Тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері: мінез. Мінездің құрылымы. Э. Кречмер, А. Е. Личко, К. Леонгард, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Мінез қырлары қалыптасуының жастық ерекшеліктері


Э.Фромм бойынша әлеуметтік мінез типологиясы



бет6/8
Дата16.10.2023
өлшемі73,19 Kb.
#115926
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат Псиколоджи

Э.Фромм бойынша әлеуметтік мінез типологиясы.
Э.Фромм әлеуметтік мінез типологиясы: Мазохист-садист. Бұл типті адамдар өмірде болып жатқан сәтсіздіктер мен жағдайларды өзінен іздемейді, ол сәтсіздіктердің бәріне адамдарда ғана кінәлі деп есептейді. Егер ондай адамдар табылмаса, ондай агрессияны өзіне арнайды. Мұндай адамдар өздерінің білімін көрсету мақсатында көп оқиды. Бұларда садисттік тенденциялар да байқалады. Олар басқаларды өздеріне бағындыруды, оларға әртүрлі жарақат жасау, олардың қиналғанын көріп рахаттану сезіміне келеді. Мұндай адамдардың тобына Фромм: Гитлер, Сталин сияқты адамдарды жатқызды. Бұзушы. Фрустрация туғызған объектіні толық жоюға, көзге көрініп тұратын агрессияшылдығымен сипатталады. Өздерінің проблемаларын шеше алмайтын, тығырыққа тірелген, жаманшылық, қорқыныш сезімі үнемі болатын, өзінің интеллектуалды және эмоционалды жағдайларын толық сыртқа шығара алмайтын адамдар. Қоғамда болатын аса үлкен өзгерістерге бұндай адамдар бұл төңкерістердің алдыңғы қатарында болады. Конформист – автомат. Бұндай индивид әлеуметтік немесе жеке бас мәселесінде болатын проблемаларды шеше алмайтын болса, онда ол өзін - өзі түсінуден қалады.Ондай адамдар қоғамдық ортада болатын өзгерістерге тез бейімделіп, сол ортаның талап – тілектерін орындайтын болады. Бұл тип саналы және санасыз түрде кез – келген ортаға бейім.
К.Кречмер бойынша мінез типологиясы

  • Астеникалық – грек тіліне аударғанда “әлсіз” деген мағынаны білдіреді. Олар бала кезінен өте нәзік және сезімтал болып келеді. Нәзік, арық, ұзын, кішкене иықты, беті ұзын, жіңішке, бозарып тұрады.

  • Атлеттік – грек тілінен аударғанда “күрескер” дегенді білдіреді. Бұлшық еттер мен қаңқалары жақсы дамыған, толық, мықты, ұзын, кең иықты.

  • Пикниктік тип – грек тілінен аударғанда “тығыз” деген мағынаны білдіреді. Толық, орта бойлы, үлкен қарынды, қысқа мойынды. Беті кең, жұмсақ, домалақ болып келеді.

  • Дипластик – дене бітімі дұрыс қалыптаспаған адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет