Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы. Əртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тəрбиелеудің ерекшеліктері



Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17298
Байланысты:
Педагогика

Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы. Əртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тəрбиелеудің ерекшеліктері

Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. 

Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”.

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық – әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.


Биологиялық даму деп адамның морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық тұрғыдан даму процесін айтады.

1

Әлеуметтік даму адамның психологиялық, рухани-мәдениеттілік тұрғыдан дамуы.

2

Адам тұлға болып тумайды, ол тек даму процесінің нәтижесінде ғана тұлға деген атқа ие болады. Егер адам белгілі бір білім дәрежесіне жетік, өмірден алған тәжірибесі мол болып, өз бетінше қоғам үшін өзі үшін, жанұясы үшін күрделі жұмыстарды атқара алатын даму деңгейіне жететін болса, адамды ’’тұлға’’ деп атайды.

Тәрбие жеке басты қалыптастыруда оның белсенділігін қолдау іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұл заңдылық жеке бастың қалыптасуы оның белсенділігіне байланысты. П.П.Блонский кезінде көптеген тәжірибеде біздің көзімізді жеткізе түсетін бір нәрсе - тәрбиешінің, тәрбиеленушінің өз күшіне сүйенуі оның білімге деген ынтасын оятуы.

Тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге әсер ететін факторлар белгілі бір жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог- психолог маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Тәрбиеде жас және дербес ерекшеліктерін еске алу. Жеке адамның дербес ерекшеліктері. А) темперамент, оның типтері (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик); Ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипаттары; Б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі өте зор. Іс-әрекетінің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.

Таным белсенділігі адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.

Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен іс-әрекеттері арқылы тұрмыс-жағдайын, өзінің психикасы белсенділігін өзгертеді. Данышпан Абай айтпақшы: “адамдар жесем, кисем десе, екіншісі, көрсем, білсем” – дейді. Адам көп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей білім өзінің деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді сол арқылы дамиды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет