Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы


) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамада қайшылықтарды, коллизияларды және кемістіктерді жоюға бағытталған түзетулер



бет15/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде

3) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамада қайшылықтарды, коллизияларды және кемістіктерді жоюға бағытталған түзетулер

1. Қылмыстық және Еңбек кодекстеріндегі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы кейбір түсініктерді нақтылау туралы.

Бұдан бұрын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» күшін жойған Заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестірілген.

Қаазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы № 986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының міндеттірінің бірі болып квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады. Аталған міндетке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабының 4-тармақшасы сәйкес келеді, онда квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарғы теңестіреледі деп көрсетілген.

Бюджеттік кодекске сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлға екендігін атап өту қажет.

Осылайша, мемлекеттік кез келген үлесі бар ұйым квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын болады. ҚК мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар ретінде тек қана 50%-дан астамы мемлекеттің қатысы бар ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамдарды ғана мойындайды.

Осыған байланысты, ҚК-те аталған түсініктерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның түсінігімен сәйкестендіру ұсынылады.

Еңбек кодексімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды азаматтық қызметке алуға шектеулер қойылған.

Жоғарыдағыны ескере отырып, Еңбек кодексінде аталған адамдардың атауын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нрамаларын ескере отырып өзгерту қажет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тізіміне енгізулген.

Бұл ретте, Заңның 11-бабының ескертпесіне сәйкес Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар ретінде аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.

Осылайша, Заңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар ретінде лауазымды тұлғалар да мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар да саналады.

Алайда Заңның бірқатар баптарында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға арналған шектеулер квазимемлекеттік сектордың өкілдеріне таралмайды, ал лауазымды тұлғаларға бұндай ерекшелік қарастырылмаған, сондықтан квазимемлекеттік сектордың өкілдеріне Заң нормаларын қолдану кезінде қиындықтар туындайды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекспен ұқсастық бойынша «лауазымды адам» түсінігінен квазимемлекеттік сектор өкілдерін алып тастау ұсынылады.

Екіншіден, «басқару функцияларын орындайтын адам» «ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар», «әкімшілік-шаруашылық функциялар» түсінігі анықтамаларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңның «түсініктер аппаратын» толықтыру қажет.

Қазіргі таңда аталған түсініктер Заңның 2020 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 11-бабында орналасқан.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау еңбек шартын бұзу үшін негіз болуды енгізу туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар өзгеде сыбайлас жемқорлықтың субъектілері сыбайлас жемқорлық қарсы шектеулерді қабылдамағаны үшін жауаптылыққа тартылады.

Аталған шектеулерді сақтамау (қылмыстық жазаланатын әрекеттің және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ болған жағдайда) олармен мемлекеттік қызметті немесе өзге тиісті қызметті тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қолданыстағы еңбек заңнамасында аталған негіздер бойынша жұмыс беруші бастамасы бойынша еңбек шарты бұзуға негіздері көрсетілмеген. Осыған байланысты Еңбек кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаған жағдайлары еңбек шарттын бұзуға негізін қарастыру қажет.

4. Тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының жақын туыстарымен жұмыс істеу жол беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 20-бабы 6-тармағын ескере отырып, тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарына мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленбейді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы
1-тармағына сәйкес аталған адамдарға шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысу, кәсіпкерлік және ақы төленетін басқа да қызметпен айналысу тыйымы қолданылмайды.

Осыған байланысты оларға жақын туыстармен, ерлі-зайыптылармен немесе жекжаттармен бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу туралы талап қолданылмауы тиіс.

5. Мүлікті сенімгерлікпен басқару беру мәселелері туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және сыбайлас жемқорлықтың өзге субъектілері лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

Мемлекеттік функцияны атқару кезінде пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті иемдену жағдайлары осы уақытта осындай мүліктерді сенімгерлікпен басқаруға беру мәселелері реттелмеген (ағымдағы уақытта Заңның 13-бабы 7-тармағымен тек акцияларға қатысты талаптар беглігенген). Мысалыға мүлік мұрагерлікпен не сый бойынша берілуі мүмкін.

6. «Төменгі лауазым» анықтамасына түзетулер енгізу қатысты Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 28-бабына сәйкес мемлекеттік органдағы бос төменгі лауазымдарды толтыру мемлекеттің барлық азаматтары қатыса алатын жалпы конкурс өткізу жолымен іске асырылады. Заңға сәйкес төменгі лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сәйкес санаты төмен тұрған мемлекеттік лауазым болып табылатын. Министрліктегі төменгі лауазым С-5 санаттағы сарапшы позициясы болып табылады.

Алайда Сыртқы істер министрлігінде С-5 санатында сатысына сәйкес 5 мемлекеттік лауазым (референт, сарапшы, атташе, үшінші хатшы, бас консулдықтың вице-консулы) жатады.

Дипломатиялық қызметтің дәстүрлі халықаралық тәжірибесіне сәйкес мысалыға үшінші хатшы лауазымына тағайындалу үшін оның алдымен референт, одан кейін аттеше лауазымында өтілі болуы қажет.

Бұл ретте аталған барлық лауазымдар С-5 төменгі санатына жататынын ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс өтілі жоқ азаматтар референт лауазымында жұмыс жасамай, үшінші хатшы не аттеше лауазымдарына орналасуға құқығы бар.

