51.Шымкентте қорғасын зауыты салынды.
52. Балқашта мыс қорыту зауыты іске қосылды.
53. Риддер, Зырьян полиметалл зауыттарының мыс балқыту комбинаттары іске қосылды.
54. Ащысай, Қоңырат кеніштерінің салынуы түсті металлургияны Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналдырды.
55. Ақтөбеде ферроқорытпа зауыты салынды.
56. Текелі, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының құрылысы ойдағыдай жүріп жатты.
57. Шымкенттің «СЧСЗ» таңбалы қорғасыны одақтағы таңдаулы қорғасын деп танылды.
58. Батыс Қазақстанда Жайық-Көшім каналы пайдалануға берілді.
59. Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел жүрді.
60. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын, Алматыдағы машина жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск машина жасау зауытының цехтарын алды.
61. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар, негізінен, Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Петропавл қалаларына орналастырылды.
62. Мәскеу түбінде генерал-майор И. В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
63. Мәскеу түбінде шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфиловтың есімімен аталатын болды.
64. Қазақстанда құрылған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.
65. Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде ғана 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.
66. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді.
67. Батысқазақстандықтар Сайхын мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды.
68. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.
69. Жапондарға қарсы шайқастарда Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды.