www.kazmkpu.kz
Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
Сертифи каттар
табысталды
Түлектер
қауымдасты
ғының кезекті
жиыны
2-бетте
3-бетте
8-бетте
Жәрдемші
жидек
Мерейтойға орай, уни
в е р с и т е т т е « Е р е к ш е қ о р
ғ а л а т ы н т а б и ғ и а у м а қ т а р
және биоалуантүрлілік» атты
халықаралық ғылымитә
жірибелік конференция ұйым
дастырылып, оның жұмысына
белгілі биология, экология, жа
ратылыстану ғылымдарының
ғалымдары мен қуаныш иесінің
шәкірттері және әріптес доста
ры қатысты.
Рысбай Сәтімбекұлының
білім, ғылым саласындағы
ж а р қ ы н ж е т і с т і к т е р і н
және 47 жылдық ғылыми
педагогикалық еңбегі мен
терең білімін зерделі жастар
үшін үлгіөнеге ету мақсатында
өткен салтанатты жиынды
Қыздар университеті жараты
лыстану факультетінің деканы
Қажымұқан Кішібаев ашты.
Қажымұқан Оразұлы мерейтой
иесінің шығармашылығына
к е ң і н е н т о қ т а л ы п , о н ы ң
ғылым саласындағы орны
мен педагогтік қызметіндегі
жетістіктерін жеткізді. Соны
мен қатар, ұйымдастырылып
отырған конференцияның мәні
мен маңызын тоқталып, уни
верситет басшылығы атынан
Бірінші проректор Баходир
Әлиевке сөз берді. Бірінші
проректор оқу орны басшы
сы Динар Жүсіпәліқызының
құттықтауын жеткізіп, қазақы
с а л т п е н Р . С ә т і м б е к о в т і ң
иығына құндыз шапан жапты.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы Жұма елді
мекенінде дүниеге келген Рыс
бай Сәтімбекұлы 1958 жылы
Ташкенттегі республикалық
педучилищені бітіріп, ұстаздық
қызметін 1958–59 жж. ОҚО
Келес ауданындағы Жамбыл
ауылында бастауыш мектептің
мұғалімі болып бастайды.
1959–1964 жылдар аралығында
Абай атындағы ҚазПИде гео
графиябиология мамандығын
үздік бітіріп, одан кейін әскери
борышын өтеген соң, 196568
жылдарда аталған оқу орнының
аспирантурасын тәмамдаған.
Жоғары педагогтік қыз
метін бірегей оқу ордасы,
арулардың қарашаңырағында
бастаған Рысбай Сәтімбеков
шәкірт тәрбиелеп, ғылыми
зерттеулер жүргізу үшін жарал
ған жандай.
(Жалғасы 3-бетте)
8-бет
Қ ы з д а р у н и в е р с и т е т і н д е
ұйым дастырылған ІІ Ха лық
а р а л ы қ с и м п о з и у м ғ а Т ү р
кия Республикасының Қазақ
стандағы бас консулы Субхи
Атан, Нийде университетінің рек
торы Аднан Гөрур, М.Акмулла
атындағы Башқұрт мемлекеттік
педагогикалық университетінің
оқу ісі жөніндегі проректоры
Гүлназ Шафикова, түркітанушы,
шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап
Қара, Түркі халықтарының мәдени
қоры президенті Ахмет Дағдұран,
А.Байтұрсынұлы атындағы тіл
білімі институтының директоры,
профессор Мырзаберген Малбақов
бастаған шетелдік және отандық
жоғарғы оқу орындарының рек
торлары, түрлі саладағы танымал
про фессорғалымдар қатысты.
Симпозиумның пленарлық
отырысын Қазақ мемлекеттік қыз
газетінің «наурыз көжесі»
Өнегелі ғалым 75 жаста
№7 (130)
29 мамыр
2015 жыл
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университетінде «ІІ
Халықаралық түркі әлемі
зерттеулері» симпозиумы өтті.
ТМД елдері мен Түркия, АҚШ,
Қытай, Корея, Нидерланды,
Сербия сынды әлемнің
20-ға жуық мемлекеті
мен Қазақстанның барлық
аймағынан 500-ден астам
делегат шақырту алған
дүниежүзілік жиын 3 күнге
созылды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
биология кафедрасында 1968 жылдан бері үздіксіз қызмет істеп,
бүкіл саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнап келе
жатқан құрметті ұстаз, профессор, ҚР білім беру ісінің үздігі,
Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, белгілі биолог-ғалым
Сәтімбеков Рысбай Сәтімбекұлы 75 жасқа толды.
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ
ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ
Мақсаты биік
бағдарлама
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
уақыттың өзін басып озатын озық
ойларын халыққа жеткізіп келеді.
Бұл идеялардың маңыздылығы,
тереңдігі қоғам үшін маңызды.
Елбасы ұсынған бес инсти
туционалдық реформа – мақсаты
биік бағдарлама.
Бүгінде Қазақстанның алдын
да жаһан дық дағдарыстың мемле
кет құрылысына ықпалының теріс
сценариіне жол бермеу, дамудың
қол жеткізілген қарқынын сақтау,
жаңа серпіліс үшін жағдайлар
дайындау, әлемнің дамыған 30
мемлекетінің қатарына қарай
жылжуды жалғастыру міндеті
тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев за
манауи, кәсіби және авто
номды мемлекеттік аппарат
қалыптастыру, заң үстемдігін
қамтамасыз ету, индустриалан
дыру және әртараптандыруды
негіз еткен экономикалық өсім,
біртұтас болашақтың ұлты,
транспарентті және есеп беретін
мемлекет құру туралы 5 реформа
ұсынды. Біз «Нұрлы Жол» Жаңа
Эко номикалық Саясатының
және «Қазақстан – 2050» Стра
тегиясының басты мақсатына қол
жеткізу үшін 5 инсти ту ционалдық
р е ф о р м а н ы д ә й е к т і л і к п е н
жүргізіп, өз мемлекетімізді
нығайтуымыз керек.
Оның ішінде екінші рефор
ма – заңның үстемдігін қам
тамасыз ету арқылы біліктілік
т а л а п т а р ы н қ а т а й т ы л а д ы .
Заңның үстемдігі бар жерде
міндетті түрде экономикалық
өсім болады. Осылай ша, бес
и н с т и т у ц и о н а л д ы қ р е ф о р
маның әрқайсысы – ел үшін
орасан зор сынақ. Оның үстіне
бұл – қаржылай шығын мен
кәсіби басшылықты талап ететін
күрделі жұмыс. Реформалардың
табыстылығына тек билік пен
халықтың берік ерікжігерінің
арқасында ғана қол жеткізе ала
мыз.
Алма БЕКБОЛҒАНОВА,
Математика кафедрасының
аға оқытушысы
дар педагогикалық уни верситетінің
ректоры Динар Нөкетаева ашып,
Нийде уни верситетінің ректо
ры А.Гөрурдің бастамасымен
ҚазМемҚызПУ және М.Ақмулла
атын да ғы Башқұрт мемлекеттік
педа го гикалық университетінің
ке лісімшарты негізінде түркі әле
мін зерттеуге арналған симпозиум
өткізу қолға алынып, алғашқы
жиы ны Түркия төрінде өткені
жайында толық мағлұмат беріп,
Қыздар университетінде басталған
«ІІ Халықаралық түркі әлемі зерт
теулері» симпозиумына кел ген
қонақтарды, ғалымдарды таны
стырды.
Динар Жүсіпәліқызы: «Қазіргі
таңда түркітілдес мемлекеттердің
арасында ынтымақтастық кү ше
йіп, достық қарымқаты нас тың
артуынан ғалымдар түркі әлемін
қызу зерттеу үстінде.
Ғалымдардың ғылыми еңбек
терін талқылап, жариялап, кеңес
өткізуде белсенділік танытып
жатқаны – біздің да муы мыздың
оң нәтижесі әрі үлкен қуаныш.
(Жалғасы 5-бетте)
Жазда шашыңыз
құрғап, түсі өзгеріп
кетсе..
2
2
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№7 (130)
29 мамыр
2015 жыл
А Қ П А Р А Т
Сертификаттар
табысталды
мәселелер жөніндегі департамент ди
ректоры Г. Қалымова дайындық бөлімі
тыңдаушыларына сертификатты ресми
түрде табыс етті.
Сертификат тапсыру рәсімі барысында
сөз алған Қыздар университеті Дайындық
бөлімінің бастығы Қ. Елшібаева: «Биылғы
201415 оқу жылында дайындық бөлімін
құжат тапсырған 90 қыз құжат тапсы
рып, оның 38 – тыңдаушысы қаңтар
айындағы Кешенді тестті сәтті тапсы
рып, университетіміздің студенті атан
ды. Бүгін міне, қалған 47 тыңдаушымыз
қолдарына Сертификат алып отыр. Енді
ары қарай осы тыңдаушыларымыз «Та
лапкер15» науқанында қай оқу орнына
құжат тапсырып, қандай мамандықтарды
таңдайтындықтарын өздері шешеді.
Тыңдаушыларымыздың таңдау жасауына
осы бір жылға жуық уақыт жеткілікті болды
деп ойламыз», – деді.
Сондайақ, биыл Қосымша білім беру
бағдарламасы негізінде білім алушылар Педа
гогика және психология, Қазақ филологиясы
және әлем тілдері, Әлеуметтікгуманитарлық,
Жаратылыстану факультеттері бойын
ша жүзеге асырылды. Мұнда «Дайындық
сыныбының мұғалімі», «Мектепке дейінгі
ұйым менеджері», «Құжаттану және кадрлық
жұмыс», «1С Бухгалтерия», «Әдебиетші
сыншы», «Экскурсовод (гид)», «ХХІ ғасыр
табиғат жанашыры, интеллектуалды
мамандар даярлау», «Химиядан күрделі
есептерді шығарудың әдістәсілдері», «Гүл
шаруашылығы», «Сауықтыру түріндегі
фитнес пен массаждың инструкторы»,
«Филологаудармашы», «Құжаттанушы»,
«Мемлекеттік және жергілікті басқару»,
«Киім дизайны», «Биолог – эколог» сын
ды 15 бағдарлама негізінде дәріс оқылды.
Нәтижесінде 110 білім алушы қатысып,
сертификатқа ие болып отыр. Шара ая
сында барша оқытушылар қауымы атынан
Педагогика және психология факультетінің
деканы С. Жиенбаева құттықтау сөз алып,
жүрекжарды лебізін білдірді. Кеш соңы
шағын концертке ұласты.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
Мұражайға саяхат
МУЗЕЙ КҮНІ
МЕЙІРІМ
ОЙСАЛАР
Мамыр айының 18-ші жұлдызында
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінде
2014-2015 оқу жылында білім алған
Дайындық бөлімі тыңдаушылары мен
Қосымша білім беру бағдарламасы
бойынша дәріс алған студенттерге
салтанатты түрде сертификат тапсыру
рәсімі өтті.
Осыдан 38 жыл бұрын дү ниежүзі мәдени қауым дас тығының Халықаралық мұражайлар
кеңесінің Бас конференциясында 18 мамыр – Халықаралық музей күні болып бекітілген. Айтулы
мереке 1977 жылы Мәскеу қаласынан бастау алған. 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні»
шарасы Берлин қаласында өткізілген. Бүгінгі таңда республикамыздың барлық өңірлеріндегі
мұражайларда ашық есік өткізумен қатар, «Мұражай түнін» өткізу қолға алына бастады. Алматы
шаһары 15 мамыр күні «Музей түнін» ұйымдастырды.
Осы орайда, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті
оқытушылары мен студенттері №148
мектепгимназиясында Қ. Сұрағанов
атындағы әскеридаңқ мұражайын ашуға
мұрындық болған, университеттің 1977
жылғы түлегі Бижамал Манановамен кез
десу өткізді. Б. Бақтыбекқызы мектептегі
мұражайсыныбын қалай ашқандығы
туралы баяндап берді: «1973 жылы Қыздар
педагогикалық институтының физика
математика факультетінің математика
бөліміне оқуға түстім. Бізге топ кураторы
– Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес
Одағының батыры Құдайберген Сұрағанов
болды. Бәріміз де жақсы оқуға, тәртіпті
болуға тырысатынбыз. «Вторая гвардейская
группа, вперед!» – деп жарқылдап жүретін
еді. 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына
орай Алматы қаласындағы 28 гвардиялық
панфиловшылар атындағы саябақтағы
«Даңқ» мемориалын салуда студенттерді
жиіжиі сенбілікке апаратын. Уақыт лезде
сырғып, оқуды бітіріп, еліміздің түкпір
түкпіріне жол тарттық. Жұмыс бабымен
Алматы қаласындағы «Құлагер» ықшам ау
данында №148 мектепке мұғалім болып ау
ыстым. Жаңа мектепке әскерипатриоттық
мұражай ашу жөнінде тапсырма берілсе ке
рек. Алғашында мектеп басшылары қолға
алар деп мән бермедік. Бірекі ай өтіп, бас
шылар шырылдай бастағанда әріптесіміз
екеуміз ақылдаса келе, Құдайберген
ағаның балаларына барып, рұқсат алдық.
Әрине, олар қуана қабылдады. Себебі,
көзі тірісінде біз Қ.Сұрағановпен араласып
жүргенімізді білуші еді. Сөйтіп бір кла
сты шағынмұражай жасадық» деп, өткен
уақыттарды тебірене еске алды.
Студенттермен тағылымды әңгіме
дүкен құрған Б. Мананова университеттің
«Ақтұмар» мұражайын аралады. Мұражай
меңгерушісі С. Мерекеева арнайы келген
қонаққа ізгі ниетін білдіре отырып, 70
жылдық мерейтойға шыққан университет
тарихы туралы кітапты тарту етті.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
Психологиялық көмек көрсетілді
Сақтықта қорлық жоқ
Жуырда Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №58 балабақшасында төтенше оқиға
орын алып, бүлдіршіндер жарақаттанған еді. Қайғылы оқиғаны естіген сәтте Қыздар
университетінің «Жан шуағы» психология орталығының психолог мамандары, зардап
шеккен жандарға жедел түрде психологиялық көмек көрсетті.
Қазіргі таңда жаһандық проблема лар дың бірі – діни секталар, экстремизм мен терроризм.
Әлемді алаңдатып отырған бұл жағдай бүгінгі таңда қоғамның, мемлекеттің ең өзекті
күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Түрлі секталардың жетегінде көбіне тез
еліктегіш жастар кететіні белгілі. Мемлекеттің негізін құрайтын, елдің келешегін жасайтын
осы жастар легі.
Оқиғаға куәгер болған сәбилерге,
тәрбиешілер және мекеменің қызмет
керлеріне, атааналарға екі күн бойы қолдау
көрсетіп, кәсіби кеңес беріп отырды.
Төтенше жағдай болған мекеменің
қызметкерлеріне – тәрбиеші, бала
күтуші, мейірбикелерге психологиялық
жұмыстар жүргізілді. Ең алғашында ме
кеме қызметкерлерімен, балалармен
психологиялық жарақат алынған сәттегі
стресстік жағдайлар анықталынды. Со
дан соң Назира Углановамен бірге кәсіби
жоспар бойынша сәйкес психотерапиялық
Қазіргі таңда жастарды түрлі секталар
дан, экстермистік лаңкестік әрекеттерден
сақтандыру, алдын алу шаралары
еліміздің барлық білім алу ошақтарында
жүргізіліп келеді. Сондай шаралардың
бірі жуырда Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінде екі күн
қатарынан болып өтті.