Бұндай тәртіп мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне қайшы келетіндіктен, заңжобасымен санатқа байланыстырмай төменгі лауазым анықтамасын нақтылау және «төменгі лауазым – мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сәйкес санаты төмен тұрған болып табылатын, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымы» деп бекіту ұсынылады.

7. Декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуға мерзімдерін нақтылау Мемлекеттік қызметке түсетін (еңбек шартын жасауға дейін не мемлекеттік лауазымға тағайындалу туралы бұйрықтың шыққанға дейін) адамдарға декларация тапсырғаны туралы анықтама ұсыну мерзімінің мәселелері бойынша екі түрлі түсінік беруді алып тастау мақсатында мемлекеттік қызмет туралы Заңда аталған құжат еңбек шартын жасасқанға дейін ұсынылады деп нақты белгілеу ұсынылады.

8. «Б» корпусының лауазымдарына қайта құрылған «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарын қайта тағайындау тәртібін нақтылау

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 25-бабында «А» корпусының лауазымына қайта құрылған «Б» корпусының мемлекеттік қызметші лауазымына жұмысқа орналасу тәртібі реттелген.

Бұл ретте, Заңмен «Б» корпусының лауазымдарына қайта құрылған.

«А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің қайта тағайындалу тәртібі анықталмаған.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет туралы Заңға тиісті толықтырулар енгізу қажет.

9. Теріс себептер бойынша, басқа да негіздер бойынша қызметтен шығаруға жататын адамдардың жұмыстан шығу фактілерін алып тастау туралы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін жауаптылық қарастырылатын адамдарды (Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы) өз қалауымен бойынша қызметтен шығуға тыйым салу аталған қылық немесе құқық бұзушылық жасаған адамдардың заңнамада белгіленген жауаптылықтан жалтаруды алып тастайды.

Бірақ тәжірибеде Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік ісі қаралып жатқан мемлекеттік қызметші басқа әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты қызметтен шыға отырып, терiс қылық жасағаны үшін заңнамада көрсетілген жауаптылықтан жалтарады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін жауаптылық қарастырылатын адамдарды өз қалауымен бойынша қызметтен шығуға тыйым салу сияқты ұқсастық бойынша басқа әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты қызметтен шығатын адамдарға тыйым салуды бекіту қажет.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік сыныбы теңестіру тәртібін айқындау

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде аталған мәселені реттейтін Заңның басқада нормаларына сілтемелерін белгілей отырып бір ведомстводан басқаға ауысу кезіндегі арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы арнаулы, әскери атақтары, сыныптық шендері және біліктілік сыныптарының теңестірілген бірыңғай тәртібі регламенттелген.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-1-бабы 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары басшы құрамдағы қызметкерлері үшін 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы белгіленеді. 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы «генерал-майор» арнаулы атағына және «3-сыныпты мемлекеттік кеңесші» сыныптық шеніне сәйкес келеді.

Осыған байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-бабы
7-тармағында сондай-ақ осы Заңның 22-1-бабы 5-тармағының сілтемесімен толықтыру қажет.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 23-бабы 10-тармағында магистранттар мен докторанттарға белгiленген мерзiмiнің өтуіне орай және соңғы атқарған лауазымына сәйкес кезектi арнаулы атақтары және сыныптық шендері белгіленеді

Алайда бұл норма сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілік сыныптарының белгілеу тәртібін реттейтін осы Заңның 22-1 бабында жоқ.

Осыған байланысты сыныптық шендер, арнаулы атақтар және біліктілік сыныптарын белгілейтін бірыңғай тәртібінің болуы мақсатында аталған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оқу кезеңінде біліктілік сыныптарын белгілеу мүмкіндігін болуы үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-1-бабын ұқсас тармақпен (23-б. 10-т.) толықтырылу ұсынылады.

11. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін бағалау бойынша

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын екі тәсілмен:

1) қызмет бағасымен;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізілетін аттестаттаумен айқындайды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес құқық органдардың қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасы 3 тәсілмен:

1) жыл сайынғы қызмет бағасымен;

2) құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайынғы міндетті аттестаттаумен;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізілетін кезектен тыс аттестатаумен айқындайды.

Құқық қорғау қызметкерлерінің жыл сайынғы қызмет бағасын жүргізу туралы норма 2015 жылы енгізілді.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 46-2-бабына сәйкес қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін үш жыл бойы негіз болып табылады.

Осы Заңның 47-бабында қызметкерлер әрбір 3 жыл сайын аттестаттауға жатады.

Жыл сайынғы бағалау уақытылы, серпінді, мобильді құрал болып табылады және қызметкерлер жұмысының тиімділігін мен сапасын жедел айқындауға және өз кезегінде тиімді жұмыс жасайтын қызметкерлерді әуежділікке (ынталандыруға) не жұмыста төмен көрсеткіштер көрсетіп жүрген қызметкерлердің атқарып жатқан лауазымына сәйкестігі туралы мәселелерді қоюға уақытылы әрекет етуге және шаралар қабылдауға қол жеткізеді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекет кзметі туралы» Заңмен көзделген мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне ұқсастық бойынша «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкер жұмысының тиімділігі мен сапасы екі тәсілмен – олардың қызметтік бағалауы және кезектен тыс аттестаттаумен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет