К.Леонгард өз топтастыруында сында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді: 1)Гипертимді тип - анық жестері, мимикалары болады. Сөзге қүмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндетгеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергаясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморалды әрекеттерді жасайды. Жоғары козғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал төртіпті қолдайды.
2)Дистимді тип - пессимисті көңіл күйді, аз сөйлегіш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол өзімен достасатын адамдарды бағалап, тіпті оларға бағынады. Әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.
3)Циклоидті тип - көңіл күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді. Көңіл күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық болады.
4)Қозғыш тип - вербальды және вербалъды емес реакциялары баяу, контактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, ез әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.
5)Тежелгіш тип - сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рол атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.
6) Педантты тип - қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюімен үйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығаста ұрысқақ.
7) Уайымшыл тип - ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.
8) Эмотивті тип - жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ көндіккіш, тым сезімтал жан.
9) Демонстративті тип - байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды. Қақтығысты өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекетгер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірак, эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.
10) Экзалтацияланған тип - контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткіз-бейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңіл бөледі. Талғамы жақсы, шын сөзімге бейім. Көңіл күйі тез өзгергіш.
11) Экстравертивті тип - достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. Олардан бір нәрсе сұраса соны орындайды, зейін қойып тындайды, бірақ жеңілтек. Басқалардың әсеріне бейім, ойланбай бір нәрсе істей салады, әңгіме айтып отыруға бейім, ойланбай көп нерсе жасайды. Көңілді уақыт өткізуге құмар.
12) Интравертивті тип - тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана қақтығысқа түседі. Ұстамды, принциптері көп, қатал сенімдері мен көзқарастары болады. Бірақ бірбеткей, өз идеяларын дәлелдегіш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей береді.
Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жөйт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш типке бөледі: 1. Ойшыл тип - бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2 Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтамал.
Әр мінез ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі таптегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.