ТҰЛҒадағы мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ауытқу мәселелері аязбаева С. К



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі178,1 Kb.
#9267

http://www.enu.kz

 

ТҰЛҒАДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АУЫТҚУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 



 

Аязбаева С. К. 

Астана Медицина Университетінің АҚ аға оқытушысы 

 

Адам  ортада  ӛзінің  даралық  ӛзгешелігімен  ерекшеленеді.  Бұл  орайда  адамдар 



мінез-құлық  әрекетімен    ажыратылады.  Психологияда  «мінез»  (  грекше  характер  –  із 

қалдыру  )  бұл  дербестік  мағынасы  бар  барша  адамға  байланысты  ұғым  деп 

саналады.Әрбір  адамның    мінезі  жеке  басына  тән  ӛзіндік  психологиялық  қасиеттерден 

кӛрінеді.  Мінездің  қасиеттері  мен  ерекшеліктері  әркімде  әрқилы  болып  келеді.  Адам 

мінезінің  кӛріністері  әртүрлі  оқиғаларға  да  байланысты.  Ол  сол  кездегі  адамның  іс  –

әрекетіне,  ерік  –  жігеріне  ,  кӛңіл  –  күйіне  ,  ақыл  –  ойына  да  байланысты  болады.  Адам 

мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге  қатынасына байланысты.  

Қазақ  халқының  түркі  тектес  халықтардан  ерекшеленіп  тұратын  ӛзіндік  сипаттық 

қасиеттерін  Ы.Алтынсарин  еңбектерінен  кӛреміз.  Оның  айтуынша  «қазақ  халқына 

қарапайымдылық пен кішіпейілділік , ашық жарқын кӛңіл мен кеңпейілділік , ӛзге нәсілді 

адамдарға  деген  достық  және  сыйластық  кӛзқарас  ,  қонақжайлылық  пен  пайымшылдық 

сияқты  қасиеттер  тән»  -  дейді.  Қазақтардың  ӛз  жері  мен  Отанына  ,  туған  еліне  деген 

шексіз сүйіспеншілігі , мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі , иман достығы мен 

балажандылығы  ,  ӛмірдің  қиыншылықтары  мен  әділетсіз  істерге  тӛзімділігі  ,  сӛз  ӛнерін 

ардақтауы  ,  шешендік  қабілеті  ,  еңбек  сүйгіштігі  мен  шыдамдылығы  олардың  жалпы 

ұлттық қасиеттері болып табылады. Педагог Р.М.Қоянбаевтың:  «мінез- құлық тәрбиесі – 

шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру , оған сәйкес 

сезімі мен сенімін тәрбиелеу үшін тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс әрекеті »,- деген.      

 

Ж.Аймауытов  «Тәрбие»  мақаласында  «адам мінезінің, ақыл қайратының әр түрлі 



болуы  тәрбиенің  түрлі  түрлі  болуынан....»  деп  ,  алдымен  бала  тәрбиесіне  кӛңіл  бӛлуге 

шақырады.  Тәрбие  дегеніміз-  ол  ұзақ  та,  күрделі  процесс  болып  табылады.    Сондықтан 

,адамзат дамуының қай кезеңінде де  тәрбиені  жетілдіріп отыру қажет деп саналады. Біз 

тәрбиенің  ең  басты  шартын  мемлекет  мүмкіндігінен  туындайтын  қажеттіліктен 

бастауымыз  керек.  Швейцарияның  демократ-  педагогы  Иоганн  Генрих  Песталоццидің 

пікірінше:«тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –    адамды  қалыптастырумен  қатар,баланы  қоғамға 

араластырып,  жаттықтыру  арқылы  дұрыс  мінез  құлыққа  тәрбиелеуге  болады»  деген 

кӛзқарасынан  тұлғаның адамгершілік санасын, сезімін, еркін, мінез-құлқын тәрбиелеуге 

мүмкіндіктер  бар  екенін  кӛреміз.  Мысалға:  жыраулар  поэзиясының  кӛшбасшысы  ,  XY- 

ғасыр әдебиетінің ӛкілі Асан Қайғының толғауын алып қаралық : 

Еділ бол да , Жайық бол 

Ешкімменен ұрыспа. 

Ердің құны болса да 

Алдыңа келіп қалған соң, 

Қол қусырып барған соң

Аса кеш те қоя бер

Бұрынғыны қуыспа. 

Мінезі жаман адамға 

Енді қайтып жуыспа. 

Тәуір кӛрер жақсыңмен 

Жалған айтып суыспа. 

Ӛлетұғын тай үшін 

Кӛшетұғын сай үшін 

Желке терің құрысып 

Ешкімменен ұрыспа. 

