Тұлға туралы қазіргі теориялар.
XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты. 48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.
Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.
Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).
Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.
Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.
Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.
Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |