Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



бет21/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде

Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын нығайту мақсатында зейнетақымен қамтамасыз ету құқық қорғау қызметі туралы Заңының құқық қорғау органдарында қызмет ету қызметкердің мем. органның қайта құрылуына немесе штаттық бірліктің қысқаруына байланысты жұмыстан кеткен уақыттан бастап жаңа жұмыспен қамтылғанға дейін 3 ай уақыт өтпесе үзіліссіз деп есептелетіні туралы нақтылаулар енгізу қажет.


6. Құқық қорғау органдарының орталық аппараттары деңгейінде қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға құқығы бар тұлғалардың шеңберін кеңейтуге қатысты

Қазіргі уақытта Құқық қорғау қызметі туралы Заңға сәйкес, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары деңгейінде қызметтік тергеп-тексеруді құқық қорғау органдарының бірінші басшылары (Бас Прокурор, Ішкі Істер Министрі және т.б.) тағайындай алады.

«Прокуратура туралы» Заңның 37-бабының 5) тармақшасына сәйкес, Бас Прокурор заңнамалық актілерде тікелей айқындалған өз өкілеттіктерін бере алмайды.

Осылайша, қызметтік тергеп-тексеру Бас Прокурормен тағайындалған жағдайда, өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер оның нәтижесі бойынша құқық қорғау органының бірінші басшысына шағымдану мүмкіндігінен айрылады.

Осыған байланысты, Құқық қорғау қызметі туралы Заңның 58-бабында қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға құқығы бар тұлғалардың шеңберін, оған мемлекеттік орган басшысының орынбасарын енгізу арқылы кеңейту ұсынылады.

7. Ротацияланатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төлеуге қатысты

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67–бабына сәйкес, басқа елді мекенде орналасқан мемлекеттік органға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшіге қызметтік міндеттерін орындау кезеңіне қызметтік тұрғын үй (жекешелендіру құқығынсыз) беріледі.

Сонымен қатар, ведомстволық тұрғын үй қорында бос тұрғын үйдің болмауына байланысты ротацияланған мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.М. Тәжинге 2018 жылғы 8 тамыздағы № 18-41-10.68-5 О.С. Оразалиннің жазбахатына сәйкес орталық мемлекеттік органдарда тұрғын үй қорының болмауына байланысты ротация тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге берілетін төлемдерге ұқсас тұрғын үй жалдау ақысын өтеуді қарастыратын тұрғын үй төлемдерін, сондай-ақ көтерме төлемдері көзделген.

2018 жылғы 15 тамыздағы № 07-1-9/1692//18-41-10.68-5 Премьер-Министрдің орынбасары Е.А. Досаеваның бұрыштамаға сәйкес ротацияға жататын мемқызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін және көтерме төлемдері бойынша Агентікке және мүдделі меморгандарға бірлесіп тұрғын үй қажеттілігің және жоғарыда көрсетілген қажетті көлемін сұрақтарды пысықтауды және ұсыныстарды ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін енгізуді тапсырыс берілді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, басқа жерге ротация тәртібімен тағайындалған «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін тұрғын үй мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтем төлемдерін қарастыру ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет