Практикалық сабақ 5 Тұлғаны дамыту,қаыптастыру,тәрбиелеу факторларының өзара байланысы
Студент:Қаблан Аяжан
Тобы:ПМНО-20-1y
Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.
«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берілген анықтамалар өте көп.
1) Адам (биологиялық түсінік ретінде) - тіршілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму өнімі.
2) Адам – адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.
Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам – индивид.
Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі.
Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі.
Адам
Интелектуалдық
даму
Жалпы дене
дамуы
Эмоционалдық
даму
Адамгершіліктік
даму
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективтік факторлары
Тұқымұқуалаушылық
Орта
Тәрбие
Тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және тәрбиенің өзара қатынасын Й.Шванцараның схемасынан көруге болады. Бұл схемада аталған үш факторлардың өзара әрекеті көрсетілген. АВС үшбұрышы (теңқабырғалы үшбұрыш) дамудың оптимальді екендігін көрсетеді. Егер бір фактордың ролі асыра бағаланып кетсе үйлесімсіз дамуды көреміз. Осы схемадан бірде-бір фактор жеке ықпал етпейтіндігін, даму олардың келісілген ықпалдарынан тәуелді екендігін көреміз.
Тұлға және қоршаған орта.
Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену» түсінігі арқылы ашылады. Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар,
мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін.
қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты және мазмұны;
Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шын мәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.
Тәрбиені мақсатты бағытталған және саналы бақыланатын әлеуметтену процесі деп айтуға болады. Тәрбие әлеуметтену процесін басқару механизмі болып табылады. Осыған байланысты тәрбиенің екі негізгі функцияларын атауға болады:
2) тұлғаны дамыту мақсатымен әлеуметтену процесін жеделдетуге жағдай жасау.
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.