«Діни секталардан сақтанайық, экс
термизм мен діни сипаттағы радикализм
ге жол жоқ» атты дәріске оқу орынның
студент жастары қатысты. Бүгінгі таңда
өзекті әрі қажетті кезек күттірмейтін
мәселелердің бірі болып табылатын
дәрісті Арнайы және әлеуметтік пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, фило
софия ғылымдарының кандидаты Қ.Ш.
Нұрмұхаметова жүргізді. Ол дәріс ба
рысында студенттерге секта сөзінің
этимологиялық мағынасын ашып беріп,
елдің берекесін кетіріп, жастардың
санасын улайтын діни секталардың
зияндылығын, олардың қандай мақсатта
құрылатыны жөнінде толықтай мағлұмат
көмектер, арттерапия, «Тірек нүктесі»
жаттығуы, энергия алмасу жаттығуы,
«Жылулық сыйлау» жаттығуы секілді
психологиялық тренингтер жүргізілді.
Шұғыл ұйымдастырылған психологиялық
көмек өз нәтижесін берді. ҚазМемҚызПУ
психологтары істәжірибелерімен бөлісіп,
жанашырлық қолдау білдіріп қана қоймай,
әріптестік көмек қолдарын созды.
Күлмаш ЕЛШІБАЕВА,
«Жан жылуы» психологиялық
орталығының психологы
берді. Дін мен діннің атын жамылатын
этникалық экстермизм, діни экстре
мизм, саяси экстремизм атты түрлерін
бөліп көрсетіп, мақсатын, лаңкестік
әрекеттерін мемлекет үшін өте қауіпті
екенін атап айтты. Сонымен қатар,
мемлекетіміздің бекіткен діни заңдарына
да тоқталып өтті. 1992 жылғы қабылданған
«ар ождан, діни сенім бостандығы» орта
сына бірнеше жыл салып 2011 жылда
ры қабылданған «Діни қызмет және
діни бірлестіктерді тіркеуден өткізу»
заңдарының айырмашылықтарын,
ерекшеліктерін айта отырып, түсінік
берді. Соңынан студенттер көкейлерінде
жүрген көптеген сауалдарға жауап ала
алды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педаго ги
калық университетіндегі жүргізілген бұл
дәріс мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту
үшін өткізілген игі ісшаралардың бірі
болып табылады.
Н.ЕЛЕУХАН
Қыздар университетінде ҰБТның
табысты өтуі үшін профориентациялық
және дайындық мақсатында 201213 оқу
жылынан бастап Дайындық бөлімі жұмыс
істеп келеді. Бөлімнің алға қойған мақсаты
– әрбір тыңдаушы өзі қалаған мамандық
негізінде білім ала отырып, мемлекеттік
грант иегері болуға зор мүмкіндік.
Ал, университеттегі Қосымша білім
беру бағдарламасы 2013 жылдың 28 та
мызында Ғылыми Кеңес шешімімен
құрылған болатын. Қосымша білім беру
әрбір білімгерге оқу мерзімі аралығында
бір немесе бірнеше қосымша мамандық
алып шығуына мүмкіндік туғызады. Бұл
бағдарламаның мақсаты – болашақ педа
гог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін
арттыру, шығармашылық үдерістерді
шеберлікпен басқаруға қолайлы жағдай
жасау әрі инновациялық тұрғыда жаңаша
ойлайтын «Мәңгілік ұлт» тұлғасын
қалыптастыру болып табылады.
Оқу ісі жөніндегі проректор Ә. Той
баев қосымша білім беру бағдарламасы
бойынша білім алушыларға, Академиялық
3
3
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№7 (130)
29 мамыр
2015 жыл
Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К
Түлектер
қауымдастығының
кезекті жиыны
Т ү л е к т е р ж и ы н ы н ы ң а ш ы л у
рәсімінде Қыздар университетінің Оқу
ісі жөніндегі проректоры Ә.Тойбаев
оқу орнының білімғылым саласына,
соңғы жылдардағы жетістіктеріне,
у н и в е р с и т е т с а й т ы н д а ғ ы ж а ң а
ақпарлар легіне ерекше тоқталып
өтті. Сонымен қатар, қуанышты
жаңалықпен бөлісті. Университет
сайтында Түлектер қауымдастығына
арнайы бөлім ашылған. Проректор
сайт парақшасында кез келген түлек
тіркелуге болатынына, және ондағы
көрсетілетін қызметтер мен жұмыс
тәсіліне жекежеке тоқталып, слайд
арқылы көрсетіп шықты.
Қауымдастық отырысында уни
верситет т үлектері өздерінің оқ у
және еңбек жол дарымен бөлісіп,
ойларын ортаға салды. Қазақ фи
лологиясы және әлем ті лдері фа
культеті «Қосдипломды білім беру
бағдарламасы» бойынша бітірген
түлек Севара Шахапова: «Мен Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде оқи жүріп, Америка
қ ұрама штаттарының Миссисип
пи у ниверситетін де бака лавриат
мамандығы бойынша диплом алып
шықтым. Шетел де мен ағы лшын
тілін жетілдіріп қана қоймай, жан
жақты білім алдым деп айта аламын.
Онда ең үздік студент атандым. Мені
керемет білім нәрімен сусындатып,
әлемдік аренаға шығуыма мүмкіндік
туғызған Қыздар университеті рек
торына, профессороқытушыларға
үл кен ризаш ы л ы ғ ы м д ы бі л діре
мін», – деп ағынан жарылды.
Ал, Педагогика және психоло
г и я ф а к у л ь т е т і н і ң 1 9 9 1 ж ы л ғ ы
түлегі, «Алматы кітап» баспасының
президенті Гаухар Саймасаева сах
на төріне көтеріліп, университеттің
бүгінгі таңда барлық саладағы дамуына
қатты көңілі толғандығын білдірді.
Өзі арнайы ала келген аса көрнекті
мемлекет және қоғам қайраткері
Д.А.Қонаевтың кітабын Ғылыми
кітапханаға және «Қазақстанның
ғажайып табиғаты» атты көркем
суретті альбомды педагогика және
психология факультетіне тарту етті.
Сонымен бірге физикаматематика
факультетінің түлегі, п.ғ.к., профес
сор міндетін атқарушы М.Есенова,
физикаматематика факультетінің
түлегі, х.ғ.к., доцент Г.Түгелбаева,
жаратылыстану факультетінің түлегі,
Алматы қаласы, №159 мектептің био
логия пәнінің мұғалімі Б.Ибраймова,
Өнер және мәдениет факультетінің
түлегі, «Кітап қорын толықтыру және
ғылыми өңдеу» бөлімінің меңгерушісі
Б . Т а н т а к о в а ж ә н е Ә л е у м е т т і к
гуманитарлық факультеттің түлегі,
ш а һ а р ы м ы з д а ғ ы № 1 4 8 м е к т е п
гимназиясының технология пәнінің
мұғалімі, Халықаралық ұстаздар
одағының мүшесі Б.Нұршәріптер
баяндама жасады. Университет пен
факультеттің кешегісі мен бүгінгі
болмысбітімін бағалап, өз ізгі
ниеттерін білдірді.
Қыздар университеті Түлектер
қауымдастығы Кеңесі құрылғаннан
б е р і қ ы з у ж ұ м ы с і с т е п к е л е д і .
Қазақстанның әр тарабына ұстаздық
қ ы з м е т т і ж а л ғ а с т ы р у ғ а к е т к е н
түлектердің араға жылдар салып қайта
бас қосына ұйытқы болуда. Кеш
соңы университет өнерпаздарының
концертіне ұласты.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
ӨНЕГЕЛІ ҒАЛЫМ
75 жаста
(Басы 1-бетте)
Ол биология саласы бойынша сапалы кадр
дайындауда, тиісті оқулықтар жазуда көп еңбек
сіңіріп, орта білім беретін мектептердің 789
және 11 сыныптарына арнаған биология пәні
оқулықтары мен оқуәдістемелік кешендері,
мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған «Қызықты биоло
гия», «Адам анатомиясы», «Қазақстандағы
табиғи қорықтар және биоалуантүрлілік»,
«Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар және биоалуантүрлілік», «Эколо
гия және Қазақстандағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар» және т.б. оқу құралдары
– педагогика саласындағы ұзақ жылғы адал
еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, ғалым
ұстаздың 800ден астам ғылыми, ғылыми
әдістемелік мақалалары қазақ тілінде ғана
емес, орыс, ағылшын тілдерінде де жарық көріп
келеді. Ұлттық басылымға айналған «Ана тілі»
газетіндегі «Қызыл кітап» айдарының тұрақты
жүргізушісі ретінде Қазақстандағы ғана емес,
әлемдегі сиреп бара жатқан аңқұстар жайында
Ғалымның 75 жылдығына арналған жылы
лебізге толы жиында құттықтаушы лардың легі
көп болды. Рысбай Сәтімбекұлы ның жетпіс
бестің белесімен Абай атындағы ҚазҰПУ
мен әлФараби атындағы ҚазҰУнің про
фессорлары, ҚР ҰҒА Зоология институтының
ғалымдары, оқу орынның Кәсіподақ ұйымы,
«Биология», «Биология және салауаттылық
негізі», «Биология Қазақстан мектебінде»,
«Биолог анықта ма лығы» және т.б. биология
саласына арнал ған ғылыми журналдардың бас
редакторлары, әр облыстан келген ұстаздың
көптеген шәкірттері, әр жылдары қызметтес
болған достары ыстық лебіз құттықтауларын
білдіріп, дала мінезді, дархан көңілді, туған
халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан
ұстазғалымның өмірі мен қызметін тілге
тиек етіп, еңбегіне жоғары баға беріп, сый
сыяпаттарын жасады. Құшаққұшақ гүлшоқ
тарын табыс етіп, ат мінгізіп, шапан жапты.
Салтанатты шарадан соң, түстен кейін
ҚазМемҚызПУ басшысы Динар Нөкетаева
Ғылыми кеңестің кезекті отырысында Рыс
бай Сәтімбекұлын Қыздар университетінің
«Құрметті профессоры» атағымен марапатта
ды. Ректор Динар Жүсіпәліқызы: «Бұл Сіздің
көп жылғы тынбай еңбек еткен еңбегіңіздің
жемісі», – деп ерекше атап өтіп, мерейтой
ымен құттықтап, кеудесіне медаль тақты.
Марапат иесі: «Менің жеткен жетістіктерімнің
барлығы осы оқу орнымен байланысты. Мен
бабаларымыздың «Бәйтерек бір жерде ғана
көгереді» деп айтқан ұстазымның өсиетін
ұстанамын. Сондықтан осы оқу орнында
тапжылмай 47 жылдан астам уақыт ұстаздық
қызмет атқарып келемін. Бұл марапатты менің
еңбегіме берілген баға деп білемін», – деп
ағынан жарылды.
Ғылымитәжірибелік конференция сал
танатты ашылудан кейін, секциялық оты
рыстармен жалғасты. «Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың табиғат қорғаудағы өзекті
мәселелері», «Биологиялық алуантүрлілікті
қорғаудың негізгі мәселелері», «Білім беру
жүйелеріндегі пәндерді оқыту әдістемелерінің
басты бағыттары» деген тақырыптардағы
секциялық жұмыстарда республиканың әр
аймағынан келген ғалымдар өз зерттеулерін
ортаға салып, талқылау жұмыстарын жүргізді.
Ғалымдары Қазақстандағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды қорғау, жақсарту, қажетті
табиғат алқаптарын ұйымдастыру, ерекше
қорғалатын аумақтарды сақтап қалу жолдары
сынды мәселелер төңірегінде ойпікірлерін
айтып, ұсыныстарымен бөлісті.
Достарыңызбен бөлісу: |