Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінездің тұрақтылығы-ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп мінезінің күшін аңғартады.
Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді; (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез касиеттері нәсілдік биологиялық зандылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады. Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарап өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық нёгізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.
Мінез типологиясы Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко, т.б.
Мінез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты. 1)Гипертимді тип - қозғалмалылыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңіл күйі өте жақсы болады, Оқуы бір-қалыпты емес, бір орында отыра алмайды, тәртіпсіздік байқалады. Үлкен адам-дармен қақтығастарға жиі түседі. Көптеген нәрселерге қызығады, бірақ ол тез өтеді. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш, тіпті шектен тыс өзіне сенеді. Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнатады, мақтаншақ болып келеді.
2)Циклоидті тип - апатияға бейім, тез қозады, көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселерді жүрегіне қатты алады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл күйден тұйық қалыпқа ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
3)Лабильді тип - көңіл күйі ауа райы секілді тез өзгереді, оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы, амандаспауы, бір нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады, біресе көңідді болыл, біресе түңіліп те қалады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады, кеп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн, оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.
4)Астено-невротикалық тип - қозғыш, шаршағыш, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
5)Сензитивті тип - жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан, тұйық болып көрінеді. Тек жақын адамдарына ғана ашық, сөзшең болады, өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен, кішкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердің тілін алады, ата-аналарына жақын келеді. Мұндай адамдарда «кемістік комплексі» болады. Ортаға бейімделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос тандауда қателеспейді, өзінен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көреді.
6) Психо-астеникалық тип - интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты. Өзіне-өзі тым сену шешімсіздікпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешім қабылдайды.
7) Шизоидті тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін, немқұрайды екенін көрсетіп, олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сөзімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді.
8) Эпилептоидті тип - көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді, өздерін диктатор деп санайды. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі жақсы кереді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бөрін жасап, көтерілуге тырысады.
9) Истероидті тип - үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргенді ғана ойлайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады.
10) Тұрақсыз тип - ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы кереді. Талғаусыз, бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ.
11) Конформды тип - негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досын да сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп табады.