АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ
Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден 4200 м биіктікке дейінгі аралықта орналасқан таулы аймақты алып жатыр. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы 75,09 мың га (1997 ж). Қорық оңтүстікте және оңтүстік-шығысында көршілес Қырғызстан және Өзбекстан территорияларымен шекаралас жатыр. Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді.
Қорықтың климаты континентті, жыл мезгілдерінің әр қайсысында жауын-шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде,
4 0 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5,6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17,2°С).
Қорықтағы өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 (дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктерден арша, рауғаш, итқұмық, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендірмесі, Қаратау сетені түрлері бар) түрі кездеседі. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Құстардың 238-дей түрі кездеседі. Олардың 123-і қорықтың аумағында жұмыртқаларын басып шығарады, 24 түрі қыстауға ғана келсе, 85 түрі құстардың мезгілдік миграциясы кезінде ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан сақалтай, бүркіт, сұңқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.) түрі кездеседі. Тұяқты жануарлардың ішінде басқалардан көп кездесетіні - таутекелер. 1952 жылы қорыққа бірнеше марал әкелінген болатын. Жыртқыштардан сирек кездесетіні - барыс. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.
|
|
|
Әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Өнеркәсіп
Аудандағы өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі «Түлкібас әк зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Састөбецемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Түлкібас мелькомбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы және «Үміт СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріне тиесілі.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін статистика мәліметіне қарап, талдап өтетін болсақ: сүт өндіру 2006 жылдың I-жартыжылдығымен салыстырғанда 103,1 пайызға өсіп, 24021 тоннаны, жұмыртқа өндіру 104,4 пайызға өсіп, 9036,0 мың дананы, ірі қара мал басы 102,8 пайызға өсіп, 36641 басты, оның ішінде сиырлар саны 101,9 пайызға өсіп, 16956 басты, қой мен ешкінің басы 100,9 пайызға өсіп, 113619 басты, жылқының басы 101,7 пайызға өсіп, 10895 басты құрады.
2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен 6065 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,9 пайызға артқан (2006 жылдың тиісті кезеңінде 5059 ірі қара мал ұрықтандырылған).
Үкімет тарапынан 2007 жылға ауданға-40 млн. теңге субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта 816 шаруашылықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне-34177,2 мың теңгеге өткізілді, яғни 85,4 пайызға игерілді.
«Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы аудан шаруашылықтарына-108,1 млн. теңге несие берілді. Оның-13,9 млн. теңгесі егістік жұмыстарына, мал шаруашылығымен айналысуға-94,2 млн. теңге берілді.
«Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы аудан тұрғындарына-13,8 млн. теңге шағын несие (60 мыңнан-130 мыңға дейін) таратылып берілді.
Аудан бойынша Европалық банктің қайта өндеу саласын дамыту секторы арқылы аудандағы-14 шаруашылыққа 3-4 жылға 16 пайызбен-21 млн. теңге қаржы берілді.
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен өнім көлемі-573,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығы-390,72 млн. теңге). Өнім көлемінің артуынан бюджетке-93,9 млн. теңгеге салық түсімдері түсіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда-43 млн. теңгеге өсті ( 185 пайыз ).
Келтемашат ауылында «МАSHAT Марсель» газдалмаған табиғи ауыз суы шығарыла бастады. Бұлақ суы арнайы орнатылған Қытай-Ресейдің желілерінде тазаланып 5 литрлік полиэтиленді ыдыстарға құйылады. Бұл желіден сағатына 350 ыдыс су шығаруға болады. Қазіргі уақытта жұмысқа осы ауылдың жиырма тұрғындары тартылып, екі ауысымда жұмыс істеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |