Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері: қабілеті, сана- сезімі, ақыл- ойы, мінезі, қызығушылығы, іс -әрекет



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі80,4 Kb.
#72965
1   2   3
Байланысты:
Бікірбай С

Жеке адам тіршілігінің ӛрісі тар, ол қоғамдық дамудан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп ӛмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін тума қасиет емес, ол ӛмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы ӛмір сүру барысында ӛмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.

Іс-әрекет

  • Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.Затқа бағытталған және белгілі мақсат кӛздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл- ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.

Қорытынды

Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет