Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады.
Л.И. Иванько: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормалар мен құндылықтар арасындағы айырмашылықтарды былайша ажыратуға болады. Құндылықтар көбінесе, адамның іс-əректінің бағыттылық жақтарына сəйкес келеді, ол нормалар сол іс-əректтердің жүзеге асуының амал-жолдарына байланыты. Нормативті жүйе құндылық жүйеге қарағанда адамның іс-əрекетін ерекше айқындайды, өйткені біріншіден, ол нормаларды ұстанды, екіншіден, нормалардың нақты бір жүйесі ішкі тұтастылыққа негізделеді: адам іс-əрекетінде оны толық жəне тұтастай бір мезгілде ұстанды»-дейді.
Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі əлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық мінез-құлық, өмірдің жəне мəдениеттің құндылықтарын ұғынуға жəне жаңғыртуға бағытталған. Психолог ғалымдар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, И.С. Конның пікірінше құндылық бағдарлардың дамуы сатыларын жалпы индивидуалды дамуды жас кезеңдерімен байланыстырады. Сонымен қатар құндылық бағдардың даму сатылары қатаң түрде белгілі бір жасқа байланысты емес, яғни олар өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырады. Алайда əр саты соңғы жəне жетістікке жеткен болуы мүмкін, сондықтан даму деңгейі индивидуалды типте болады. Ж. Пиаже құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы адамгершіліктік даму да прогрессивті, кезеңдік сипаттамаға ие. Ж. Пиаже басқа авторлар секілді моральдық даму сатыларының жүйесі жалпы когнитивті жасерекшеліктік өзгерістерге байланысты болады.
Осылай, нарықтық жағдайлар тұлғаның қалыптасуына, оның қажеттіліктері мен құндылықтарына тікелей əсер етеді. Тұлғаның құндылықтары оның əлеуметтік ортасымен тығыз байланысты. Құндылық түсінігі адамның қатынасы əлемге сипатталғанда қолданылады. Құндылық адам жəне оны қоршаған əлем арасында бөлінген, ол тек олардың қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, адамның санасымен өзара əрекетке тиісті.
Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы мінез-құлқымен жиі қарастырылады. Сонымен, оның келесідей басты сəттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, екіншіден, ол оның əлеуметтік мінез-құлқының реттеушісі ретінде қарастырылады». Қоғам тұлғаға əсер етеді, ал тұлға қоғамға нақты əлеуметтік топ арқылы ықпалын білдіреді. Қоғамдағы өзгерістерді жақтаушылар дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ экономика мен қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігін сезінген, өз сенімдеріне күш салатындықтан қарсы алған адамдар. Ал, нарықтық қоғам ең алдымен биліктің мемлекеттік органдардың қолынан жеке өндірістік иелерінің қолына өтумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада еңбек жəне тауар құны сатушымен сатып алушының өзара келісімімен анықталады.
Отандық психологияда «құндылық бағдарлар» түсінігі əр түрлі қарастырылады, бірақ та, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Н. Узнадзелердің жəне басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылған, оның психологиялық тұтастылығын айқындайтын əлеуметтену мен жеке дербестік процесінде қалыптасатын тұлғаның қасиеттік жүйелік қалыптастырушы ретінде қарастырылады.
Отандық психологияда, Б.Ф. Ломов «тұлға» түсінігі мағынасының əртүрлілігіне қарамастан, оның негізгі қасиетін бағыттылық деп келтіреді[4]. С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, Д.Н. Узнадзе жəне тағы басқалардың еңбектерінде бағыттылық тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастырылады жəне оның барлық психологиялық қалыптасуын анықтайды. Б.Ф. Ломов бағыттылықты тұлғаның қоғамға беретіні жəне алатыны, оның дамуына қосатын үлесі ретінде қарастырады. В.П. Тугаринов «құндылықты бағыт» түсінігін кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған болатын. В.Н. Мясищев тұлғалық мəнін заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп анықтайды, «Билеуші қатынас» тұлғаның бағыттылығына сəйкес жəне жеке өмірінің мəні туралы сұрақпен тікелей байланысты. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар - ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне тағы басқалар өз еңбектерінде айтып өткен.
Тұлғаның құндылықтарын жəне құндылық бағдарларын зерттеуге арналған ықпалдардың негізгі ғылыми-теориялық талдауы бізге оларды əртүрлі бағыт бойынша орналастыруға шартты түрде мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларға тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның бүкіл өмірін анықтайтын тұрақты бағыттар қалыптасқан.
Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар – ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне т.б. өз еңбектерінде айтып өткен. Публицистикалық жəне көркем əдебиет бейнелері əлеуметтік зерттеулерде ең маңызды құндылықтардың тасушысы ретінде қолданылады. Дəл осылар мінез-құлықтың идеалды əдісінің, өмір сүрудің идеалды стилінің моделін ұғыну үшін үлгіні елестету құралы болып табылады. Бұл өте терең В.Е. Семенов жүргізген жəне соның қол астында жүргізілген эмпирикалық, əлеуметтік-психологиялық зерттеулерінде қарастырылған. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын өз уақытында В. Шубкин де айтып өткен: «Адам іс-əрекетіне зейін қойып қараған адам, оның идеалды түрдегі тырысу, қалау жəне тағы сол сияқты болып көрінетінін байқамауы мүмкін емес. Осыған орай, адам іс- əрекетінде ең жақын делдалсыз себеп ретінде материалды факторларды орталайтын идеалды факторлар болып табылады. Бұл идеалды əлемді, идеалды факторларды ғылым жəне өнермен талдау – адам мінез-құлығының заңдылықтарын түсіну үшін қажетті сілтеме болып табылады. Əлеуметтік психология өздеріне назарды аудартпауға болмас еді, себебі олар алғашында осындай бір идеалды факторлардың – тырысулар, қалаулар, қызығушылықтар, қажеттіліктер - ішінде ең болмаса біреуін сипаттауға батыл қадам қойған» .
Жеке құндылықтар.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары - жеке тұлға ажырата алатын, өмірдің мақсаты және оған жету үшін қажетті негізгі құралдар ретінде керекті және осыған байланысты индивидтің әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін маңызды функциясы бар әлеуметтік құндылықтар.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екені баршамызға мәлім. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.
Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз – бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Адамның даму үдерісі өмір бойы тоқтамайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Себебі, құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды.
Тұлғаның қалыптасу бағыттары:
1.Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты. Жеке ұлы тұлғалардың ғылыми жаңалықтары бір жағынан санада төңкеріс жасап, ғылымды дамытса, екіншіден сол арқылы қоғамда ғылыми-техникалық төңкеріс жасалып, материалдық игіліктерді молайтады. Мәдениет — адам қызметінің жемісі, ол адамның қажеттерін өтеуге негізделген. Мәдениет пен өркениеттілік деген екі ұғым бір-біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Оны кең көлемде алған алғашқы қауымдастық құрылыстан таптық қоғамға көшу одан таралу мағынада — бір қоғамдық формацияда екінші қоғамдық формацияға көшу, тар мағынада — әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, көшпенділер өркениеті, үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т.б. Мәселен, ертеде өмір сүрген Платон, Аристотель, Конфуций, Мұхаммед, Сократ, Әл-Фараби т.б. ұлы ойшыл ғұламалардың ой-пікірлері – бүгінгі ұрпаққа да ой салатын, рухани қажетіне жарата алатын қазына.
2.Ұлттық шығармашылық. Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби “Бақытқа жол сілтеу” атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір жолы – адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман талабына сай туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс екендігінің дәлелі. Өз заманында сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда “толық пішінді” ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы ғылым, білім екенін айтады.
3.Инновациялық креативті білім беру. ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға болатын инновациялық креативті білім беру екендігі бәрімізге мәлім. Инновациялық креативті білім беру – қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс болып табылады.
Қызығушылық әлеуметтік қызметтің жетекші мотиві ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |