4.3 Практика сабақтарының тақырыптарының мазмұны 1 - тақырып Кіріспе. Сабақта студенттерді пәннің бағдарламасымен таныстырылып және болашақ мамандық үшін оның маңыздылығы айтылады. Графикалық жұмыстарды орындауға керекті құралдармен таныстырылып, оның өсу жолдарынан дәріс оқылады. Курс жұмысымен таныстырылып тапсырма беріледі (1 сағат).
2 - тақырып. Жарық. Акварель ертіндісімен жұмыс істеу техникасы және жуу әдістері. Акварель ерітіндісімен жуудың мақсаты және орындау әдістері. Құралдарды пайдалану және орындау тәсілдері үйретіледі.
Графикалық жұмыстар орындалады. Артынан жұмыстар бағаланады (8 сағат).
3 - тақырып Құрылыс материалдарын графикамен бейнелеу. Құрылыс материалдар және оның түрлері туралы дәіс оқылады. Артынан осы тақырыпқа арналып графикалық жұмыстар орындалады. Жұмыс рафидограппен орындалады (6 сағ).
4 - тақырып Адам және кеңістік Графикалық жұмыстарда жалпы демонстрациялық материалдардағы стилиздалған адам бейнесінің ролі. Оның атқаратын рөлі және орындау тәсілдері. Композициялық тұрғыдан жеке және топ адамдарды графикамен орындау. Артынан графикалық жұмыстар орындалады (6 сағ.).
5 - тақырып Антураж. Жасыл желендерді бейнелеу әдістері Жалпы айналадағы табиғи орта туралы жалпы жасыл желеңдер туралы дәріс оқылады. Жасыл желеңдердің түрлері және оларды стилдеп орындау тәсілдері. Жасыл желеңдерде бас жоспарда, сәулеттік кеңістікте орындау тәсілдері. Ос тақырыпқа арналып бірнеше графикалық жұмыстар орындалады, Артынан жұмыстар бағаланады (8 сағ.).
6 - тақырып Сәулеттік сызбаны графикамен орындау Сәулеттік сызба туралы дәріс. Сәулеттік сызбаның түрлері және орындау тәсілдері. Ортогоналды сызбалар (Қасбеттер, жоспар және қималар) туралы мәліметтер. Оларды графикамен орындау тәсілдері. Графикалық жұмыс орындау (8 сағ.).
7 - тақырып Макет. Орындау әдістері Макет туралы қысқаша дәріс. Оның сәулет өнеріндегі алатын орны. Макеттің түрлері және оны жасауға керекті материалдар мен құралдар. Орындау тәсілдері. Геометриялық формалардың макетін жасау (8 сағ.).