Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


«Ұйым». 1917 жылы Екібастұзда құрылған қазақ жастарының ұйымы. 8. «Қазақ жастарының революциялық одағы»



бет105/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122
Байланысты:
АВТОРЛАР

7. «Ұйым».
1917 жылы Екібастұзда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
8. «Қазақ жастарының революциялық одағы».
1917 жылы Меркеде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
9. «Ағартушылар».
1917 жылы Көкшетеуда құрылған қазақ зиялы қауымының мәдени-саяси ағартушылық мақсатындағы ұйымы.
10. «Жас қазақ».
1917 жылы Ақмолада құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы
11. «Жас тілек».
1917 жылы Ақтөбе құрылған қазақ жастарының ұйымы.
12. «Еңбекші жастар».
1918 жылы Орынбор қаласында құрылған социалистік бағыттағы жастар ұйымы.
13. «Тілек».
1918 жылы Омбы қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы.
14. «Балапан».
1918 жылы Омбы қаласында қазақ жастарының ұйымы.
15. «Ақниет».
1919 жылы Оралда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
16. «Ақжол».
1919 жылы Оралда құрылған қазақ жастарының ұйымы.
17. «Түркістан ұлттық бірлігі».
1921 жылы Ташкентте құрылған жалпытүркістандық ұйым.
18. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы».
1940-1941 жж. Орал өңірінде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
19. «Жас тұлпар».
1963 жылы Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының мәдени-ағартушылық мақсаттағы құрған ұйымы.
20. «Жас қазақ».
1960 жылдары Қарағанды қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.
21. «Тайшұбар».
1960 жылдары Семей қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.


Тесттік талдаулар:


1. Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып өзгертілген мерзім:
А). 1924 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).
В). 1939 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).
С). 1936 жылы – Қазақ АКСР - і Қазақ КСР-і атанған уақыт.
D). 1920 жылы – Қазақ халқы қоныстанған аумақ кеңестік негіздегі автономиялық бірлестікке біріккен уақыт. Осы жылы Қырғыз АКСР-і құрылды.
Е). 1925 жылы – Қырғыз АКСР-і Қазақ Қазақ АКСР-і атанды.
Тірек сөздер: (1)Қырғыз АКСР, (2)Қазақ АКСР, (3)өзертілген мерзім.

  • Қырғыз (Қазақ) АКСР(уақыт мерзімі) 1920-1925 жж.

  • Қазақ АКСР(уақыт мерзімі)1925-1936 жж.

  • ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін қазақ

халқы орыс деректерінде қырғыз, ал қырғыздар буруттар немесе тау қырғыздары деп аталды*.

  • Қазақстан 1920-1925жж. Қырғыз(Қазақ) Автономиялық

Республикасы (РКФСР құрамында) - деп аталды.

  • Қырғызстан 1920-1925 жж. Қара-қырғыз Автономиялық облысы

(РКФСР құрамында) – деп аталды.

  • 1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз

халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар аталсын» деген қаулы қабылдады. Осы жылғы 15 маусымдағы Бүкілодақтық Орталық комитетінің қаулысымен Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды [1; 45 - 46бб].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет