Тұйық баламен жұмыс Баланың психологиялық және эмоциялық күйін Роршах (швейцарлық ғалым) тесті арқылы анықтауға болады. 5-6 жастағы балаларға жүргізуге ұсынылған


Мінезі тұйық балаларға арналған ситуациялық-психологиялық жаттығулар



бет2/3
Дата29.08.2023
өлшемі24,42 Kb.
#105659
1   2   3
Мінезі тұйық балаларға арналған ситуациялық-психологиялық жаттығулар
Балаға бірнеше психологиялық жағдаяттарды шешуді ұсыныңыз. Ұсынылған шешімнен тек біреуін таңдасын, сосын ұсынылған шешімдердің әрқайсысын бірігіп талдаңыздар. Өзінің ойын бала сізге дауыстап жеткізуі тиіс. Тұйық мінезінің ашылуына көмектесіп қана қоймай, мұндай жаттығулар баланы логикалық ойлауға үйретеді, тілін жетілдіреді, қарым-қатынас қабілетін дамытады.
1) Сен кубиктерден биік ғимарат құрастырдың. Теледидар көріп жатқан әкеңе ұсынасың. Бағдарламасы аяқталғанша әкең күте тұруыңды өтінеді. Сен не істейсің? Неліктен?

  • бағдарламасы аяқталғаша өз бөлмеңде күтесің, бұл уақытта тағы бірдеңені құрастырумен айналысасың;

  • жарнама басталғанда әкеңнің бөлмеңе келіп кетуін өтінесің;

  • ол қарағанша өтінішіңмен оның мазасын аласың;

  • анаңа, әжеңе не басқа біреуге барасың;

  • ренжіп, онымен сөйлеспей қоясың.

2) Сендерге қонаққа бейтаныс адамдар келді (өз балаларымен). Өзіңді қалай ұстайсың?

  • ата-анаң қонақтарды таныстырғанша күтесің;

  • ата-анаңды күтпей қонақтармен өзің танысып аласың;

  • қонақтар отырған бөлмеге ойыншықтарыңды әкеліп, әңгімелеріне кедергі келтірмей, өзіңмен-өзің ойнайсың;

  • қонақтармен әңгімелесесің, оларға өзің туралы қызық әңгімелер не тақпақтар айтып бересің;

  • қонаққа келген балаларды өз бөлмеңе шақырып, оларға ойыншықтарыңды бересің;

  • қонақтар келгенін көріп, өз бөлмеңе кетіп қаласың.

3) Егер ата-анаң қонақтар келгенде «бөлмеңе бар» десе, сен:

  • жата қалып, бақырып жылайсың;

  • үн-түнсіз, ешбір ренішсіз бөлмеңе кетіп қаласың;

  • қонақтардың ортасында шамалы отыра тұрайыншы деп өтінесің, біраздан соң бөлмеңе кетіп қаласың;

  • қонақтармен бірге қалуыңды өтініп, қиғылық саласың;

  • ренжіп, өз бөлмеңе барып жылайсың.

4) Сен ата-анаңмен қонаққа келдің. Онда өзіңмен жасты балалар бар. Олар сені ойнауға шақырады. Өзіңді қалай ұстайсың?

  • тапжылмай тұрып алып, ата-анаңнан алыстамайсың;

  • олармен ойнауға қуана келісесің;

  • үлкендердің арасында қаласың;

  • балалармен ойнауға барасың, бірақ арасында үлкендер отырған бөлмеге барып тұрасың;

  • үйге қайтайықшы деп ата-анаңа қайта-қайта өтінесің.

5) Есік алдына шығып, сен ескі құрбыларыңның арасында бейтаныс балалардың пайда болғанын көресің. Өзіңді қалай ұстайсың?

  • танысу үшін бірінші болып жақындайсың;

  • ескі құрбыларыңның біреуінен таныстыруын өтінесің;

  • олар сенімен өздері келіп танысқанша күтесің;

  • олар сенімен ойнағысы келсе де оларға қарамайсың;

  • жаңа балалармен ойнау саған қиындық келтіретіндіктен, үйге қайтасың.

  • Ұсынылған жағдаяттарды талдау кезінде балаға ең оңтайлы шешімді таңдауға көмектесіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет