Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері


Наногибридты композит Filtek Supreme



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата28.11.2023
өлшемі1,89 Mb.
#130576
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Наногибридты композит Filtek Supreme


Компомерлер
Компомерлер 
– шыныиономерлі цементтерімен 
модификацияланған композиттер (
КОМПО
зиттердің және 
шыныионо
МЕР
лі цементтердің комбинациясы).
Барлық компомерлер бір ғана жолымен – жарық 
әсерінен қатаяды.
Компомерлер 
органикалық матрицасы 
шыныниономерлі цементтердің полиакрил қышқылдарының 
қышқылды топтарымен модификацияланған (немесе 
қосылған) мономерлерден (UDMA) тұрады. Сонымен қатар, 
құрамында полимеризация ингибиторы, пигменттер, 
эластомерлер, тұрақтандырғыш заттары (стабилизаторлар) 
және полиакрил қышқылы бар.
Бейорганикалық толтырғышы 
0,8-
1 мкм-ға дейін 
ұсатылған стронций-фторсиликатты шыны мен стронций 
фториды түйіршіктерімен көрсетілген. Толтырғыштың 
мөлшері салмағы бойынша - 70-73 %.


Компомер құрамында мономерлердің болуы 
композиттерінде сияқты ұзын полимерлі тізбектердің 
түзілуіне мүмкіндік береді, ал қышқылды топтар 
шыныиономерлі цементтерінде секілді бейорганикалық 
толтырғышпен өзара әрекеттеседі.
Компомерлерге 
екіжақтық (екікезеңділік) қатаю 
механизмі тән

Алдымен, жарықпен әсер еткеннен кейін, 
композиттік компоненттің (мономерлер) 
полимеризациясы белсендіріледі. Бұл материалға 
біріншілік қаттылықты қамтамасыз етеді. 
Кейін материалға ауыз қуысы сұйығы сіңеді және 
қышқылды-негізгі (шыныиономерлі) реакция жүреді 
(поликарбон қышқылының бейорганикалық 
толтырғышпен өзара әрекеттесуі). Қатайған полимерлі 
композитті матрицасының ішінде жұқа шыныиономерлі 
құрылым пайда болады.


Сұйығының сіңуіне байланысты компомер 
көлемінің үлкеюі пломба шеттерінің 
салбырауына және шекарасының өзгеруіне 
әкелу мүмкін. Сол себептен компомерлерді 
кейін керамикалық сауыттарымен қапталатын 
тістер пломбалау үшін қолдануға болмайды
өйткені пломба көлемінің үлкейюіне 
байланысты сауыттың бүтіндігі бұзылуы 
мүмкін. 
Басқа жағынан, сұйығының 
абсорбциясына байланысты пломба көлемі 
үлкеюі (3 % -ға дейін) полимеризациялық 
отыруын орнын толтырады.


Компомерлер композиттердің 
қасиеттерін (қолдануда ыңғайлығы, 
эстетикалық қасиеті, түстұрақтылығы) 
және шыныиономерлі цементтердің 
қасиеттерін (тіс тіндеріне химиялық 
адгезиясы, фтор иондардың бөлінуі, 
жақсы биологиялық үлесімделегі) 
біріктіреді. 
Компомерлер жетіспеушіліктері: 
композиттерге қарағанда беріктілігі және 
тозуға төзімділігі төмен, жылтыратуға 
қиынырақ келеді, ал ШИЦ-ге қарағанда 
фторды аздау бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет