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт менеджменті теорияларының жалпы ережелері.
Лекция жоспары:
1. Кіріспе.
2. «Дене шынықтыру және спорт» пәнінің оқу нысаны ретінде дене шынықтыру мен спортты басқару органдарының жүйесі, басқару органдарының қызметтері, әдістері, басқару қағидаттары, Қазақстан Республикасында және шетелде бұқаралық дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру қарастырылады.
3. Пәнді оқу әдістері ретінде дәрістер, семинарлар, студенттердің өзіндік жұмысы мен тәжірибиелік сабақтары қолданылады. Дене шынықтыру және спорт менеджменті арнайы циклдің алдыңғы қатарлы пәндерінің бірі болып табылады және дене шынықтыру мен спорт теорияларының, әдістерінің саласында студенттердің дайындығын, тұрғындармен дене шынықтыру мен спорт бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Лекция мазмұны:
1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджер және оның міндеттері
3. Менеджменттің даму кезеңдері
1 Менеджмент туралы түсінік
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
Менеджмент түсінігі:
Қызмет түрі (синонимы басқару)
менеджер = басқарушы, жетекші. Директорлар кеңесі
білім саласы (бизнес мектептері, жоғарғы білім, степень МВА, HBS, INSEAD,LBS, Wharton)
Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік.
Менеджер дегеніміз қол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті» ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады».
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз- мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.
1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисті В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Менеджмент деңгейлері:
Жоғарғы деңгейлі менеджерлер – басқарудың ең аз тобы. Ең үлкен кәсіпорындарда олардың саны көп емес. Оларға зауыттың директоры, президенті, вице-президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, университет ректоры және т.б. Басқарудың бұл деңгейі жоғарғы білімді талап етеді, кейбір жағдайда бір ғана емес, одан да көп білімді қажет етеді.
Орташа деңгейлі менеджерлер – төменгі деңгей менеджерлерінің басшылары. Кәсіпорын аумағына қарай бұл менеджерлерінің бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Орташа деңгейлі менеджерлерге –цех басшысы, бөлім басшылары, филиал директоры, факультет деканы, сату бөлімінің басшысы және т.б. Көбінесе бұл басшылар жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар.
Төменгі деңгейлі менеджерлер – жұмысшылар үстінен бақылайтын төменгі басшылар. Оларға мастерлер, бригадирлер, кафедра меңгерушілері, сауда менеджерлері және т.б. Басшылардың басым бөлігі – төменгі деңгейлі менеджерлер. Көптеген адамдар өзінің басқару мансаптарын осы деңгейден бастайды. Төменгі деңгей менеджерлері әртүрлі деңгейлі білімі болуы мүмкін.
Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы – бұл басшылық.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |