Түлкібасы-құт мекен ТҮлкібас ауданының тарихы



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі153,23 Kb.
#19365
  1   2
Байланысты:
22.04.2021ж. Түлкібасы- құт мекен


Түлкібасы-құт мекен

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ

Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды.

1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка селосы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 8 әкім басқарған.

1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка селосы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады.



Аудан басшылары: Әбдуәлиев Қайрат Аманкелдіұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Жанисенов Марат Сүгірәліұлы, Маткерімов Отепбай Амалбекұлы, Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы.

• Құрылған уақыты: 1928 жыл

  • • Көлемі: 2,3 мың шаршы км.

  • • Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 98 км.

  • • Аудан орталығы: Тұрар Рысқұлов ауылы

  • • Ауыл округтерінің саны: 15

  • • Елді-мекендерінің саны: 63

  • • Халқының саны: 106,5 мың адам

  • • Ұлттық құрамы: қазақтар-87,3% орыстар-3,5%, өзбектер-3,1%, әзірбайжандар-2,3%, түріктер-2,2% басқа ұлттар-1,6%





Индустриалды — экономикалық профиль



Аудан өзі өндіретін өнімдердің сан-алуан түрлілігімен ерекшеленеді: дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, бақша дақылдары, сонымен бірге картоп, жүзім және жеміс-жидектер. Тамақ өнеркәсібінің қайта құдейтін кәсіпорындары ауданның өнеркәсіп потенциялының жалпы көлемінде 40 пайызды құрайды. Мұнда «Сана» Корпорациясы» ЖШС-не тиесілі екі қуатты ұн тартатын комбинат жұмыс істейді. 

Өнеркәсіп өндірісінің тағы бір бағыты – пайдалы қазбалар қойнауы мен жатағын өңдеу болып табылады. Түлкібас ауданына Қазақстан бойынша жалғыз түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт орналасқан. Ал, Түлкібас әк зауытының 80 жылдық тарихы бар.

Ерекшеліктер мен көрнекті орындар



Ауданға «тамаша витаминді өнімдер өндіретін алқап» деген абыройлы ат бекем бекітілген. Бұл жерлерде алманың, алмұрттың, іріктің, жүзімнің түрлі сорттарын өсіру үрдісі бірнеше онжылдар бұрын қалыптастырылған. Ал, дәмді ірі экологиялық тұрғыдан таза жемістер Түлкібас ауданының визиткалық карточкасы болып табылады. 

Ауданның ең басты көрнекті жері Ақсу Жабағлы қорығы. Ол 1927 жылы құрылған. қорық флора мен фаунаға бай. Қорық территориясында 55-тен астам құстар пен аңдар түрі және 200-ден астам өсімдіктер түрі бар. Олардың көпшілігі қызыл кітапқа енгізілген.
Табиғаты 

Мақтан тұтар байлығыныз бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.



Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған.













Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет