Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы
Орындаған:Ибрайимова Камола
Мамадалиева Дурдона
Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам ӛмірнің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін канағаттандырмау — біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу — қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет
Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық өмірдің қажетті және жалпы көрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісі жасаушы. Өзінің «Риторика» деген еңбегінде ұлы ойшыл: «…кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сөйлеу, құлақ» — деп көрсетті.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, ӛзгермелі, ӛзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бӛліп кӛрсетуге болады.
1.Ресми қарым-қатынас — қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас — жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы кӛру, достық, жолдастық, жек кӛру, жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас — бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, кӛшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты кӛрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.
4.Кӛлденеңінен қарым-қатынас — бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және кӛлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарамақарсы қоюға болмайды.
5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас — бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас — орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бірбірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.
7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас — адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас — адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарымқатынасты қалыптастыруда маңызды.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі. Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру. Қатысушылардың ӛзара қозғалыс пен әрекет алмасуы. Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да ӛте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бӛлуге болады:
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады.
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топта, ұжымда әркімнің ӛзгелерден гӛрі жиі кездесетін бір адамы болады, кӛпшілігі ӛзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның ӛзгелерден онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке ӛзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін ӛзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып ӛзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы ӛзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек кӛретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда ӛзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың ӛзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен ӛзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.
1-ші лидер жағдайға байланысты ӛзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада ӛзінің дарыны мен шеберлігін кӛрсетеді.Ол осы шараны ӛткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды ӛткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді.
3-ші типі оқушы ӛзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б.
Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» — топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның ӛзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе ӛзгелеріне ұнайтын болады деген сӛз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды.
Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық
үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады
Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды.
Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде мұны «әлеуметтікпсихологиялық ахуал»деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың кӛтеріңкі кӛңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Ӛзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.
Тату-тәтгі ӛмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Назарларыңызға
рахмет
психология