Нышан: бұл адамның қабілеттілікті дамытудағы алғышарттары болып табылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері;
Қабілеттілік: - адамның жеке басының психикалық ерекшелігі, ол жеке бір іс-әрекеттерде байқалады. Оны мерзімінде көріп, дамыта білу керек.
Іс-әрекет түрлері
Оқу-танымдық және техникалық-шығармашылық іс-әрекеті
Қоғамдық-азаматтық және патриоттық іс-әрекеті
Пайдалы, өнімді еңбек әрекеті
Көркем-эстетикалық іс-әрекеті
Спорттық-шипаландыру іс-әрекеті
Іс-әрекеттердің педагогикалық мүмкіндігі
Мұндай іс-әрекеттер баланың қоғамдық-маңызды іске белсенді араласуына, өзіне тиесілі жұмысқа жауапкершілікпен қарауға түрткі болады, бірлесе әрекет етуге, әсерлене білуге талпындырады.
Тұлғаның жас кезеңдері
Баланың жас ерекшеліктерінің негізгі үш бағыты Физикалық даму ерекшеліктері (морфологиялық, биологиялық, физиологиялық)
Тұлғалық даму ерекшеліктері (өзіне, айналасындағы адамдарға, құрбыларына, еңбекке көзқарасы)
Психикалық даму ерекшеліктері (қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау, сөздік елестету)