Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдары «Топ» — «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
«Мен» — «Топ».Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам — өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
3.Ұлтаралық қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде Адами қарым-қатынастың интернационалистік жетілу деңгейі оның мәдениетінің қағидаларын игерумен ғана емес, сонымен бірге осы принциптердің өздігінен "еруімен", кез-келген жағдайда жоғары ұлттық және мінез-құлықтың ішкі қажеттілігін дамытумен сипатталатынын ұмытпаған жөн. Ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетінің қағидаларын ұстанатын адам, әдетте, әлеуметтік белсенді, көреген, болашаққа сенімді қарайды.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті адамға ұлтаралық қатынастарды тану, дамыту, өзгерту және жетілдіру үшін қажет және ұлттық прогрестің де, жалпыұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеудің де тиімді құралы және тәсілі ретінде әрекет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы, 1995
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы Алматы 1995 ж.