Ашу – дұшпан, артынан 

Түсіп кетсең қайтесің 


http://www.enu.kz

 

Түбі терең қуысқа? 



http://www.enu.kz

 

 



 Бұл  шумақтан  адамның  кең  пейілді  болу  керектігі  ,  кешірімді  болуға 

жетелеу , жағымсыз мінезді адамнан аулақ болып , тәуір кӛретін адаммен суыспау 

керектігін  ұғынамыз.  Мұнда  ӛмірдің  жалған  екендігі  сондықтан  адамдардың  ұсақ 

түйек мінез - құлықтан дүниенің тірлігі үшін ӛкінішке ұрындыратын іс  - әрекеттен 

аулақ  болуға  меңзейді,  уағыздайды,  тәрбиелейді,  яғни  ерік,  жігер,  қайрат, 

ұстамдылық  қасиеттерінің  дамуына  кӛмектесу  кӛзделінеді.      Тұлға      ретінде  

адамдардың  мінез  -құлық  тұжырымдамасын  әлеуметтанушы  Э.Дюркгеймнің 

«аномия – заңсыздық» теориясынан да кӛруімізге болады,ал Р. Мертонға жүгінсек 

мінез  -  құлық  ауытқушылығының    себебін  қоғамның  мәдени  мақсаттары  мен  оған 

жетудің  әлеуметтік  жолдарының  арасындағы  үйлеспеушілік  деп  түсіндіреді . 

Ауытқымалы  мінез-құлықтың  сыртқы  физикалық  жағдайларына  климаттық  , 

геофизикалық  ,  экологиялық  факторларды  енгіземіз.  Мысалы:  шу  ,  геомагниттік 

ӛзгеріс  ,  таршылық    жағдайлары  үрей  туғызып  агрессивті,  қажетсіз  мінез  -

құлықтың  кӛрінуіне  әкеліп  соғады.  Сонымен  бірге  әлеуметтік  орта  әсерлері  де  ӛз 

ықпалын тигізеді. Оларға:экономикалық жағдай , мемлекеттік саясат , салт дәстүр 

,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  этикалық  құрылым  ,  әлеуметтік  мәртебе  , 

референтті  топ,отбасының  ӛмір  стилі,    деңгейлері  ,  отбасындағы  ӛзара  қарым  -

қатынас, отбасындағы тәрбие, достары , басқа да маңызды адамдар жатады.  

Ауытқыған  мінез  -  құлықтың  кӛрсеткіштеріне  :    агрессия  ,  демонстрация  , 

оқудан шығу,  еңбектен бет бұру  , үйден кету , алкоголизм , наркомания , қоғамға 

жат қылықтар , жыныстық жат мінез құлық , суицид  жатады.Олар жалпы қоғамға , 

айналадағы  адамдарға  және  ең  бірінші  ӛздеріне  үлкен  зиян  келтіреді.Адамның 

мінез  -  құлқының  ауытқуы  жасӛспірім  шақта,  күйзелгенде,  жұмыстан  кеткен 

жағдайда,  алданған  жағдайда,  күйінген,  ренжіген  жағдайда  болуы  мүмкін.  Сол 

үшін  балалардың  ауытқымалы  мінез  -құлық  мәселелерін  шешуге  ата  аналардың 

ӛздерінің  қызығушылығы  және  әлеуметтік  белсенділігі  үлкен  рӛл  атқарады. 

Балаларға  әлеуметтік  қолдау  тез  ,  әрі  тиімді  болу,отбасында  әлеуметтік 

психологиялық    қызметтің  болуы,  баланың  қатал  күн  тәртібін  орнату  қажет.  Оған 

балалар  –  жасӛспірімдер  клубын  ,  мектептен  тыс  және  мектеп  ішіндегі 

үйірмелерді,  белсенді  сыныптарды  ,  қоғамдық  ұйымдарды  қажетінше  кӛбейту 

керек  деген  пікірдеміз.    Қорыта  келгенде,  әлеуметтік  мінез  -құлықтың  түбегейлі 

қалыптасуын  әрбір  тұлғаның  қоғам  талаптарына  мейлінше  тиімді  бейімделуіне 

және қауіпсіздік пен ӛзін- ӛзі қорғаудағы сана- сезімін нығайтудың мүмкіндігінде 

деп  бағаланылады.  Ол  үшін  әрбір  адам,  әрбір  отбасы  жұмыла  жұмыс  жасаулары 

тиіс.  Сонда  ғана  ӛзіміз  ӛмір  сүріп  отырған  қоғамда  келеңсіз  оқиғалар  белең 

алмайтындығына  сенімдімін.  Пайғамбарымыз  с.ғ.с:  «Қиямет  күні  мүминнің 

таразысында  кӛркем  мінез  құлықтан  салмақты  нәрсе  болмайды  »  -  деп  айтқан.  

Сондықтан, ерік  – жігерді сабыр сақтауға жұмсап , мейлінше салқынқандылықпен 



әрекерт жасауға тырысқан абзал. Бұл біздің қолымыздан келетін іс.     

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет