Кері титрлеу әдісі арқылы кей тұздардың (мысалы, кальций не аммоний тұздарының) мөлшерін анықтайды. Қышқыл-негіздік титрлеу арқылы заттың 0,10% массасын анықтайды, бұл әдіс 0,50% салыстырмалы қате жібереді.
Бұл әдісте қышқыл-негізді индикаторлар қолданылады. Қышқыл-негізді титрлеуде мына титрлеу түрлері қолданылады:
1. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу;
2. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу;
3. Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу;
4. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу;
5. Әлсіз қышқылды әлсіз негізбен(не керісінше)титрлеу.
Бұл әдісті қолданып, тамақтық қышқылдардың (сірке қышқылының, лимон қышқылының, сүт қышқылы және алма қышқылдарының) мөлшерін анықтауға болады.
Заттың мөлшерін анықтау үшін бюреткадағы титранттан (қышқылдың, не негіздің стандартты ерітіндісі) анықталатын затқа индикатор түрі өзгергенше тамшылатылады. Күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде эквивалент нүктеде рН = 7, әлсіз қышқылды күшті негізмен титрлегенде эквивалент нүкте рН > 7 (неге?), әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлегенде э.н. рН<7 болады (неге?).
CH3COOH + NaOH = CH3COONa + H2O
әлсіз қышқыл
CH3COO- + H2O↔ CH3COOH + ОН- , рН>7
NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O
әлсіз негіз
NH4+ + H2O↔NH4OH + H+ , рН<7
HCl + NaOH = NaCl + H2O рН = 7
күшті күшті
қышқыл негіз
Н+ + ОН- = Н2О, рН = 7
Қышқыл-негізді титрлеу кезінде индикаторды дұрыс таңдап алу қажет, себебі олар түстерін әр түрлі рН-да өзгертеді. Ол үшін титрлеу қисығын құру керек. Титрлеу қисығын құру үшін оны 4 бөлікке бөледі:
1. Титрлеуге дейінгі;
2. Титрлеу секірісінің басталуына дейінгі;
3. Титрлеудің секірісі және эквивалент нүктесін қосып;
4. Титрлеудің секірісінен кейінгі.
1. Титрлеуге дейінгі бөлік үшін рН-ты титрленуге тиісті заттың (қышқылдың, негіздің) концентрациясы арқылы (күшті электролиттер үшін) не диссоциация константасы (әлсіз электролиттер үшін) арқылы анықтайды.
рН = - lg[H+] = - lgСНА күшті қышқыл үшін
рОН = - lg[ОH-] = - lgСМОН күшті негіз үшін, рН=14- рОН;
әлсіз қышқыл [H+] = √КНА∙СНА
әлсіз негіз [H+] = Ксу/√КМОН ×СМОН
Титрлеудің осы 5 түріндегі рН-ты есептеуді қарастырса:
I, IIІ – күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу және күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу (титрлеу қисықтары бір-біріне қарама-қарсы болады).
1. Титрлеуге дейінгі рН-ты: рН = - lg[H+] = - lgСНА;
рОН = - lg[ОH-] = - lgСМОН; рН = 14- рОН формулалары арқылы анықтайды.
2. Эквивалент нүктесіне дейін рН мына формулалармен есептеледі:
[H+] = (VНА-VМОН)∙СНА/VНА+ VМОН
[ОH-] = (VМОН-VНА)×СМОН /VМОН +VНА
3. Эквивалент нүктеде рН = 7
4. Эквивалент нүктеден кейін рН мына формулалармен есептеледі:
[H+] = Ксу (VНА + VМОН)/VМОН (артық мөлшері)×СМОН
[ОH-] = Ксу (VМОН + VНА)/VНА (артық мөлшері)×С НА
II, IV – әлсіз қышқылды күшті негізбен (не керісінше) титрлегендегі титрлеу қисығын құру үшін рН есептеу: рН-ты есептегенде Н+- концентрациясын ерітіндідегі қышқылдың жалпы концентрациясына теңестіруге болмайды, себебі оның негізгі массасы иондалмаған молекула күйінде болады да тек аз бөлігі ғана Н+ (ОН-) ионы күйінде жүреді. Титрлеу қисығын құру үшін 3 формула қолданылады:
1. Титрлеуге дейінгі рН-ты есептеу, яғни әлсіз қышқыл ерітіндісіндегі;
2. Титрлеу процесі кезіндегі рН есептеу, яғни ерітіндіде әлсіз қышқыл мен оның тұзы болғанда;
3. Эквивалент нүктедегі рН-ты есептеу, яғни ерітіндіде тек әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзы болғанда.
7>7>
Достарыңызбен бөлісу: |