Түсініктер:
1. Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет. Конституциялық монархия – монархтың билігі парламентпен шектелген билік.
2. Империя – 1) император басқаратын монархиялы мемлекет; бір орталықтан басқарылатын билік, экономикалық, саяси дербестігінен айырылған аумақтардан құралған мемлекет. 2) басқа мағынада: өнеркәсіптің тұтас бір саласына, қандай да бір қайраткерлікке бақылауды жүзеге асыратын ірі монополия.
3. Антанта (франц. Entente - келісім) – құрамына Ұлыбритания, Франция мен Ресей енген әскери одақ (блок). 1904-1907 жылдары қалыптасты. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия бастаған Үштік одаққа қарсы соғысты.
4. Дүниежүзілік соғыс – капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісу нәтижесі.
5. Бірінші дүниежүзілік соғыс – 1914 -1918 жылдар аралығында Австрия-Венгрия блогы мен Англия, Франция және Ресей коалициясының арасындағы, сонымен бірге Қиыр және Таяу Шығыстың, Африканың т.б. көптеген елдері қатынасқан соғыс. Соғыстың басталуына 1914 жылы 5 маусымда Сараево қаласында Австрия-Венгрия тағы мұрагерінің өлтірілуі сылтау болды.
6. Сепараттық бітім – бір мемлекеттің қарсыласымен өз одақтастарының келісімінсіз жасалған бітім.
7. Самодержавия – революцияға дейінгі Ресей патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке негізделген басқару жүйесі.
8. Шовинизм – ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
9. Аграрлық мәселе (лат. agrarius) – 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.
10. Реквизиция (лат. reguisitio – талап ету) – мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уақытша пайдалану үшін еріксіз талап ету.
11. Метрополия (грек. metrypolis; «meter» - ана, «polis» - қала деген сөз) – отарлары бар мемлекет. Ондай мемлекет отарлары үшін метрополия болып есептеледі.
12.
Достарыңызбен бөлісу: |