Тұмау патогенезі



бет2/3
Дата05.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#98930
1   2   3
Байланысты:
Тұмау реферат

Эпидемиологиясы.

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды.

Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғары тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. 
Патогенезі.

Тұмаудың патогенді әсері оның биологиялық қасиетіне. эпителиотроптылығына, улылығына және антигенді әсеріне байланысты. Тұмау вирусы жасуша ішілік еніп, бронх өкпелік жүйені зақымдайды. Вирус жыбырэпителиінде көбейіп, оны зақымдайды. Репликация жылдамдылығы колоссалды, үлкен, сондықтан инкубациялық кезеңі қысқа болады.
Тұмауда жылдам дамитын тамырлық зақымданулар болып, нәтижеде өкпеде толыққандылық, қан талау, ісіну дамиды. Өлім жағдайында тұмаудың гиперулылық формасында өкпеде қан талулар мен геморрагиялық ісіну байқалған.
Тұмауда қарсы тұру қасиеті төмендеп, бактериалды флораның активациясы жүреді. Лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігі, қан сарысуының комплименттарлы қызметі пропердиннің және иммуноглобиндердің өндірілуі төмендейді. Тұмауда бактериалды флораның активациясы үлкен орын алады және өкпенің ауыр зақымдануына, оттит, пиелит, синусит, т.б дамуына алып келеді.

Зақымдану ошағындағы түзілетін гриппозды вирус, ыдырау өнімдері, қолайлы флора организмнің сенсибилизациясына, аллергиялық бұзылыстарға алып келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет