Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата28.11.2023
өлшемі1,89 Mb.
#130576
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция КПМ 1 каз

Жарық әсерінен қатаятын 
композиттердің жетіспеушіліктері:

пломба қойған кезде көп уақыттың 
алуы, шамамен 40-60 мин, химиялық 
жолымен қатаятын пломба салғанда –
20-
30 мин.;

бағасы жоғары;

шамның сәулесі көзге зиянды (қорғаныс 
құралдарды қолдану қажет).


Композиттік материалдың 
қасиеттері толтырғыш түйіршіктердің 
пішініне және көлеміне байланысты. 
Стоматологиялық қабылдауда 
пломбалық материалды дұрыс таңдау 
үшін композиттер құрылымын білуі 
маңызды болып табылады.


Макротолтырылған (макрофильді) 
композициялық пломбалық материалдар
.
Құрамында көлемі 8-12 мкм және одан да үлкен 
бейорганикалық толтырғыштың түйіршіктері бар. 
Беорганикалық толтырғыштың мөлшері - 70-80%, сондықтан 
олар беріктілігі жеткілікті болады.
Макротолтырылған композиттердің оң 
қасиеттері:
-
беріктілігі жеткілікті;
-
қолайлы оптикалық қасиеттері;
-
рентгенконтрастті.
Макротолтырылған композиттердің теріс 
қасиеттері:
-
жылтыратуға қиын келеді;
-
«құрғақ жылтырдың» болмауы;
-
тіс қағының көп жиналуы;
-
пломба түсінің өзгеруі;
-
антагонист тістің қажалуын тудырады


Макротолтырылған композиттердің 
жетіспеушіліктері бейорганикалық толтырғыштың 
түйіршіктерінің үлкен көлеміне және олар дұрыс 
емес формасына байланысты. 
Бұл материалдар жылтыратуға қиын болып 
келеді (түйіршіктері ірі болғандықтан). Сонымен 
қатар, пломбаның кедір-бұдырлығы байқалады 
(микрокеңістіктер), себебі жылтырату барысында 
жұмсақ органикалық матрицасы жойылады, 
бетінде бейорганикалық толтырғыштың ірі 
түйіршіктері қалады. 
Пломба бетінің кеуектілігі тіс қағының, тағам 
пигменттерінің жиналуына жағдай жасап, пломба 
түсінің өзгеруіне және бейорганикалық 
толтырғыштың кейбір түйіршіктерінің жоғалуына 
әкеледі.


Солай болғандықтан, макротолтырылған 
композиттер тістердің эстетикалық 
реставрациялау үшін қолдануға келмейді, 
себебі олардың түстік тұрақтылығы және 
қажалуға тұрақтылығы төмен, жылтыратуға 
қиын келеді.
Макротолтырылған композиттердің 
қолдану көрсеткіштері:

I, II, V класстық қуыстарды пломбалау үшін;

алдынғы топ тістерін пломбалау үшін (егер 
эстетикакалық эффектті қажет етпесе).
Өкілдері:
химиялық жолымен қатаятын 
Evicrol Original және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет