Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері: қабілеті, сана- сезімі, ақыл- ойы, мінезі, қызығушылығы, іс -әрекет



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі80,4 Kb.
#72965
1   2   3
Байланысты:
Бікірбай С

Қабілеттің дамуы мен кӛрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар ӛнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, ӛнер, ӛндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Таланттыадам да жасампаз, бірақ ӛзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және ӛнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.

Сана-сезім

Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі.

Мінез

Адамның ісі мен қылығынан кӛрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке ӛзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ ӛмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не кӛпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дӛрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болыпсипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.

Жеке адам тіршілігінің ӛрісі тар, ол қоғамдық дамудан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп ӛмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін тума қасиет емес, ол ӛмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы ӛмір сүру барысында ӛмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет