Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


 1990-1991 жылдар ішінде-ақ кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар құрыла бастады. 415



бет45/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122
Байланысты:
АВТОРЛАР

414. 1990-1991 жылдар ішінде-ақ кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар құрыла бастады.
415. 1992 жылдың басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті.
416. Республика Президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен 1992 жылдың 6 қаңтарынан бастап бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды.
417. 1992 жылы бұрынғы Одақтың күйреуінен басталған өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Өнеркәсіпте ауыр жағдай қалыптасты. Өнім шығару 1991 жылмен салыстырған 14,8%-ға, ұлттық табыстың көлемі 14,2%-ға кеміп кетті.
418. 1992 жылы республика диқандары астықтан рекордты түсім – 33 млн т өнім жинауға қол жеткізді.
419. 1993-1994 жылы қыстың қытымырлығынан мал шығыны айтарлықтай көп болды.
420. КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. Осы жағдай 1994 жылы егіс алаңын 6 млн гектарға дейін қысқартуға мәжбүр етті.
421. Республиканың жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында оның өндіру көлемі 27 млн т-ға жетті.
422. 1993 жылдың күзіне дейін Қазақстан Үкіметі Достастық елдеріндегі өзара тиімді ынтымақтастық жағдайындағы экономикалық интеграция бағытын ұстанып келді.
423. 1993 жылдың қыркүйек айында жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру жөніндегі шаралар туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісімге қол жеткізілген болатын.
424. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттігіне сәйкес, 15 қараша күні сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
425. 1993 жылдың соңына қарай Республика Үкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.
426. 1993 жылдың қазан айында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кәсіпорын және 11 мың жеке кәсіпорын жұмыс істеді. Ауылдарда 15 мыңға жуық фермерлік және шаруа қожалықтары құрылды. Коммерциялық банктердің саны 160-қа, түрлі биржалар саны 37-ге жетті. 7000 кәсіпорын жекешелендірілді. Олардың 5000-ға жуығы сауда және қызметкөрсету салаларынікі болды. Ауыл шаруашылығындағы жеке сектордың үлесі жалпы өнімнің 35%-ын құрады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет