5 дəріс Тақырып: Адамның психикалық даму процесін талдау Шетел психологиялық



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі24,35 Kb.
#135732
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс -5 (1)таблица


5 дəріс
Тақырып: Адамның психикалық даму процесін талдау
Шетел психологиялық даму тұжырымдамалары
Мақсаты: Шетел психологиялық тұжырымдамаларындағы психикалық даму мəселелері жөнінде түсінік беру.
Дəрістің мазмұны

  1. Дамудың психоəлеуметтік теориясы

  2. Бихевиоризм жəне үйрету теориясы

    1. Дамудың психоəлеуметтік теориясы

Психоəлеуметтік теорияның негізгі өкілі-Э.Эриксон. Оның теориясы бейсаналылыққа қарағанда саналы іс- əрекетке көп мəн береді. Э.Эриксон адамның қалыптасуындағы əлеуметтік қарым-қатынас роліне аса назар аударды.
Э.Эриксонның адам дамуы жөнінде 8 стадиясы бар:

  1. Сенімділік жəне сенімсіздік (тағаннан 1ж.д.) Бұл кезеңде бала өзін күткен қамқорлық жасаған адамдарды сезінеді. Егер оның қажеттіліктері қанағаттандырылып, оған үлкен қамқорлық көрсетілсе, ол өмірге, қоршаған ортадағы адамдарға сенімділікпен қарайды. Ал егер ооның өмірінде стресс, жиі ауру, ашушаңдық тудыратындай жағдайлар болса, балада қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.

  2. Ұялу жəне күдіктену. (1-3ж) Бұл шақта бала жүре бастайды.Өзігінен тамақтануға, киінуге, тік жүруге үйрене бастайды. Оған өз бетімен бір іс-əрекет жасау тапсырылса балада сенімділік пайда болады, ал осы əрекеті үшін үлкендер оны жазаласа оның бойында ұялу өз күшіне күдіктену қалыптасады.

  3. Инициатива немесе күнəмшілдік. (3-6ж) Бала өз денесінің белсенділігін бақылайды. Олар өздерінің белсенділігі арқылы адамдармен, айналадағы заттармен қарым-қатынас жасайды, ынтасы жоғарылайды. Ал егер оларды сынап жазалап отырса , олар өздерін кінəлайды.

  4. Еңбексүгіштік немесе толымсыздық.. (6-12ж) Балалар мектептен , үйден жəне өзінің жолдастарымен көптеген дағдыларды игереді. Оның «мен» концепциясы дамиды. Олардың өзін бағалауы академиялық үлгерімдеріне байланысты болады. Егер бала жақсы оқымаса онда толымсыздық комплексі қалыптасады. 5.Ұқсастық жəне рольдердің алмасуы (12-18ж) Бұл кезеңде балалар көптеген рольдерді біледі.Мысалы; мұғалім, оқушы т.б. Олар осы рольдерді біртұтас ұқсастықтарға интеграциялайды.

  1. Жақындық жəне алшақтық. (18-40ж) Жастық пен қарттықтың басында дамудың негізгі қарама- қайшылығы жақындық пен алшақтық арасындағы дау жанжал туындайды. Жақындық дегеніміз- өзінің ұқсастықтарын жоғалтуға қорықпастан, өзінің жан дүниесін басқа адамдармен бөлісу.

  2. Гиперактивтілік жəне (40-65ж) Ересек жаста жоғарыда айтылған конфликтер шешілгеннен кейін, олар

басқа адамдарға көңіл бөліп оларға қөмек көрсетеді. Бұл кезеңдегі адамдар осы кезге дейін қолы жетпеген жетістіктерге жетуге ұмтылады.

  1. Эгоның біртұтастығы немесе торығу. (65 жастан жоғары ) Өмірінің соңғы этаптарында адам өткен өмірін

ойлап, оны жаңаша түрде бағалайды. Егер адамның өткен өміріне көңілі томаса , ол эго біртұтастығы сезімі пайда болады. Ал оған өткен өмірі бостан-бос өткендей көрінсе, ол адам торығып, өмірден түңіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет