Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


 Президент 1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды. 400



бет44/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122
Байланысты:
АВТОРЛАР

399. Президент 1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды.
400. Жаңа кодекс бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне және мәслихат деп атала бастаған жергілікті билік органдарына сайлау өткізу 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
401. 1992-1993 жылдар ішінде ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайын басынан кешірді.
402. 1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО) дүниеге келді.
403. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген үш саяси партия – Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиялары жұмыс істеді.
404. 1994 жылы сәуірдің 19-ында жаңа парламент өз жұмысын бастады.
405. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған парламент Конституциялық соттың шешімімен осы сайлау барысында кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды.
406. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуіне және республика Президентінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығына сәйкес референдум өткізілді.
407. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
408. 1995 жылғы Конституцияның негізіне, алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды.
409. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады.
410. 1995 жылы күзде республика парламентінің жаңа сайлауы өтті.
411. 1996 жылдың 30 қаңтарында Алматыда тұрақты жұмыс істейтін және екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент өз жұмысын бастады.
412. 1992 жылы 7 мамырда Республика Президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-лейтенант С.Нұрмағамбетов тағайындалды.
413. 1997 жылдың қарашасынан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, әуе кеңестігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет